Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Жаңа жыл, жаңа күн! (Жаңа жыл сценарии 2017-2018)
[ Скачать с сервера (31.1 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Мерекелік іс шаралар]
21.12.2017, 06:49

Тақырыбы: « Жаңа жыл, жаңа күн »
(Жаңа жылдық кеш)
Сыныптар: 8 «а», 8 «ә» және 7 «а»
Өткізген: Сидегалиева Ж. Т.

(Ортаға жүргізуші шығады)
Жүргізуші: Армысың, аманбысың жаңа жылым
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Қой жылы келгенде сый ғып тартып
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Жаңа жыл - жаңа әннің тербелуі,
Жаңа жыл ақ арманның өрленуі,
Жаңа жыл партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.
Жүргізуші:
Құрметті ата - аналар, қонақтар және оқушылар. Жаңа 2015 жыл - "Қой жылы" бәрімізге құтты болсын. Жаңа 2015 Жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен құттықтаймын. Жаңа Жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа Жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Келер Жылда отбасыларыңызға құт - береке, денсаулықтарыңыз күйлі - қуатты, бақыттарыңыз баянды, көңіл - күйлеріңіз тамаша болсын. Алдағы Жыл Сіздерді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын. Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша қазақстандықтарымызға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін. Бүгінгі жаңа жылдық кештен жақсы әсер алыңыздар. "Кел, Жаңа жыл" атты мерекелік іс - шараны бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Жаңа жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп кала берсін!
Төрлетіңдер, төрлетіңдер,
Шырша сәнін көріңдер.
Әсем ән мен би билеп
Күй - жырларын төгіңдер.
Би. «Флешмоб ». Орындайтын 8 сынып қыздары
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
«Көңілді парлар» ойынын ойнаймыз. Сайыс 3 турдан тұрады: өнер, сурет, мода.
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды
Құрметті оқушылар бүгінгі жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата келе жатыр деген хабар алып тұрмыз. Балалар жаңа жыл мерекесінің көркі Аяз ата емес пе! Аяз ата мен Ақшақарсыз жаңа жыл бола ма?
Дұрыс айтасыңдар, ендеше балалармен қосылып Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.
Барлығы: Аяз ата, Ақшақар! 3 - рет
Жүргізуші:
Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар,
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар
Аяз ата келеді Ақшақармен
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Жүргізуші:
Айтыспай - ақ ән орындап, әнмен шақырайық.
Ән. Жаңа жыл. Орындайтын Амантайқызы Райхан
Аяз ата:
Амансыңдар ма, балалар!
Сәлеметсіздер ме қадірлі қонақтар!
Жаңа жылдарың құтты болсын
Денсаулықтарың мықты болсын
Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын
Егеменді еліміз көркейе берсін
Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңдер!
Аталарың сендерге
Асау желмен алысып
Шаршап келді алыстан
Ақша қар мен Ескі жыл
Олар да жүр қасымда
Өздеріңдей балалармен
Сағынысып табысқан.
Балалар: Сәлеметсіздер ме, Аяз ата, Ақша қар!
Аяз ата: Ал, балаларым біз Ақша қар екеуіміз алыс жолдан шаршап келдік. Сендер ән айтып, би билеңдер, біз дем алайық.
Жүргізуші:
Аяз ата қаншама жол жүріп келдіңіз. Мына орындыққа отырып дем алыңыз.
Ақша қар: Ән айтып, би билеген балаларға беретін тәтті кәмпитіміз бар. Ал, босқа тұрмайық, көрсетіңдер өнерді, мен өзім бастап берейін.
Би. «Флешмоб ». Орындайтын 7 сынып
«Құпия зат». Испания елінде ең алғаш шығарған. Ойлап тапқан 1958 жылы Энрике Бернатом. Конфет жеп тұрған баласына қарап ұрысқан әйел адамды көргеннен кейін, осы затты ойлап тапқан. Ең үлкені әлемде 725 грамм тұрады.
Жүргізуші: Балалар, осы Жаңа жылымыз қайда? Неге шақырмаймыз?
Ақша қар: Барлығымыз қосылып Жаңа жылды ортаға шақырайық.
Барлығы: Жаңа жыл! 3 - рет. Музыка ойнайды. Атқа мініп билеп келеді.
Жүргізуші: Кел, төрлет, Жаңа жылым. Құтты жылым.
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.
Аяз ата: Амансың ба, Жаңа жыл! Балалар биылғы келген жыл - Қой жылы.
Ал, Жаңа жыл!
Келген қадамың құтты болсын!
Сән әкелген жыл бақыт жылы болсын!
Береке, бірлік, татулық, ырыс жылы болсын!
Халықтар достығы нығая берсін!
Елбасымыз салған сара жолмен үнемі алға дами берейік!
Жаңа жыл:
Қой жылы жақсылыққа бағыттаған
Қоймын мен жаңа жыл
Жаңа жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл!
Жылқы жылының мерекесін
Мерекеге жалғаймын
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.
Ескі жыл:
Келеді жылдар, келеді айлар ауысып,
Жылқы жылы мен қой жылы да ауысып,
Береке бірлік бейбітшіліктің төрінде,
Тұрайық әр кез татулықпенен қауышып.
Ақша қар: - Аяз ата, Ескі жылды шығарып салайық.
Аяз ата:
- Дұрыс айтасың, Ақша қар! Ал, Ескі жыл сен құтты жыл болдың. біз
ризамыз саған, Ескі жыл! Ал, сау бол, Ескі жыл!
Жаңа жыл:
Ал, Ескі жыл, аман бол
Ізбасарың мен болам
Аман болсын деп тіле
Елім, жерім, кең далам.
Ескі жыл:
Біздің елде өткен жылы
Жылқы жылы тыныштық
Ал ұмтылдық біз есейдік
Жақсылыққа тырыстық
Ескі жылым жылан жылы
Қош аман бол көргенше.
Жүргізуші:
Ал, достар бізге реніш жоқ шығар. Құрметпен жылқы жылын шығарып салайық.
Барлығы: Сау бол, Ескі жыл! 3 - рет.
Жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алға тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың,
Көргендер де, көрмегенде арманда
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
Ән. «Жаңа жыл ». Орындайтын Отаубаев Ақболат
Жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр
«Шатастырмақ» ойыны. Ортаға 6 оқушы шығады. Жұмбақ жасырылады:
1. Адам есектен неге құлайды? (Жерге құлайды)
2. Төрт күзетші, бір парта (үстел)
3. Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе (есіміміз)
4. Мені ешкім түсінбейді, неге? (Себебі ол ешкі ғой)
5. Патша өте дәмді және мінсіз етіп сорпа пісіртеді. Бірақ патша бұл сорпада бір кемшілік бар дейді. Зындандағы тұтқынға бір кесе сорпа құйдырып бір ұрттатады да «Егер осы сорпаның несі кем екенін тапсаң сені бостамын» дейді. Тұтқын патшаға сорпаның несі кем екенін айтып бостандыққа шығады. Сұрақ: сорпаның несі кем еді?(Тұтқын сорпаны ұрттағанда бір ұрттамы кеміген еді. Соны айтып бостандыққа шығады)
6. Бір кісі найзағай жарқылдаған сайын шашын тарайды екен, неге? (Себебі фотоға түсіп жатырмын деп ойлайды екен)
7. Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не? (а әрпі)
8. Үйдің ең суық жері (сырты)
9. Король кімнің алдында тәжін шешеді? (шаштараздың)
10. Машинаның қай дөңгелегі айналмайды? (запастағы)
11. Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі? (Алма ағашында)
12. Қай сұраққа болымды жауап берілмейді? (Ұйықтап жатсың ба?)
13. Жүзе алмайтын адам суға түссе қалай шығады? (Үсті су болып шығады)
14. Алфавиттің ең соңғы әрібі? (т)
15. Жеген сайын жылататын нәрсе? (таяқ)
16. Алма жегенде ішінен құрт көруден де жаман не болуы мүмкін? (Құрттың жартысын көрген)
17. Теңіздің суы неліктен тұзды? (Балықтар иістеніп кетпес үшін)
Жүргізуші: Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң болсын,
Төрлет, төрлет Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!
Би. « Аяз ата биі». Орындайтын 7 сынып қыздары
«Көңілді бишілер» ойыны. Үш оқушы шығады, газеттің үстіне тұрып билейді. Кім көп жыртады, сол оқушы жеңімпаз болады.
Жүргізуші:
Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!
Жүргізуші:
Жаңа 2015 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмыстағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып турайды. Қай -қайсымыз болсақта осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2015 жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа 2015 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!ш
Мың бұралған ақ қайыңдай,
Қыздар шықсың ортаға.
Ал, ендеше қол соғайық,
Қошеметпен қарсы алайық.
Жаңа жыл - туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл - шуылдаған жаңа ормандар.
Ал, мынау - мәңгібақи жаңа дүние,
О, сәлем, жаңа жылда жаңарғандар
Аяз ата: Ал, балалар, біз Ақша қар екеуіміз тамаша дем алдық, ойнадық, би биледік. Біздің баратын жерлеріміз көп. Сендер сияқты талай қонақтар тағатсыздана тосып отыр.
Иә, Аяз ата халқымызға бата бере кез келді ғой деймін.
Аяз ата: бата береді.
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Денсаулықтарың мықты болсын!
Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын!
Егеменді еліміз көркейе берсін!
Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңдер! Әумин!
Ал, балалар біз Ақша қар екеуіміз аттанайық. Сау болыңыздар балалар!
Ақша қар: Сау болыңдар, балалар! Келесі жаңа жылда кездескенше.
Барлығы: Сау болыңыздар, Аяз ата, Ақша қар!
Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылда шақырады бар өмір,
Бақыт болып, жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!
Жаңа жыл - қой жылы әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен берекеғ қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын! Жаңа Жыл құтты болсын! Адам баласы жаңа Жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа Жылға көп үміт артады. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, біз Сізге алдағы Жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш - қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын деп тілейміз. Өткенге риза болып, жаңа Жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа Жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік!
Барлығы: Жаңа жыл құтты болсын!
Жүргізуші: Ей, Жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым,
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың
Адамдардың асқақтаған арманы
Ақындардың таусылмайтын жырысың.
Құттықтау сөз ата - аналарға беріледі.
Сау болыңыздар!

Категория: Мерекелік іс шаралар | Добавил: Admin
Просмотров: 5751 | Загрузок: 191 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]