Регистрация | Вход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Егер керек рефератынды таба алма жүрсен бізге айт
mariДата: Воскресенье, 02.12.2012, 00:31 | Сообщение # 21
Лейтенант
Группа: Проверенные
Сообщений: 30
Награды: 0
Репутация: 6
Статус: Offline
Quote (Гость Салтанат)
Маған "Экология құқығы" тақырыбына реферат керек


Салтанат сізге "Экология құқығы" табылды:
1. ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану — коғамның экономикалық даму барысын жетілдірудін міндетті шарты.
Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану коғамның дамуының конституциялык қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады.
2. Экологиялык құқық — бұл осы кезең мен болашактын адамдардың мүдделері үшін коғам мен табиғат аясындағы қарым-катынасқа байланысты коғамдық қатынастарды ретгейтін жана құкык салаларының бірі болып табылады. «Экология» — бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз — «Жер» туралы ғылым.
Алғашқы рет бұл ғылыми терминді 1866 жылы неміс ғалымы Геккель ұсынып және ұзак уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде тар аяда колданылды. Ол өзінін әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болды, өйткені тура осы кезден бастап адам мен орта және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Экология — тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-катынасты анықтайтын ілім ретінде колданылады.
Табиғат — санада және санадан тыс жүретін объективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты негізгі 3 түрлі қызметті атқарады:
1. Жердегі өмірге кажетті биологиялық жағдайды қамтамасыз ететін экологиялық қызмет;
2. Адамдардың материалдық кажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі болып табылатын экономикалык кызмет;
3. Адамның жан дүниесінің қалыптасуына әсер ететін негіз — құлықтылык қызмет.
Адам — табиғаттың эволюциялық даму нәтижесінін өнімі. Табиғатқа қатынасына байланысты ол — оның әсерін байқайтын, өмірдің жаратылысынан тәуелді болатын, оны қоршаған ортаның объектісі ретінде және табиғи ресурстарды пайдаланатын, өзінің шаруашылық қажеттіліктерін шешу үшін табиғатты бейімдеуші субъект ретінде танылады.
Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы негізі 2 нысандағы қоғамдық қатынастар негізінде — табиғат ресурстарын пайдалану мен табиғатты қорғауда көрініс табады. Табиғат ресурстарын пайдалану — материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған қоғамнын экономикалық мүддесімен анықталады. Табиғатты қорғау — қазіргі кезең және болашак ұрпақтар үшін коршаған табиғи ортаның сапасымен байланысты қоғамның экологиялық даму мүддесі болып табылады. Бірақ, тірі организмдердің (соның ішінде адамның да, қоғамның да) жалпы қоршаған ортамен емес, табиғи ортамен байланысты екендігін де көрсету керек. Сондықтан, экологияны сөзбе-сөз түсіну үшін,тек табиғи ортамен ғана өзара қарым-қатынас болған жағдайды айту керек. Міне тек осы жерде ғана табиғатты дамыту (жақсарту) туралы, экологиялык заңдарды сақтауға аса назар аудару керек. Қоршаған ортада — бұл әлеуметтік экологияның заты емес. Әлеуметтік экологияға, оның құрамдас бөлігі ретінде құқықтык экология кіреді. Құқықтық экология деп — қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан туындайтын коғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын айтамыз. Құкықтық экологияның анықталуының бірі болып, экология құқығы танылады. Экология құқығы — бұл қазіргі және болашақ ұрпақ үшін коршаған табиғи ортаны тиімді пайдалану мен корғауға байланысты қоғам мен табиғаттың карым-қатынасын анықтайтын қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің экологиялық қызметінің дамуы — экология қүкығы деген атқа ие болған жаңа қүқықтык бірліктің кұрыл-уына алып келді. Құқық саласының құрылу процесі объективті түрде негізделінеді, яғни табиғатты қорғау немесе коршаған ортаны қорғау туралы басты реттеуші заңньщ болуы және бол~ мауына байланысты емес. Бұндай заңның түрлерінің болуы берілген бірлестіктің ішкі даму процестерінің нәтижесі болып табылады, егер оның өмір сүруі халықтың түбегейлі кажеттіліктерінен туындайтын болса.
Экология құқығы, құқык саласы ретінде біздің ортақ үйіміз өмір сүру мүдделері үшін коғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланыстарға жету мақсатында экологиялык қоғамдық қатынастарды жүзеге асыратын арнайы тәсілдерді реттейтін құкықтық нормалардың жүйесін құрайды.
Кез келген жүйе — біріккен, жүйе құрайтын факторларды ретке келтіруші көптеген элементтерден тұрады.
Экология құқығының әдістері — қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланыска жетуге бағытталған, олар табиғатқа да, коғамға да катысты зандылықтардың құкықтык, реттелуінің сақталуына негізделеді. Экология құқығы 3 негізде окытылады: пән ретінде, сала ретінде, ғылым ретінде.
Экологая құқығы сала ретінде — экологиялык құкықты сала, пән ретіндегі танудың ғылыми ілімдерінің жүйесін құрайды. Экологиялық құқыкты — құқык саласы ретінде тану үшін біз белгілі бір зандарға жүгінеміз, оның нормаларына түсінік береміз.
Экологиялық құкықты оқу пәні ретінде біз, теориялык және тәжірибелік сұрақтарын камтитын оқыту әдістемесіне және де кұқық нормалары мен олардың тәжірибе жүзінде жүзеге асыру қажеттілігін білуге мән береміз.

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҚОЛАЙЛЫ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚҰҚЫҒЫ
Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құкықтары — Қазақстан Республикасындағы жалпы табиғатты пайдалану құқығының негізгі бөлігі және азаматгардың денсаулығын сақтауға байланысты конституциялық құқықтардың құрамдас бөлігі болып табылады.
ҚР-ның Конституциясы бойынша азаматтардың құқықтары табиғатты корғауға байланысты тазарту шараларын кең түрде жүргізумен қамтамасыз етіледі.
Қоршаған ортаны тазарту — адамның өмір сүру ортасының сапасы мен адамның денсаулығы үшін шаруашылык кызметтердің зиянды салдарын жою және ескертуге бағытталған техникалық ұйымдастырылған, құқықтық, санитарлық-гигиеналық шаралардың жиынтығын құрайды. Азаматтың қолайлы қоршаған ортаға құқыктарының объектісі болып, табиғи ресурстар табылады: таза атмосфералық ауа, су, табиғи аймақтар, ормандар, ұлттық табиғи парктер, рекреациялық аймақтар, санаториялык-курорттық орындар, т. б. Азаматтардың бұл құкықтары Қазақстан Республикасының зандарында ары қарай дамуы көзделген. Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтарына — адамдар және оны қоршаған орта үшін зиянды салдарын төмендетуге және ескертуге, халықтың демалысқа, еңбек пен тұрмысты жақсарту шарттарына, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және басқа да қоғамдык ұйымдардың санитарлық-гигиеналық шараларды жүргізу міндеттілігі сәйкес келеді.
1997 жылы 15 шілдеде қабылданған «ҚР-ның қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 5-бабына сәйкес, азаматтардын. қоршаған ортаны қорғауға байланысты құқықтары мен міндеттері көрсетілген.
Әрбір азаматтың және ҚР-ның аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдіктердің өз өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай-күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы зандардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтеуін алуға құқы бар.
Азаматтардың:
— белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды корғау және толықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға катысуға;
— қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар құруға;
— қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жиналыстарға, митингілерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;
— коршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік, органдар мен ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды карауды талап етуге;
— коғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;
— кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды әсерге де объектілерді орналастыру, салу, кайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ак занды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық және өзгеде қызметін шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды талап етуге;
— айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардын бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуі туралы сотка талап арызы беруге;
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін заң алдындағы жауаптылық
Қазакстанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны корғауға байланысты мемлекет белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялык заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі.
Экологиялык құқық бұзушылық дегеніміз — жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялык кұкыктары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге коршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқықка қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл.
Экологиялық кұкык бұзушылық белгілерін қарастырайық:
> Құқық бұзушылық кінәсінің болуы. Кінә — ол құқық бұзушынын жасаған кұкыкка карсы әрекетіне психикалық қатынасы, ол касақана не абайсызда болуы мүмкін. Мысалы, заңсыз аңға шығу, ормандағы ағаштарды заңсыз кесу тек қасаканалы болады, ал судың, жердің, ауаның ластануы абайсызда болуы мүмкін.
> Құқық бұзушының құқыққа қарсы мінез-құлқы. Бұл экологиялық нормалардын және баска да заңдардың бұзылуын білдіреді.
> Экологиялық құқық бұзушылыктың қоғамға қауіптілігі коршаған табиғи ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтіретін нақты зиянның болуы немесе келтіру қаупінің болуын қарастырады.
> Құкыкка қарсы әрекет пен келтірілген зиян арасындағы себепті байланыстың болуы.
> Кұкык бұзушыға заңды жауаптылык шараларын қолдану, яғни жазалану белгілері қолданылады.
Экологиялық құқық бұзушының жасалған уақытта, әдетте, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, экономика мүдделеріне көп аспектілі зиян келтіріледі. Экологиялык зиянның болуы экологиялык құқык бұзушылықтың болуына парапар келеді. Бұл зиян бірден байкалмай, ұзак уакытқа созылуымен ерекшеленеді. Сонымен катар қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін емес. Экологиялык зиян табиғаттың жай-күйінің өзіне әсер етеді.
Экологиялық кұкық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық 16 жастан басталады. Кейбір кезде, мысалы, мемлекет корғауындағы табиғи кешендер немесе объектілерді касакана жойғаны немесе бүддіргені үшін 14 жастан басталады.
Экологиялық кұкык бұзушылық әр түрлі болады. Олар келтірілген зиянның сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
> қоршаған табиғи ортаны және жекелеген табиғи объектілерді (орман, су, жер койнауы және т.б.) ластау;
> табиғи объектілерді бүлдіру, бұзу, жою (жерді бүлдіру, Қызыл Кітапқа енгізілген жануарларды жою, орманды ағын сулармен қүрту және т.б.);
> табиғи корлардың азып-тозуы;
> табиғи ресурстарды тиімсіз (мақсатсыз) пайдалану (мысалы, суды ысырапсыз пайдалану жөне т.б.).
Экологиялык кұқық бұзушылық жасағаны үшін оның артынан әкімшілік, қылмыстық, азаматтық құқықтық, тәртіптік және материалдық жауаптылық басталуы үшін.
Әкімшілік жауаптылықтың басталуына әкелетін экологиялық құкық бұзушылықтың тізімі Әкімшілік құкық бұзушылық туралы кодексте белгіленген. Оған мыналар жатады: табиғи ресурстардың, қоршаған ортаның ластануы, азаюы; табиғи ресурстардың бүлінуі, жойылуы; кәсіпорын, құрылыс ғимараттарын және басқа да объектілерді жоспарлау, орналастыру, салу, қайта өндеу және пайдалануға дайындау, пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзу. Мұндай істерді соттар, ішкі істер органдарында, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны корғау министр-лігі органдары және т.б. карастырады. Осыған байланысты жазалар (санкциялар) қолданылады: айыппұл төлейді, ескерту жасайды және мүлкін тәркілейді.
Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиян үшін жауаптылықтың ең қатаң түрі қылмыстық жауаптылыққа тарту болып табылады. Экологиялық қылмыс жасағаны үшін қолданылады. Экологиялық кылмыстардың барлық түрі Қазакстан Республикасының Қылмыстьщ кодексінде көрсетілген. Олар мыналар: атмосфераны ластау, теңіз айлағын ластау, жерді бүлдіру, заңсыз аң аулау, атом энергетика объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, экоцид және т.б. қылмыстар.
Экоцид — өсімдік немесе жануарлар әлемін жаппай кыру, атмосфера, жер және су ресурстарын уландыру, сонымен қатар экологиялык апаттарды тудыратын немесе себепші болатын әрекеттерді жасау.
Азаматтық-құқықтық жауаптылық азаматтарға экологиялық зиянның орнын толтыру үшін ақшалай немесе мүліктік айыппұл салуды көздейді. Ол кінәліні кылмыстык, әкімшілік немесе баска да жауаптылықка тартуға қара-мастан бастала береді.
Тәртіптік жауаптылыққа— кәсіпорындарда табиғатты корғау шараларын өткізуге жауапты және өзіне жүктелген міндеттерді орындай алмайтын лауазымды кызметкерлер тартылады.
Материалдық жауаптылық деп кәсіпорын қызметкері өзіне жүктелген еңбек міндеттерін дұрыс орындамағаны нәтижесінде оның кінәсінен кәсіпорынға келтірілген мүліктік зиянды өндіруді айтамыз.
Сонымен, экологиялык мәселелерді бірігіп шешу қажет. Табиғаттың ластануы, бүлінуі аясындағы өзекті мәселелерді тек мемлекеттер мен халыкаралык ұйымдар бірлесе отырып қана шеше алады.
Жылдан жылға экологиялык кылмыстар мен өзге де құқық бұзушылыктар саны өсуде. Олардың коғамдық қауіпсіздік жағдайына ықпалы да жоғарылап бара жатыр. Экология саласындағы кылмыстар елдің экономикасына ғана зиян келтіріп коймай, сондай-ақ адам тіршілігіне биологиялық негізін жояды.
Әрдайым экологиялық құқық бұзушылықтың салдары экологиялық-құқыктық жауаптылықка әкеліп соқтырып отырады. Мұндай жауаптылықтың бес түрі бар — әкімшілік, қылмыстык, азаматтық-құкықтық, тәртіптік. материалддық жауаптылықтар.
 
ГостьДата: Пятница, 07.12.2012, 13:47 | Сообщение # 22
Группа: Гости





БАЛАЛАРДЫ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАМЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР ТУРАЛЫ ТАУЫП БЕРЕ АЛАСЫЗДАР МА?!
 
ГостьДата: Понедельник, 10.12.2012, 18:47 | Сообщение # 23
Группа: Гости





Өтініш маған Ақпараттардың және олардың қауіпсіздіктерінің қаупі жайлы толық мағлұматтар кажет
 
mariДата: Понедельник, 10.12.2012, 20:31 | Сообщение # 24
Лейтенант
Группа: Проверенные
Сообщений: 30
Награды: 0
Репутация: 6
Статус: Offline
Quote (Гость)
Өтініш маған Ақпараттардың және олардың қауіпсіздіктерінің қаупі жайлы толық мағлұматтар кажет


мынаны қарап көр:
Прикрепления: 7968429.docx (24.8 Kb)
 
ДаниярДата: Пятница, 21.12.2012, 18:28 | Сообщение # 25
Группа: Гости





маган пробныйдын 3200-3220 дейінгі нұсқалары керек?!
 
ГостьДата: Среда, 30.01.2013, 10:58 | Сообщение # 26
Группа: Гости





тустер системасы
 
DoniДата: Понедельник, 25.02.2013, 14:09 | Сообщение # 27
Группа: Гости





Жылу электр станциясының пайдасы мен зияны
 
карлыгаДата: Понедельник, 11.03.2013, 19:31 | Сообщение # 28
Группа: Гости





өтинем маган бугинге реферат керек еди такырыбы Казакстанын импорты мен экспорты отинем
 
mariДата: Понедельник, 11.03.2013, 20:00 | Сообщение # 29
Лейтенант
Группа: Проверенные
Сообщений: 30
Награды: 0
Репутация: 6
Статус: Offline
карлыга, ренжімеңіз таппадық
 
ГостьДата: Пятница, 15.03.2013, 20:28 | Сообщение # 30
Группа: Гости





маған химиядан органикалық қосындылардың қышқылдығымен негіздігі және органикалық молекулалардың кеңістіктегі құрылысы туралы реферат, тест, сөзжұмбақ, анаграмма, ребус, слайд қажет тез арада
 
Поиск:
Новый ответ
Имя:
Текст сообщения:
Код безопасности: