Главная » Файлы » Балабақша » Технологиялық карта



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Үй құстары және үй жануарлары (тех.карта)
[ Скачать с сервера (15.9 Kb) ] 22.01.2018, 08:12

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Көшім ЖОББМБК-нің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Лукпанова Улболсын Есниязовна

Ұйымдастырылған іс-әреетінің технологиялық картасы.

Сыныбы: 0 «а»

Білім беру саласы: Катынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы:Үй құстары және үй жануарлары.

Мақсаты: үй құстарымен,үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап,балалардың үй құстары,үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға,оларды күте білуге баулу және құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:құстардың,үй құстардың,үй жануарларының суреттері.

Б \м: әтеш-петух;  құстар-птицы; жануар-животное.

                                    Оқу іс-әрекетінің барысы:

Оқу іс-әрекетінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.Сезімді ояту.

1)Үнтаспадан құстардың сайрағаны,судын сылдырлап аққан дыбысын тыңдату.

-Әуеннен не естідік?

-Құстар неліктен әртүрлі сайрайды?

 

 

Балалар тыныш отырып тыңдайды.

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

-Қауып төнген кезде құстар шырылдап,өздерінің балапандарына ескертеді.Балапандар тамақ жегісі келгенде шырылдайды.

Ұйымдастыру кезеңі

Суретпен жұмыс.(ауыл көрінісі)

-Ауылда қандай малдар жайылып жүр?

-Сиыр, ешкі, қойдан не аламыз?

-Биенің сүті, түйенің сүті қалай аталады?

Ойын: «Төлін тап»

 

Ғ.Мүсіреповтің «Үй жануарлары» әңгімесін оқу.

Әңгіме бойынша сұрақтар қою.

 

 

 

 

Тіл ұстарту жаттығуы.

Да-да-да, малдар толды қораға.

 

-Үй құстарына қандай құстар жатады?

 ә)үлгі бойынша балапанның суретін бастырып салады,аяқтайды.

 

              Сергіту сәті.

Тіктеп титтей құлағын,ботам былай жүреді.

Сыртылдатып тұяғын,бұзау оған ереді.

Алға созып мойынын,ойнақтайды ботақан,

Көкке қарай мұрынын шүйіреді бұзауқан.

 

в) Мақал жаттату.

Мал өсірсең, қой өсір,

Өнімі оның көл-көсір.

 

г) Жұмбақ шешу.

 Мінсен –желдей жүйіткиді,

 Көңілің таудай өседі,

 Алып ұшар алысқа

 «Ер қанаты» деседі.   ( жылқы)

 

д) Д\о: «Үй құстары»

шарты: балаларға үй құстарының суреттері таратылып беріледі.

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

Тыңдайды.

 

 

Балалар  үй құстарының қасиеті мен пайдасы жайлі әңгімелейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақтың жауабын табады.

 

 

 

 

Ойынға бәрі қатысады.

Оқу іс-әрекетін қорындылау.

-Немен таныстық?

-Үй құстарды атаңдар?

-Үй жануарларын атаңдар?

-Үй жануарларының қандай пайдасы бар?

-Үй құстарының қандай пайдасы бар?

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

Күтілетін нәтиже:

1.Балалар үй құстары,үй жануарлары туралы мәлімет алады.

2.Өзіңе тән қасиеттері туралы пікірлерін айтуға,еркін ойларын жеткізуге үйренеді.

3.Үй жануарлары мен үй құстарына қамқор болуға тәрбиеленеді.

Категория: Технологиялық карта | Добавил: Admin
Просмотров: 414 | Загрузок: 16 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: