Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Жаңа жыл ертеңгілігі 2017-2018 (2 кіші топ)
[ Скачать с сервера (37.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ертеңгіліктер]
21.12.2017, 06:59

Жаңа жыл ертеңгілігі 2018 (2 кіші топ)


Залдың іші әсем мерекеге сай безендірілген. Ортада алып шырша. Көңілді әуен ырғағымен балаларға залға кіреді, отырады.
Қайырлы күн балақайлар!
Ақшақар:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Кел, балалар келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Балалардың кіруі. Жартылай шеңберге тұрады.
Ақшақар:
Кел жаңа жыл жаңа жыл
Қарсы аламыз, біз сені
Ақ көңілмен пәк көңілмен
Бақшамыздың төрінде.
Ән: «Кел, кел, жаңа жыл»
Аққаланың кіруі:
Қар жауғанда, топ бала
Соқты мендей Аққала.
Мұрным - сәбіз, үп-үшкір
Көзім көмір, қап-қара.
Көне шелек басымда,
Сыпырғышым қолымда.
Мұз айдынды ашуға
Келгендеймін мен мұнда!
Сәлеметсіңдер ме достарым! Балалар, тонып отырған жоқсындар ма мен сендердің қаншалықты зерек екендеріңді білгім келеді. Дұрыс айтқан кезде сендер алақандарыңды соғындар (шапалақ), ал дұрыс емес болса – аяқтарымен топылдатасыңдар (бірге топылдату). Дайынсыңдар ма? Бастаймыз!
Аққала:
Жаңа жыл – сүйікті мереке (шапалақ)
Жаңа жылда Аяз атаны күтеміз (шапалақ)
Шыршаны безендіреміз (шапалақ)
Жаңа жылды жаз айларында атап өтеміз (топылдату)
Жаңа жылда сыйлық күтеміз (шапалақ)
Аққаланы шөптен, гүлден жасаймыз (топылдату)
Мыстан кемпірмен орманға барамыз (топылдату)
Ақшақармен ән айтамыз (шапалақ)
Аққала:
Жарайсыңдар! Зерек екенсіңдер!
Би: Аққалалар /Санжар, Нұрәлмидин, Саша, Рома, Амир, Темир, Адияр, Елгелді, Алихан/
Ойын: Жаңа жылдық қапшық
Аяз ата:
Амансындар ма, ұлдарым,
Амансындар ма, кыздарым!
Қандай әсем жырларын.
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан.
Аталарың сендерге
Сыйлықпен келді алыстан.
Аяз ата: Әдемі де көңілді балақайлар! Шыршалардын әсем, жұлдызы қандай жарқыраған! Осы жұлдыз маған жол сілтеп ,сендердің мерекелеріңе алып келді! Жаңа жылды қарсы алуға дайынсыңдар ма ?!
Ақшақар: Иә ,атай, барлығы ойдағыдай! Бірақ шыршамыздың шамдарын жарқырату керек !
Аяз ата:Дұрыс айтасын, Ақшақар, менімен бірге қайталандар!
Аққала: Қазір біз бірге «Шырша шамы жарқыра»-деп айтсақ, шыршамыздың жарқырап шамдары жанады. Қане, бәріміз бірге айтайық, ата-аналар бізге көмектесіңіздер.
1,2,3
Шырша шамы жарқыра.
Шыршаға жан бітеді.
Тақпақтар (барлық бала)
Амир:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Нұрәлмидин:
Шыршада әнге қосылды,
Шырқайтыны жаңа жыр.
Шаттық нұры шашылды,
Өйткен, бұл-жаңа жыл.
Дана:
Мерекеге келдік,
Тақпақ айтып бердік.
Ойыншықтары тізілген,
Шыршаны да көрдік.
Айпірім:
Қуантып елді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым,
Бір жасқа енді.
Саша:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Міне, сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Алихан:
Жаңа жыл! Жаңа жыл!
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
Рома:
Жаңадан тақпақ,
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ
Ән: Шырша
Ойындар:(Кім бірінші? Жаңа жылдық боулинг)
Би: Шыршалар /Дана, Айпірім, Медина/
Ән: Аяз ата
Кел балақай, шырша дайын,
Қол ұстасып, ән саламыз.
Жаңа жылдың жарқын айын,
Бименен қарсы аламыз.
Хоровод
Ақшақар, Аяз Ата, Аққала
Жаңа жыл елімізге, жерімізге,
Баршамызға құт, береке алып келсін!
Осымен жаңа жылдық кешіміз аяқталды,
Келесі жаңа жылға дейін аман болыңыздар!

Категория: Балабақшадағы ертеңгіліктер | Добавил: Admin
Просмотров: 5867 | Загрузок: 164 | Рейтинг: 3.5/6
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]