Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Кәсіпорын персоналының құрамы мен құрылымы
[ Скачать с сервера (103.6 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экономика]
02.06.2017, 13:59

Мазмұны

Кіріспе .................................................................................................. 4

I. Кәсіпорын персоналының құрамы мен құрылымы
1.1 Кәсіпорын персоналының негізгі сипаттамасы ............................ 6
1.2 Өндірісті ұйымдастыру.................................................................. 7

ІІ. Құрылыстағы персоналдардың еңбек өнімділігі және еңбекті
нормалауды талдау
2.1 Кәсіпорында жұмысшылардың еңбекақысы, еңбекті
нормалауды бағалау............................................................................ 9
2.2 Еңбек өнімділігін талдау................................................................ 20

III. Еңбек өнімділігін жақсарту жолдары
3.1Еңбек өнімділігін жоғарылату......................................................... 24
3.2 Өнімділікті арттыру құралдары.................................................... 26

Қорытынды .......................................................................................... 32
Әдебиеттер тізімі ..................................................................... 34


Кіріспе

Персонал кез келген, оның ішінде инновациялық даму бағытындағы кәсіпорынның маңызды ресурстарының бірі болып табылады. Инновациялық кәсіпорынның негізгі қызметі өнімдік және үдерістік инновацияларды әзірлеу және енгізуге, өзінің инновациялық және технологиялық базасын үнемі жетілдіріп отыруға, сонымен қатар білім қалыптастыру мен таратуға, қызметкерлерінің негізгі кәсіби және шығармашылық дағдыларын үнемі жетілдіріп отыруға бағытталған.
Қазіргі экономикалық жағдайда компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі оның қызметкерлерінің кәсіби және жеке әлеуеті анықталады. Қоғамдық өндірістің басты факторларының бірі - жұмыс күші. Сондықтан персоналды бағалау маңыздылығын түсінген компаниялардың көпшілігінде, бастапқы міндет қызметкерлердің тиімділігін анықтау болып табылады. Компанияның нәтижелі, тиімді, жақсы және озық жұмыс істеуі тілекей персоналдарға байланысты болады, Яғни қызметкерлері білікті және білімді болса, жұмыс нәтижесі де жоғарғы деңгейде болады. Қазақстандық кәсіпорындардың проблемаларының бірі олардың персонал жағдайына аса назар аудармау болып табылады. Олар жұмыс нәтижесіне көп көңіл бөледі де, жұмыс процесіне және персонал жағдайына назар аудармайды. Бұл жағдай компанияның тиімсіз жұмыс жасауына әсер етеді. Персоналды бақылау, бағалау, мотивациялау, аттестациялау, ынталандыру және ұйымдастыру кәсіпорынның ең маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Кәсіпорында адам ресурстарын басқару жүйесінің ең маңызды элементтерінің бірі кадрлық бағалау болып табылады. Қызметкерлерді бағалау оның мақсаттары мен кәсіпорынның бизнес стратегиясын сәйкес тұрғысынан сапа көрсеткіші болып табылады.
Кәсіпорынның персоналын басқарудың өзіне тән ерекшеліктері бар, атап айтқанда, басқарудың ерекше түрі, бойында белгілі кәсіби және шығармашылық қабілеті бар, жоғары білікті қызметкерлерді тартатын, әрбір қызметкерге тұлға ретінде жоғары талап қойылатын кадрларды іріктеудің ерекше жүйесі, дәстүрлі ұйымдарда сирек кездесетін, инновацияларды жүзеге асыруға жауапты қызметкерлердің жекелеген санаттарының, ұйымның корпоративтік мәдениетінің болуы.
Қазіргі экономика жағдайында персоналдың білімін жаңарту, білім деңгейін, құзіретін арттыру кәсіпорынның қызмет ету тиімділігін арттырудың маңызды факторы болып табылады. Сондықтан интеллектуалды ресурстарды басқару стратегиясын жасақтау мен жүзеге асыру инновациялық даму бағытындағы кәсіпорынның жалпы бәсекелестік стратегиясының қалыптасуы мен іске асырылу жүйесінің негізін құрайды. Кәсіпорынның интеллектуалдық ресурстарын басқару стратегиясын құру тұжырымдамасы постиндустриалды экономикада кәсіпорын персоналы шешуші факторлар қатарына жатады деген ережеге негізделеді.
Нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында әрбір кәсіпорынның жұмыс істеуі мен дамуы және бәсекелестік нарықта өз орнын табуы тікелей жұмыс күшіне байланысты. Ал жұмыс күші экономикалық теорияда былай түсіндіріледі, яғни адамның дене және ой қабілеттілігінің жиынтығы, оның жұмысқа деген алғырлығын айтамыз.
Кәсіпорында жұмыс істейтін жіне оның тізімдік құрамына кіретін әртүрлі кәсіби маамандығы бар жұмысшыларын – кадрлар дейміз. Осы кәсіпорын жұмысшылары туралы сөз болғанда “кадр, персонал, еңбек ресурстары” терминдерінің ұғымын бір – біріне ажырата білуіміз қажет.
Әр студент құрылыс алаңын да болып өздерінің тәлімгерлерінен көп жайды үйренеді. Оқу кезінде өздері таңдаған тас қалаушы, әрлеуші және басқа да күнделікті өміріміздегі аса қажетті мамандықтардың қыр-сырын жетік меңгеруге талпынады.
Олардың арасында болашақта еліміздің мақтанышы боларлық талапты жастардың аз еместігіне өз басым кәміл сенемін. Студенттеріміз уақыт талабын терең түсінеді. Сондықтан колледж қабырғасындағы жылдарды барынша тиімді пайдаланып, өз саласының нағыз шебері атануға тырысатындықтары бәрімізді де қуантады.
Жұмыс күші болашақ тауар ретінде өзін еңбек рыногына өткізеді, өзінің әлеуметтік – экономикалық қатынастар болып саналатын жалдауға беретін жұмыс күші туралы арасындағы пайдалануды корсетеді. Рыногте еңбекақы мөлшері және жұмыспен қамтылу жағдайы тіркеледі.
Курстық жұмыс үш тарауға бөлінген. Бірінші тарауда кәсіпорын персоналының құрамы мен құрылымы, өндірісті ұйымдастыру, кәсіпорын персоналының негізгі сипаттамасы теориялық тұрғыда қамтылған.
Екінші тарауда құрылыстағы персоналдардың еңбек өнімділігі және еңбекті нормалауды талдау еңбек өнімділігін талдау кәсіпорында жұмысшылардың еңбекақысы, еңбекті нормалауды бағалау көрсеткіштері талданады.
Үшінші тарауда кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары көрсетіледі.

Категория: Экономика | Добавил: ssshadiyev
Просмотров: 5649 | Загрузок: 271 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.2/4
Всего комментариев: 1
1 Гульсая  
Кәсіпорын

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]