Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Материктер мен мұхиттар географиясы (7 сынып) (практикалық жұмыстар)
[ Скачать с сервера (1.93 Mb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [География]
20.04.2017, 19:18

Материктер мен мұхиттар географиясы (7 сынып)
№ 1, 2, 3, 4, 5, 6, практикалық сабақтар

№ 1 практикалық сабақ

Тақырыбы: Жоспар бойынша «Атлас карталарына сипаттама беру»

Мақсаты: Оқушыларға атлас карталарының мазмұны, құрылымы, масштабы, аумақты қамтуы туралы білімін қалыптастыру. Атлас карталарды қолданудың әдіс-тәсілдерін қалыптастыру. Кескін карталарды безендіруде эстетикалық талғаммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Атлас, кескін карта, түрлі түсті бояу қарындаштар.

Орындалатын жұмыстар:

1-тапсырма. Атлас картаның мазмұнымен танысып сипаттама беру.

2-тапсырма. Жоспар бойынша атласта берілген бір картаға сипаттама беріңдер.

  1. Картаның атауы
  2. Қамтып жатқан көлемі
  3. Масштабы
  4. Мазмұны
  5. Карта жасауға қолданылған проекция түрі
  6. Географиялық жағдайы
  7. Шартты белгілеріне сипаттама жасау

3-тапсырма. Сипаттама берген картаны кескін картаға түсіру

4-тапсырма. Қорытынды жасап, тұжырымдау.

 

 

 

 

§25. №2 практикалық сабақ.
Тақырыбы: «Жекелеген аумақтарға кешенді сипаттама»

 

Мақсаты: Оқушыларға атлас картаны пайдалана отырып, Африка материгі­нің бір еліне кешенді сипаттама беру арқылы білімін қалыптастыру; Жоспар бойынша кешенді сипаттама беруге дағдыландыру; Елді, жерді,табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Атлас, кескін карта, түрлі түсті бояу қарындаштар.

Орындалатын жұмыстар:

  1. Жоспар бойынша өзі қалаған бір елге кешенді сипаттама беру.

А) Елдің аты, астанасы, жер көлемі, халқының саны

Ә) Карта бойынша географиялық орнына сипаттама беру, шеткі нүктелерін анықтап координаталарын табу

Б) Жер бедері, пайдалы қазбалары

В) Климаты

Г) Ішкі сулары (алаптарға бөлінуі, шаруашылыққа қолданылуы)

Д) Табиғат зоналары

Е) Топырағы, өсімдіктері, жануарлары

Ж) Айналысатын шаруашылық түрлері

З) Экологиялық жағдайы, қорғауға алған аймақтары

  1. Осы елді кескін картаға түсіру
  2. Қорытынды жасау
Категория: География | Добавил: anarbaetova
Просмотров: 1645 | Загрузок: 51 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]