Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

"Ғажайып Жаңа Жыл 2021" сценарий


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ертеңгіліктер]
20.12.2020, 12:04

"Ғажайып Жаңа Жыл 2021"

жана, жыл, сурет

Ақшақар: Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Бүгінгі Жаңа Жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар. Байқаймын балалар кешігіп жатырған секілді. Мен оларды Ормандағы ғажайып Жаңа Жылға шақырып едім.

Сол кезде телефон шырылдайды.

Ақшақар: Алло, бұл кім?

(Телефонның ар жағынан дауыс естіледі)

- Алло, Бұл "Ақыл" тобы. Біз есікті аша алмай тұрмыз, есік тек ғажайып шырша ғана аша алады.

Ақшақар: Ол қалай?

- Шырша түбінде ата-аналарға арналған сұрақтар бар. Сол сұрақтарға жауап берсе ғана есік ашылады.Тездетіңіздерші біз мерекені бастауға асығып тұрмыз.

Ақшақар: Жарайды, жарайды.

Ендеше шырша түбіндегі сұрақтарды алайын. Бұл жерде үш сұрақ бар екен.Ортаға 3 ата-ана шыға қойсын.

1. Сіз Жаңа жылға Аяз-атадан қандай сыйлық алғыңыз келеді?

2. Жаңа жылға арналған қандай тақпақ білесіз?

3. Қандай жаңа жылдық ән білесіз, бір шумағын айтып беріңіз.

Есік ашылып, балалар ішке кіреді.

Қане, балаларымызды қошеметпен қарсы алайық.

Балалар, шыршаны айнала тұрайық. Ормандағы ғажайып Жаңа Жыл мерекесіне қош келдіңіздер балалар. Бүгінгі мерекені әннен бастайық.

Ән "Шырша жыры"


Ақшақар: Өте жақсы . Балалар, орнымызға отырайық.

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын, - деп балалардың тақпағын қабыл алыңыздар.

Ақшақар: Өте жақсы. Балалар, Жаңа Жыл мерекесіне кім жетіспейді? Олай болса Аяз атаны ортаға шақырайық. Аяз Ата 3рет

Аяз ата кіреді: Амансыз ба, ұлдарым,

Амансыз ба, қыздарым.

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан, асау желмен жарысқан,

Аталарың сендерге Шаршап келді алыстан.

Ақшақар: Аяз ата отырыңыз. Ал балалар, сіздер Аяз атамызға арнап тақпақ айтыңыз

Ақшақар: Өте жақсы балалар.

Тақпақ айтылғаннан кейін жарық сөніп жанып қарақшылар кіреді.

1 Қарақшы: Аха, сендер Аяз атаны бізден бұрын шақырып Жаңа жыл тойлағыларың келе ме?

2 Қарақшы: Олай болмайды. Біз Аяз атаны алып кетеміз. Байлаңдар Аяз атаны.


3 қарақшы: Аяз атамен бірге жаңа жылды ең бірінші болып біз тойлаймыз, сендер емес.
Қарақшылар аяз атаны сыйлық қапшығымен бірге алып кетеді. Ақшақар жылап қалады.


Ақшақар: Енді не істейміз? Аяз атасыз жаңа жыл бола ма?

Қасқыр мен қызыл телпек кіреді.

Қасқыр: Саламатсыздар ма, Бұл кім жылап отырған?

Қызыл телпек: Ақшақар ғой жылап отырған.

Қасқыр: Ақшақар, сен неге жылап отырсың?

Ақшақар: Біз Жаңа жыл мерекесін тойлап бастағанда қарақшылар келіп Аяз атамызды алып кетті. Енді не істейміз?

Қасқыр: Ақшақар сен мұңайма, мен қарақшыларды тауып сазайларын беріп, аяз атаны тауып әкелемін.

Ақшақар: Рас па, көп көп рахмет саған қасқыр. Ең алдымен балалармен бірге ән айтайық көңіл көтеріп. келісесің бе, қасқыр?

Қасқыр мен қызыл телпек: Жарайды, қандай ән айтамыз?

Ақшақар: "Жасыл шырша жанында" деген ән. Қане бәріміз шыршаны айналып ән айтайық.

Қасқыр: әнді жақсы айтады екенсіңдер. мен аяз атаны алып келейін. (шығып кетеді)

Ақшақар: Балалар, қызыл телпекке арнап тақпақ айтайық.

Түлкі мен бауырсақ кіреді.

Түлкі: Саламатсыздар ма, балалар. сендер неге Жаңа жылды Аяз атасыз өткізіп жатырсыңдар?

Бауырсақ: Аяз атаны шақырған жоқсыздар ма?

Ақшақар: Шақырдық. Аяз атамыз келіп еді, бірақ қарақшылар алып кетті.

Түлкі: Мен Аяз атаны тауып әкелемін. Менің қулығыма барлығы алданып қалады, сол секілді қарақшылардыда алдаймын. Ол үшін маған күш қуат беретін қандай өнерлерің бар?

Ақшақар: Түлкі бауырсақ екеуіңіз біздің балаларымыздың көрінісін тамашалаңыз. Көрініс "Өгей шеше мен қыз"

Түлкі: Бауырсақ екеумізге балалардың көрінісі ұнады, солай ғой, бауырсақ?

Бауырсақ: иа, ұнады.

Түлкі: Ендеше қарақшыларды қулығыма түсіруге кеттім.

Ақшақар: Сен, бауырсақ, төрлет. Балалар саған арнап жаңа жылдық тақпақ айтсын.

Ақшақар: Сонда да аяз атаның жоқтығы білініп тұр, Аяз атамыз табылса екен.

Осы кезде Аю мен Маша кіреді.

Аю: Саламатсыздар ма, балалар. Бұл не деген сөздер? Аяз аталарың қайда?

Ақшақар: Аяз атамызды қарақшылар ұрлап алып кетті.

Маша: Көңіліңізді түсірмеңіз, Ақшақар. Аю досым Аяз атаны тауып әкеледі.

Аю: Иә, мен Аяз атаны тауып акелемін.

Ақшақар: Рахмет, саған Аю. Маша екеуіңіз балалардың биін тамашалаңыз.

Ер балалрдың "Сайқымазақ" биін тамашалаңыздар.


Аю: Балалар сендердің билеріңіз ұнады, жақсы билейді екенсіңдер. Мен аяз атаны іздеп тауып әкелейін.

Ақшақар: Рахмет саған Аю, жолыңыз болсын. тездетіп Аяз атаны тауып акеліңіз.

Ақшақар: Біздің Аяз атамыз қашан келеді екен?

Қызыл телпек: Қарақшыларды кім тоқтата алады Мыстан ба?

Ақшақар: Жоқ

Бауырсақ: Сиқыршы ма?

Ақшақар: Жоқ

Маша: Айдаһар ма?

Ақшақар: Жоқ

Осы кезде Орман иесінің дауысы шығады: Бұл не болғаны, мен орман иесімін. Қарақшылар осы орманның мазасын алды ғой. Мен оларды Орманнан қуып шығамын.

Осы кезде Қасқыр, Түлкі, Аю қарақшыларды ұстап ішке кіреді.

Қарақшылар: Кешіріңіздер біздерді. бізден бір білместік кетті. Біздің барар жеріміз жоқ. Орманнан қумаңыз.

Қасқыр, Түлкі, Аю: Балалар қарақшыларға кешірім береміз бе?

Қарақшылар: Рахмет сіздерге, сау болыңыздар.

Үш бұғымен Аз ата кіреді.

Аяз-ата: Сіздерге көп көп рахмет. Мен шаршап келдім демалып отырайын.

Ақшақар: Аяз ата аман сау келгеніңізге қуанып тұрмын балаларда қуанышты, солай ғой балалар.

Балалар: Иә.

Ақшақар: Балалар, Аяз атамыз шаршап келіпті қане атамызға арнап тақпақ айтайық шаршағаны басылсын.


Ақшақар: Балалар, біздің шыршамызға не жетіспейді? Аяз Ата қане сиқырыңызбен Шыршаны жағайық.

Аяз ата: Балалар бірінші ән айтсын, сосын жағамын.

Ақшақар: Олай болса балалар Аяз атамызбен, келген қонақтармен ән айтайық.Ән "Қуант, бізді, таңырқат"

Ақшақар: Қандай әдемі біздің шырша. Қане қыздар шыршаға арнап би билейік. Би "Ақшақар"

Қасқыр, Түлкі, Аю: Балалар, ойын ойнаймыз ба? Ойын

Мешін жылы кіреді: Бір жыл бойы сендермен,

Бірге жүріп ойнадым.

Енді міне балалар,

Кезек келді қоштасар.

Аяз ата: ескі жыл саған көп көп рахмет. Қой жылы баршамызға жақсы жыл болды.

Осы кезде сағат соғылады.

Жаңа Жыл Сиыр жылы кіреді: Қуанатын шақ болсын,

Достарымыз ақ болсын.

Бізге келген жаңа жыл,

Құт береке бақ болсын!

Ақшақар: Қош келдіңіз Жаңа жыл сиыр жылы. Балалар Жаңа сиыр жылымен бірге ән айтайық. Ән "Жаңа жыл"

"Көңілді би"

Аяз Ата: Жаңа жыл арамызға келіп, көңілім шаттанып қалды. Балалар, сендерде шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер, мен сендерге акелеген сыйлығымды берейін.

Ақшақар: Баршамызға Жаңа жылымыз құтты болсын!

Категория: Балабақшадағы ертеңгіліктер | Добавил: Admin
Просмотров: 37030 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.6/9
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]