Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Көкөністер мен жемістер (технологиялық карта)
[ Скачать с сервера (17.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Технологиялық карта]
22.01.2018, 08:18

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Көшім ЖОББМБК-нің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Лукпанова Улболсын Есниязовна

Ұйымдастырылған оқу  қызметінің технологиялық  картасы.

Сыныбы:0 «а»

Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Көкөністер мен жемістер

Мақсаты:

1.Жемістер мен көкністердің атауларын дұрыс атай және ажырата алуға баулу, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, ауызекі сөйлей білуге үйрету, сөзік қорын молайту

2.Олардың аталуы,құрамындағы кездесетін дәрумендері,оның адам денсаулығына маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Балалар жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуға ықпал ету үшін әңгіме жүргізу.

Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттердің қолдан жасалған, қиылған түрлері, себет.

б\м: жеміс-фрукты ,көкөністер-овощи,алма-яблоко, қызанақ-помидор.       

 

                                         Оқу іс-әрекетінің барысы:

Оқу іс-әрекетінің түрлері

            Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.Сезімді ояту.

Шаттық шеңбері.

Күлімде, күн, күлімде,

Жер жасарып көгерсін

Кешегідей бүгін де,

Қанат қақсын көгершін

Күлімде, күн, күлімде,

Жайнай түсті күнім де

Жарқыраған жұлдыздай,

Жарқ - жұрқ еткен түнімде

Шаттық шеңберіне тұрады.Бір-бірлеріне қарап күлкі сыйлайды.

Ұйымдастыру кезеңі

- Жемістер мен көкөністер қай мезгілде піседі?

- Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

- Күз мезгілі бізге қандай сыйымен келді?

- Балалар ойын ойнағыларың келе ме?

«Жұмбақ» ойыны

1.Көк ала лағым семірді.

   Көгалда жатып семірді.

2.Жаздай іңге түлкіні,

   Жатқан қызыл түлкіні,

Құйрығын суырып,

   Әкелді әжем бір күні.

3.Әрі қызыл,әрі тәтті

   Татқан жанды таңырқатты

 

Дұрыс айтасыңдар балалар. Ендеше бау - бақшаға саяхатқа барайық

Балалар осы жемістер мен көкөністер пісіп жетілу үшін кімдердің еңбегі қажет?

Өте дұрыс! Қәне қарап атайықшы

Қандай Жемістер көріп тұрмыз?

Оларды талдан қалай аламыз?

Қандай көкөністер бар екен?

Көкөністерді қалай аламыз?

Балалар күн болса суытты, ал жемістер мен көкөністер әлі терілмеген, не істесек екен?

Топқа бөлу.

- Көкөністер

- Жемістер

Бау - бақшадан теру

 

Д\о: «Көкөністер мен жемістерді ажырат»

Шарты:себеттен көкөністер мен жемістерді алып, ажырату,пішіндерін айту.

 

Өрік, алма, шие, алша.

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,

Дүкендерге түседі.

 

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

 

Жапырақта тасалап,

Өскен жері бақша – бақ.

Күрең қызыл шіркін –ай,

Оның аты- құлпынай.

 

Жүгері жүгері сен келдің,

Өзіңмен бақыт әкелдің.

Сені көрген адамдар,

Бас салып жей береді.

 

             Сергіту сәті:

Қане қанат жазайық

Қарлығаш боп ұшайық

Ұшып ,ұшып алайық

Орнымызға қонайық.

 

 

Көкөністердің пішінін мүсіндеу арқылы қолдың ұсақ моторикасын дамыту

 

Сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

қарбыз

 

 

 

сәбіз

 

алма

 

 

 

 

сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимылмен көрсетеді.

 

Балалар себет көкөністер мен жемістерді алып, ажыратады.

 

 

 

Тақтақтарды айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ермексаздан жемістер мен көкөністерді жасайды

Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

-жемістер қайда өседі?

-көкөністер қайда өседі?

-Көкөністерге не жатады?

-Жемістерге не жатады?

 

 

Күтілетін нәтиже:

1.Балалар жемістердің бақта,көкөністердің бақшада өсетінің түсінеді.

2.Олардың аталуы,құрамындағы дәрумендері деңсаулыққа маңызы зор екенін.

3.Есте сақтау қабілеттері дамиды.Күзгі еңбек түрлерімен танысады.

Категория: Технологиялық карта | Добавил: Admin
Просмотров: 8953 | Загрузок: 113 | Рейтинг: 4.0/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]