Главная » Файлы » Балабақша |
[ Скачать с сервера (20.6 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ертеңгіліктер] |
14.11.2016, 16:30 |
«Балбөбек» тобының 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік сценариі: «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...» Дайындаған: Тусупбаева С. С. Аманбаева Ж.Ж
Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.Ананы құрметтеу, сылай білуге, балалардың бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достық қастерлей білуге тәрбиелеу. Әлемнің жарығын сыйладың сен маған... Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.Ананы құрметтеу, сылай білуге, балалардың бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достық қастерлей білуге тәрбиелеу. Жүргізуші: Келді көктем күнін, Күлімдейді гүлің – Алтын ойлы Анам, Мерекеніз бүгін. Жүргізуші: Балалар тақпақтарымызбен аналарымызды қуантайық.
Айналайын, ақ анам Менің анам сүйкімді Бәрінен де жақсы адам Той пердесін ашайық Аналарды құрметтеп Ән маржанын шашайық.
Ізгілікті сақтармын, Сенен алғам өнегем, Ақиқатты жақтармын.
Сұлулықтың негізі, Әдемі сөз баланың Ана айтар лебізі.
Ана – гүл Ана – қуаныш, Ана – жыр. Жүргізуші: Балалар аналар әлемдегі ең әдемі және мейірімді жандар. Мерекемізді қарсы алайық, аналарымызға ән сыйлайық. «Құттықтаймын мама!» әнімізге тұрайық. Жүргізуші: Аналарымызды әнмен құттықтадық, «Рокн-ролл» биіне шақырамын. Жүргізуші: Балалардың тақпақтарын тамашалайық:
Бал күлкілі баламыз. Бізге қымбат күн шуақ, Бізге қымбат анамыз.
Ризамын саған, Тіліңді алам, Ақылды болам.
Жұмсағанда тіл алам, Ойыншыққа толтырды Айналайын ақ мамам.
Бал күлкілі баламыз, Бізге қымбат күншуақ, Бізге қымбат анамыз! Жүргізуші:Қазір біз ата- аналар сіздерге «Қызыл телпек» ертегісін ұсынамыз. Жүргізуші: Ерте – ертеде бір кішкентай қыз болыпты. Оны Қызыл телпекті қыз деп атапты. Анасы оған бір күні: Анасы:Қызым, әжеңе барып, денсаулығын біліп, мына бәліш пен құмырадығы майды апарып бар. Тек орманда абайла, еш жерде кідірме және ешкіммен әңгімелеспе. Жүргізуші: Қызыл телпекті қыз сол сәтте әжесіне аттанып кетеді. Ол анасының айтқанын ұмытып, жолай соқпақ жолдан орманға қарай бұрылады. Жүргізуші: Келе жатып орманда айнала ұшып жүрген көбелектерді көреді. «Көбелектер» биі. Жүргізуші: Қызыл телпек балаларды ойын ойнауға шақырады. «Гүлзар» ойыны. Ойын шарты: Екі жерде жатқан құрсаулардың ішіне балаларды шақырамыз. Өлең қосылған кезде балалар құрсаулардан шығып айнала билейді. Ал өлең аяқталған кезде тез арады құрсаудың ішіне кірулері керек. Соңғы құрсаудың ішіне кірген бала ойыннан шығады.Ойынды бастайық! Жүргізуші: Қызыл телпектің алдынан қасқыр шығады. Қасқыр: Қызыл телпек, қайда барасың? Қызыл телпек: Мен әжеме барамын. Оған бәліш пен май апарып беремін. Қасқыр: Әжең қайда тұрады? Қызыл телпек: Әжем орманның аржағында тұрады. Қасқыр: Жарайды. Онда мен де сенін әжеңнің ауылына барып қайтайын. Қал жағдайын білейін. Ондай болса екеуіміз жарысайық. Сен болсаң ана жолмен бар, ал мен мына жолмен барамын. Жүргізуші: Қызыл телпек ұзақ жолға түседі. Ол жол жөнекей гүл теріп жүреді, ал Қасқыр тура ауылға барады. Апасы: Бүгін Қызыл телпек келуші еді. Әлі жоқ. Неге кешігіп жатыр екен? Есік қағылады. Апасы: Бұл кім? Қасқыр: Мен Қызыл телпекпін. Апасы: Жіпті тартсаң есік ашылады. Қасқыр кіріп отырады. Апасы: Құлыным сен келдің бе? Қалың қалай? Құлыншағым сенің көзің неге үлкейіп кеткен? Қасқыр: Сені жақсы көру үшін. Апасы:Ал құлағың неге үлкейіп кеткен? Қасқыр: Сені жақсы есту үшін әжетай. Апасы: Ал тістерің неге үлкейіп кеткен? Қасқыр: Сені жеу үшін. Апасы: Болмайды, болмайды! Қасқыр: Неге олай? Апасы: Өтйкені мен жалғыз емеспін. Менің достарым, балалар бар. Олар шымыр, мықты, ештенеден қорықпайды. Ызаланба, ашуланба, бүгін мереке ғой. Қасқыр: Қандай мереке? Жүргізуші: Бүгін 8 наурыз мерекесі.Біз бүгін аналарды құттықтау керекпіз. Қасқыр: Ал мен болса, құттықтай алмаймын, ештене де істей алмаймын. Жүргізуші: Уайымдама Қасқыр мырза! Біз саған көмектесеміз. Иә, балалар. Балалар: Иә. Жүргізуші:Балалардың әжелерге дайындаған тақпақтарын тамашалайық.
Сыйлап жақсы көремін Қуантайын деп оны Өлең айтып беремін.
Айтатын ән, беретін гүлім дайын. Әжетай сізді жақсы көрем деп, Ақырын құлағына сыбырлайын.
Жақсы көрем апамды Сырмақ сырған оюлап, Жақсы көрем әжемді.
Ұл мен қыздың бағы әжем, Ертегі айтып бер десең, Айтып берер тағы әжем.
Әлпештейді көңілімді. Әкем, шешем анасы Әркез тілер өмірімді.
Алтын әжем, күн әжем, Апам үшін, мен үшін, Нағыз ана – тіл әжем.
Күндей күліп келеді Көп ертегі біледі Маған айтып береді. Мен гүлдерді жұлмаймын, Торғайларды қумаймын, Айтқан сөзді тыңдаймын, Апашымды сыйлаймын. Қызыл телпек апасын 8 Наурызбен құттықтайды: Қызыл телпек: Әжетай, 8 Наурызбен құттықтаймын. Апасы: Рахмет ботақаным. Маған бәліш пен май алып келіпсің ғой! Жүргізуші: Енді балалар үй жинауға көмектеседі. «Әжелер және олардың көмекшілері» ойыны. Ойын шарты: Екі әже және олардың немерелері қатысады. Әр команданың алдына төрт конус қойылады. Қатысушылардың міндеті шарды сыпыртқымен жыланша ирелеңдетіп сыпыру. Кім бірінші бітіреді, сол жеңеді. Қасқыр: Енді мен үй жинауды да білемін, тақпақты да айтамын. Рахмет сендерге! Жүргізуші:Балалар, біз қасқырға үй жинауды, тақпақ айтуға үйреттік. Енді сендерді көңілді әуенге шақырамын. Би: «Әжемнің ертегісі» Апа: Сендер менің көңілімді көтердіңдер, Ал мен сендерге құр қол келген жоқпын. Сендерге арнап сыйлық әкелдім. Апа: Сауболыңдар, балалар! Жүргізуші:Құрметті аналар сіздерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Әр отбасыларыңызға қуаныш, бақ береке тілейміз. Бүлдіршіндеріміздің жетістіктері мол болсын! Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды. Сауболыңыздар! | |
Просмотров: 21274 | Загрузок: 306 | |
Всего комментариев: 0 | |