Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім:Рахимова.М
Сабақтың атауы Баяндауыш
Мақсаты
Күтілетін нәтиже 1. Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
2. Оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
3. Оқушыларды өз ана тілін сүюге, құрметтеуге, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Түрі: бекіту
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын.
Көрнекілігі: «Болашақбаспалдағы», ту, жұлдызшалар, сызбалар.
Психологиялық ахуал Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
- Міне балалар, ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі - туған тіліміз қаақ тілі сабағын бастаймыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|