Главная » Файлы » Әр түрлі |
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Рефераттар] |
05.02.2018, 19:01 |
Тақырыбы: Қазіргі бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер Астана қаласы №72 мектеп-лицей Тәрбие мен өнер ісінің сан алуан түрін көп уақыт сақтап, қазіргі ұрпаққа мирас етіп отыруға болады деп Әлкей Марғұлан атамыз айтқандай. Ұрпақ тәрбиесінде ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып үйреніп, өнеге тұтпай тұрып, жастарды ізгілік пен, парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Балапанның ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілетінін қазақ атам бекер айтпаған. Бүгінгі мына алмағайып заманда құлқынның қамы үшін жүріп, өз тәрбиеміз түгілі нәресте тәрбиесі шет қалып бара жатқаны белгілі. Бүгінде біздер сәбиді баласынып оның тәрбиесін естен шығарып алып жатамыз. Баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеу, азамат ету -анаға да, әкеге де парыз. Десек те, ең бірінші әйел адамның бойында перзент тоғыз ай, тоғыз күн жататын болғандықтан, ең негңзгң нәрсе соған байланысты. Осы ретте бала тәрбиелеудегі бірінші қасиет-сабырлылық. Кісінің иманы сабырлықпен толығады. Дүниедегі бар сұлулық та, жүрек жылуы да ең алдымен анадан тарайды. Ананың ақ сүті адам баласы үшін аса қасиетті. Ана –өмір тұтқасы, өмірге адам әкелуші, тәрбиеші. «Сүтпен сіңген мінез, сүйекен кетеді» деген қазақта асыл сөз осындайдан туындаса керек. Бүгінгі таңда қоғамда тастанды балалар саны көбейіп барады. Жалған намысты жалау етіп, шаранасын шырылдытып қоқысқа тастайтындар, жасанды түсік жасататындар қазақ санының кемуіне бірден-бір себепкер. Баласынан бас тартатындардың көпшілігі-қазақтың қыздары. Бір отбасы бір перзентке зар болса, енді біреу шалыс басып, дүниеге келер нәрестесіне түсік жасатады. Өмірге келген күннің өзінде бауыр еті баласын көшеге тастап кетеді. Тастанды балалардың тағдырын айтқанда жіптің ұшы тәрбиеге барып тіреледі. Балалар үйі, жасөспірімдер үй, интернаттарда өскен балалардан қандай мейәрәм күтпек? Бүгінгі таңда 15-24 жас аралығындағы қыз балалар бұл қылмысқа көп барады. Бұның жазасы қандай? -Бұның жазасы өте ауыр. Себебі құрсаққа біткен шарана-ертеңгі тіршілік иесі, кішкентай адам. Ал, оны алдырып тастасаңыз – сіз оның өмірін өз қолыңызбен үздіңіз деген сөз. Өкінішке орай, қаракөздеріміз бұны бұны жете түсініп, мағынасына үңілмей жатыр. Жылтыраған нәрсеге құмартып, қысқа етек, көкірегі ашық киімді кигенде пайда жоқ. Қайта ерлердің көзіне әдемі көрінемін деп олардың есін шығарып, ақылдан адастыратының-өзіңе үлкен күнә. Қарапайым тілмен айтқанда қыз бала- ертеңгі ана. Ол алдымен өз-өзіне жақсы тәрбиеші болуы керек. Осындай толғандыратын мәселенің бірі-суицид . Жасөспірімдердің өзіне –өзі қол жұмсау көбейіп кеткен.қоғам үшін өзекті мәселенің бірнеше себебі бар дейді мамандар. Жастар жеке басына түскен қиындықтарға төтеп бере алмайды.болмашы бір оқиғалардан жүйкелері жұқарады. Олар мәселені-өмірмен қоштасып шешпекке бел буады. Мұның алдын-алу ата-ананың қолында. Күйбең тірлікті қуған ересектер баласына көңіл бөлуді ұмытып кетеді. Кейде оны толғандыратын мәселе жайында сөйлесуге де мұршасы келмейді. Ал мұндай қамқорлық жасөспірім шақта әсіресе қажет-ақ. Өзіне-өзі қол жұмсау әрекетіне адам бірден бармайды. Бұл біртіндеп жиналған қиындықтардың салдарынан туындайды. Яғни күнделікті ауыртпашылықтар жүйкенің жұқаруына әкелетіні рас. Сондықтан баланың көңіл күйін әрдәйім бақылап жүрген абзал. Мамандардың айтуынша, бұндай жағдай әсіресе 13 жастағылар арасында жиі ұшырасады екен. Суицидті дәрігерлер аурудың бір үрі десе, психологтар бұл жан күйзелісінің көрінісі деген түйін айтады. Бүгінгі күні суицид мәселесін түпкілікті жою мүмкін болмаса да, аталған жағдайды азайту мақсатында балалар өмірінің қауіпсіздігін қадағалау, сонымен қатар оқушылар, ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, осы барыста мектеп ұжымдарының жауапкершілігін арттыру туралы біраз шаралар жүзеге асса екен деген ой келеді. Әрине, біз білім саласындағы жауапты қызметкерлерді кінәләудан аулақпыз. Бірақ, жасөспірімнің жаны шыны секілді байқамаса шытынап, жарылып кететінін олар жақсы білуге тиіс. Терең дипрессияға ұшыраған, жүйкесі ауырған баланы алдымен күнделікті сабаққа келетін ұстаздар ұжымы байқайтыны белгілі. Бірде-бір мұндай баланы назардан тыс қалдыруға болмайды. Ал ата-аналар өз балаларының бірінші досы , сырласы болуы дәл қазір аса қажет болып отыр. Барлық балалар қиналған сәтте ұл болса әкесімен, қыз болса анасымен ашық әңгіме жасауы өзара сенімділікке әкелетіні сөзсіз. Өйткені жасөспірімдер көп жағдайда жан күйзелісін «ұрсады» деп ата-анасынан жасырып қалуға тырысады. Оның арты не болатыны жоғарыда келтірілген фактілерден біліп отырмыз. Ал тағы бір айтарымыз-Ислам дінінде өзіне өзі қол жұмсау күнә екенін осы балалардың көпшілігі біле бермейді. Алланың берген сыйы-қымбат өмірін қыршынынан өз еркімен қию харам іс деп айтылады. Осындай хәлде қайтыс болған адамдардың жаназасы шығарылмайды. Бұл жайында да балалар арасында түсінік жұмыстары жүргізілуі тиіс шығар. Егер аурудың алдын алу туралы шаралар жүзеге асырыла бастаса, «неге, неге өлді?» деген сұрақ азаятынына сенімдіміз. Жалпы, бала тәрбиесінде ата-ананың атқарар рны орасан зор. Бүгінгі таңда мансап қуып, күнделікті жұмысты ойлаймыз деп ұрпағының тәрбиесін педагог,мамандардың мойнына артып қоятын ата-аналар да кездеседі. Елімізде жасы 18-ге толмаған баланы кешкі 9-дан кейін ата-анасыз далаға жіберуге болмайды деген заң бар. Мамандар ата-аналардың педагогикалық үдерістерге араласпай, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауды тоқтату керек деген пікірде. Яғни ата-аналар мен мұғалімдер бала тәрбиесіне бірдей араласуы керек. Әйтпесе балаға бір жақты көңіл бөлінуі-қоғамда белең алған мәселелерді ушықтыра түседі. «Ата-аналар мен мұғалімдер емін-еркін әңгіме құру алаңдарын ойлап табуы тиіс»
Қорытындылай келе: Әрине, баланың тәрбиесі-болашақтың тәрбиесі. Елдің ертеңгі іргесін қалайтындар да бүгінгі балалар. Психологтар «Қазіргі заманның балалары өздерін барынша жақсы сезінуі үшін ата-аналарына, жалпы қоғамға қажет екенін сезінуі керек» дейді. Бұл да дұрыс пікір. «Алайда балаға шамадан тыс бақылау орнату-бостандығын шектейді әрі бұл балаға деген сенімсіздіктің белгісі» дейді мамандар. Дегенмен бүгінгі қоғамда балаға бақылау да, назар да ауадай қажет.
Қолданылған әдебиеттер: Қайрат ЖолдыбайұлыИмани гүл 93-97 беттер Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы. Алматы 2010 Дінімді үйренгім келеді 18-25 беттер С.Қалиев, М.Оразаев, М.СмаиловҚазақ халқының салт-дәстүрлері 35-369 беттер | |
Просмотров: 1802 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |