Главная » Файлы » Шығармалар » Өлеңдер/Тақпақтар



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Жаңа жыл 2021 тақпақ, өлең шумақтары
23.12.2020, 13:32

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз,  қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып,  қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім. 
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

 

Жаңа жылға арналған құттықтаулар
 
Бүгін сізге жырдан алқ тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
*
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
*

Жырмен өтсін күнің,
Таусылмасын сырың.
Батқан күнмен кетсін,
Мұңың болса бұрын.

Атқан таңмен атсын,
Ақ арманың гүлің.
Жүзің жарық болып,
Шалқып шықсын нұрың!
Жаңа жылдық тілек,
Осы болсын бүгін!

*

Кейде көңілің калған,
Кейде тәтті балдан –
Дүние бұл жалған,
Қарап көзің талған.

Бақыт нұрын шашсын,
Ататын таң алдан.
Таусылмасын нәсіп,
Толып ақсын арнаң.

Ақталсын пәк үміт,
Жаңа қауыз жарған.
Баянды боп келсін,
Орындалсын арман!

*

Мезгілдері жаңарған,
Ескіргенін елейтін,
Алдағы жыл – ақ арман,
Ассалаума-ғалейкум!

Басталарда жаңа әлем,
Құйылады жаңа нұр.
Жүрекке арман бөлеген,
Қош келіпсіз, жаңа жыл!

Жаңа жылым – әсемсің,
Гүл өндірер түзге де.
Әр сәті Бақ әкелсің,
Достар, достар бізге де!

*

Бақытсыз шырша

Қиылып түбінен
Жұлыны үзілген
Табиғаттың сұлуы…
Әр қилы безендірілген
Жаны шығып кетсе де,
Айрылмай рең түрінен
Тұрған бақытсыз шырша
Табылады әр үйдің төрінен.
Айнала ән сап ойнайды
Жаңа жылды… жо-жоқ
Өлімін сұлу шыршаның
Мәз болып бәрі тойлайды
Біреудің өлімі біреуге
Қалайша шаттық сыйлайды?
Өткізуге өзгеше
Болмай ма осы мейрамды?

*

Жаңа Жыл көркейіп-көбею, өсіп-өну, мақсат-мұраттарға жету жылы болсын!

*

Аппақ қар,

Аппақ дүние,

Аппақ ғалам,

Қойғандай сұлулығын сақтап маған.

Атайық ақ шампанды ырым жасап,

Щалқысын көңіліміз асқақтаған.

 

Жаңа жыл – жаңа ниет, жаңа күнсің,

Ғаламға ғашық болған жанарымсың.

Қалсыншы ескі жылда бар қиындық,

Шаттықтың шарайнасы бола білгін!

*

Қуанышпен келдіңіз бе, Жаңа жыл?!
Мен де саған арнайыншы жаңа жыр.
Есік ашық, дастарқаным жаюлы,
Қарсы алуға не керектің бәрі әзір.

О, Жаңа жыл! Сенсің менің асылым,
Қуанғаннан теңіз болып тасыдым.
Бақытыңды туған елге төге бер,
Жаңа туған менің жаңа ғасырым!

Көтерілдім тағы да бір белеске,
Мұның өзі бір ғанибет емес пе?
Мың жылдықпен қатар келдің, Жаңа жыл!
Сондықтан да сенің жолың ерекше.

О, Жаңа жыл! Менің айтар әнім көп,
Қазақстан тұрған жоқ па сәнім боп.
Бар халықпен достығымыз жарасып,
Өтейікші бірге туған бауыр боп.

Жаңажылда бақыт қандай, нұр қандай!
Бар әлемге салтанатын құрғандай.
Әрбір халық сөйлегенмен әр тілде,
Жаңа жылда бір тілек те туғандай.

Қараңыздар, жаңа жылдың ақ таңын,
Тым ерекшегүл жайнайды бақтарым.
Жалғыз тілек: қазақ халқы өсе бер!
Сенің арқаң ел боп менің жатқаным

*

Аман болсын отбасың,

Жамандықтан сақтасын.

Жаңа жылдың түнінде,

Бақыт ашсын қақпасын!

*

Жаңа жылда саған тілерім: 12 ай ауруды сезбей, 53 апта тек жақсылықтарды көріп, 365 күн бақытқа кенеліп, 8760 сағатты сәттілікпен өткізіп, 525600 минут махаббатқа мас болып, 31536000 секундты  қуанышты сәттермен өткіз!

Жаңа Жыл жарылқасын!

*

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. Халқымызда “Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп” деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. 2012 жыл біз үшін берекелі де жемісті болды.

Біздің көпұлтты өңірімізде татулық пен достықтың, ынтымақтастық пен бірліктің бұзылмас қамалы қалыптасты. Осы ымырашылдық бізге кезкелген қиындықты жеңуге септігін тигізуде. Келер жыл толағай табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, мемлекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ береке,бақыт пен шаттыққа кенеле берсін!  Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Жаңа жылдарыңызбен, ардақты ағайын!

*

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,

Келіп, міне, жатырмыз,  қауқылдасып...

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-

Ғасырдың он екінші жылы келді,

Құстай ұшып,  қырау шалған қанаттары!

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім. 

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

*

 

Жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы болсын!

*

Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын,арман-үміттер ақталатын жыл болсын.

*

Достар, мен мына қолдарыңдағы жүзім шарабы құйылған бокалды біз тағатсыздана күтіп отырған, есік қағып кіргелі тұрған Жаңа жыл үшін көтерулеріңізді сұраймын.  Лайым Жаңа жыл барлығыңа тек қана  жаңа қуаныш, жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін! Ортамыз ойсырамай, Алла тағала жылдан жылға аман – есен жеткізе берсін!  Бәріңе мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңдер демекпін!

Жаңа жыл құтты болсын!

*  

Ескі жылдың қайғы-мұңын,өкпе – наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен,  таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа жылдың  өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады. Достар, біз де өкпе-назымызды, өкініш-мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі жылға қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық,  бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік.

Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз  гүлге толсын!

*

Құтты болсын жаңа жыл мерекеңіз,
Арта берсін жақсылық пен берекеңіз
Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа нұрға
Толы болсын әрдайым керегеңіз!

Арылмасын жаныңыздан жақсылық,
Алдыңыздан шықпасын еш жат қылық
Лүпілінен жүректердің күлімдесін,
Қуаныштан шаттана жүздеріңіз!!!!!
*
 
Жаңа жыл құтты болсын, достар! 2012 жылы орындалмаған барлық ізгі армандарыңыз 2013 жылы орындалуына тілектеспін! 2013 жыл "әттең-ай" деген сөзден "шіркін -ай" деген уақиғаларға толы болсын! Жаңа жылды жақсы қарсы алыңыздар!
*
 
Барша халқымды жаңа-жыл мерекелерімен құттықтаймын! Елімізде тек тыныштық, амандық болсын, көк аспанымыз ашық, көк туымыз желбирей берсін. 2013 барша халқыма тек қуаныш сыйласын.
*

Мезгілдері жаңарған,
Ескіргенін елейтін,
Алдағы жыл – ақ арман,
Ассалаума-ғалейкум!

Басталарда жаңа әлем,
Құйылады жаңа нұр.
Жүрекке арман бөлеген,
Қош келіпсіз, жаңа жыл!

Жаңа жылым – әсемсің,
Гүл өндірер түзге де.
Әр сәті Бақ әкелсің,
Достар, достар бізге де!

*

Жаңа жылда шаңырағыңа
Шаттық енсін тағы да.
Құстай ұшып армаңына,
Бақыт қонсын бағыңа!
 
*
 
Шын жүректен Сізді келе жатқан
Жаңа жылыңызбен құттықтаймыз!
Жаңа жыл сізге және сіздің жақындарыңызға зор
денсаулық, бақ-береке, мол дәулет сыйласын!
Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл
армандарыңыз орындалып, өміріңіз сиқырға бөленсін!
Жаңа жыл құтты да ырысты болсын!
 
*
 
Санаулы күндерден кейін табалдырығымыздан аттайтын жаңа _____жылмен шын журектен  құттықтаймыз!
Үміт пен сенімге толы осы сәтте өткен жылды қортындылаймыз. Алдымыздағы жаңа мақсат-міндеттерді белгілейміз. Өткен жыл еліміз үшін шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің жылы болды деп айтуға болады. Олай болса келе жатқан жыл кең байтақ елімізге молшылық, қасиетті жерімізге құт-береке әкелсін деп тілейік. Елімізді өркендету жолындағы еңбегіңізге мол табыс, отбасыңызға бақыт пен шаттық тілейміз!
Жаңа жыл құтты болсын!

 

Аяз әже

Шана жеккен бұғымен,

Жаңа жылдың жүгімен,

Бір ақсақал келді де

Зікір салды түнімен.

 

Жаңа жылдың есігін,

Ащы, тәтті несібін

Ашып берер ақсақал

Аяз ата – есімі.

 

Аяз ата мырза екен,

Бала біткен ырза екен;

Сыйлық дорба жыл бойы

Осы жерде тұрса екен.

 

Қызыл, жасыл, тоқсары,

Шұғылалы шоқтары;

Жымыңдайды шыршада

Сансыз үміт оттары.

 

Айналумен шыршаны,

Алдарқатып баршаны,

Қоян болып, ат болып,

Аяз ата шаршады.

 

Сөз тигенде шөжеге,

Шақырды да көжеге

«Аяз ата, кел»- деді,

«Бірге Аяз әжемен».

 

Жаңа жыл кешінде

 Бақ бере жаңа жыл маңдайыма?

Тілегім ақ кіршіксіз қардай мына.

Өткен жылдың күйініш- сүйінішті

Ырзық дәмі келгендей таңдайыма.

 

Аяз ата келе ме қызыл шырай,

Сағынғанға кәмпит ап, қалын сұрай.

Мақта қыздар майысса белін бұрай,

Қырау жігіт қызықтар қырын қарай.

 

Асыла ма сыбаға ыстық пеште,

Айтыла ма ертегі қысқы кеште.

Көңіл тозбас замандас, көйлек тозар

Көне жылым қалсын де мәңгі есте.

 

Жаңа жыл, шырша

Жаңа жылда, шыршада

Шалқытыппыз біршама-

Байпақ қайда, бас қайда?

Су жетпей тұр мұршаға.

 

Шампан аштық баршаға,

Шашу шаштық қаршаға.

Есіркеуге ескіні

От тамыздық аршаға.

 

Ақ шаһарға жол салдық,

Тойладық да томсардық.

"Жарылқа" деп "келген жыл"

Жаңа таңды қарсы алдық.

 

Жылдарды да ғасырды

Уақыт қырдан асырды.

Тылсым айғақ сан сырды

Болашақтан жасырды.

 

Өткен жылдар қаншама

Сынақтарға салса да

Өмір деген театрдан

Шалдықпа достым шаршама.

 

Жаңа жыл шамы

Жаңа Жылдың түнінде

Шамын жақ та үміттің-

Ойың болса  түңілген

Жағып жібер, ұмыт қыл.

 

Ұмыт өкпе, мұңыңды,

Ымырт аяз ызғарын.

Сөкпе өткен күніңді,

Тарту еткен тұз, дәмін.

 

Күндеріңді ғайыптың

Бесігіне бөленген

Күміс әнге шайып бір

Есіңе ал өлеңмен.

 

Жаңа Жылдың түнінде

Джаздан болсын жыр – әнің.

Жақсылыққа тігілген

Маздай берсін шырағың.

Категория: Өлеңдер/Тақпақтар | Добавил: Admin
Просмотров: 112 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
0
2 Admin   [Материал]
Жаңа жыл туралы

Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.

*
Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.

Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.

*

Міне тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл балалар.
Жадыратып жер үстін
Төрімізге ол шыққан.

*

Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.

Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!

0
1 Admin   [Материал]
Қош келдің, жаңа жыл!

Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға

Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың.

Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.

Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]