(Сценарий - мектептен тыс мереке)
1,2,3,4 сыныптар
«Қош келдің,жаңа жыл 2018!»
1.Құттықтау сөзі:ұстаздар
Ортаға жаңа жыл қонақтарын шақырамыз:МДС,1,2,3,4,сынып кіреді
2.Жүргізуші Нұрдана: Уа, халайық, жараңдар,
Айналаға қараңдар.
Қызық көріп шат болып,
Шалқып күліп, тараңдар.
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр.
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті деп.
Қыстың әнін шырқауға шақырамын.
3.(Шыршаны айнала Шыршаға барамыз әні орындалады.
4.Жүргізуші Нұрдана: Ал ,енді балалар көңілді би билейік.
4 –сынып оқушыларының биі,сіздер қайталаңыздар.
5.Әрі қарай мерекемізді жалғастырамыз.Ортаға 2-сынып оқушыларын шақырамыз.Оқушылардың жаңа жыл мерекесіне арнаған өлеңі бар.«Жасыл шырша жанында»
6.Жүргізуші Нұрдана: Ақ киімді денелі ақ сақалды,
Тондырады қасындағы тірі жанды.
Үсті-басы - ақ қырау, демі суық,
Жетіп те қалған шығар ертіп алып Ақшақарды.
- Балалар, бұл кім туралы айтылған деп ойлайсыңдар. Ендеше ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Жүргізуші: Ал біз балалар бәріміз бірігіп, Аяз атаны шақыруды жалғастырайық.
7.Аяз ата: Амансың ба ұлдарым,
Амансың ба қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
(Аяз ата мен Ақшақар балалармен амандасады.)
8.Жүргізуші: Қош келдіңіздер. Біз сіздерді мерекемізде көруге шын жүректен қуаныштымыз.
9.Аяз ата: Біз де сендерді көруге,
Халдеріңді білуге,
Асулардан асып,
Аппақ қарды басып жетіп қалдық.
10.Ақшақар: Жаңа жылмен құттықтап,
Ойнап-билеп, күлуге келдік міне, балалар!
11.Ақшақар:Жаңа жылдың көркі шырша оның сәні ,оның жамған шамдары.Сондықтан да Аяз ата шамды жақсақ қалай қарайсыз,А балалар.
12.Жүргізуші: Қане балалар, Аяз атаның құрметіне бір ән салайық!
«Аппақ қар» әні орындалады.
13.Аяз ата: Қасымда бар ақшақар,
Ол да ренжіп қалмасын.
Балаларым тілерім,
Оған да бір жаттау сыйлаңдар.
14.(Жүргізуші балаларға Ақшақардың құрметіне Мектепалды даярлық сыныбының және 1 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.(жаттау)
15.Ақшақар: Рахмет, балалар мені сыйлап құрметіме ән шырқап жатқандарыңаМенің де сендерге арнап әкелген көңілді сыйлығым бар.
16.(Ақшақар балалармен көңілді ойын өткізеді.
Ортаға 2,3,4,сынып оқушыларын ортаға шақырамын (КЕГЛИ)
17.Жүргізуші: Олай болса, Ақшақар екеуіңіз шыршаның түбінде отырып демалыңыздар. Ал біздің балалар сіздерге арнап дайындаған сый-сияпатын көрсетпекші.
18. 2-сынып оқушыларының биі:Қыздар биі
19.Аяз ата: Шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер балалар.(балаларға кәмпит береді)
20.Аяз ата: Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан.
Керемет бір би көргім,
Келіп тұр-ау демалғым.
21.Жүргізуші:Ортаға 3 сынып оқушыларын шақырып ,билерін тамашалайық. «Көкпар биі»
22.Оқушыларға кәмпит беріледі.
23.Жүргізуші: Ортаға Мектепалды даярлық сынып ,1-сынып оқушыларын шақырамыз.Ойын
24.Аяз ата:Бәріңде өнерлі оқушылар екенсіңдер ,сіздерге көп рахмет.қазір мен сендерге әкелген сыйлығымызды берейін.Сыйлықтар беріледі.
Аяз ата: Балалар, мен біраз дем алдым. Арқа – басым кеңіп, ашу- аязым кеміп барады.
Бүйте берсем мен Аяз емес, тамыз болып кетемін. Сендерге көп рахмет. Алыс-
алыс ауылдар, өздеріңдей қауымдар күтіп отыр біздерді. Дорбамдағы
базарлықты сендерге таратып берсем балалар. Сендермен қоштасатын сәт
туды. Қош сау болыңыздар, балалар.
Аяз ата ,ақшақар кетеді
25.Жүргізуші: Жаңа Жыл құтты,табысты, бақытты жыл болсын деп мерекемізді аяқтаймыз.
Оқушыларды шеңберге тұрғызып,әділ-қазылар сыйлық береді.
|