Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Өлімді жеңген ана»
Сабақтың мақсаты: Оқушылар мәтінмен танысады, екі жақты түсіндірме күнделігін (ЕЖТК) толтырады, толтыру арқылы мәтіннің мазмұнын толық
қамтуға тырысады, жаңа сөздерді қамтиды, мәтіннің мағынасын
түсіну арқылы сөйлеу дағдыларын дамытады.
Топта жұмыс істеу дағдыларын, оқу және жазу сауаттылықтарын
көрсетеді.
Мәтіннің мазмұны арқылы оқушылар қайырымдылық, мейірімділік ұғымдарын түсінеді.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сын тұрғысынан жазу мен ойлау әдісі бойынша.
ЦДО «Сорос Казахстан».
Сабақтың көрнекіліктері: Түрлі –түсті маркерлер, А3 және А4 таза парақтары, бағалау парақтары, Ана туралы қанатты сөздер.
Сабақтың әдістері: Ассоциативті топ қүрау, оқу, аудару, мәтінмен жұмыс,
мәнерлеп оқу, алдын-ала дайындау, бағытты оқу, ЕЖТК, 5 жол өлең,
3-5 минуттық эссе.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі орыс тілі тарих.
Сабақтың құрылымы: І –Ұйымдастыру кезеңі (тіл дамыту сқрақтары)
ІІ-Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ-Ой қозғау.
Ә) ассоциативті топ құрау.
IV- Мағынаны тану.
Ә) бағытты оқу, ЕЖТК, мәнерлеп оқу, алдын- ала болжау.
V-Рефлексия
Ә) 3 минуттық эссе.
А) 5 жол өлең.
Б) кластерді толтыру
VI) Үйге тапсырма беру.
Бағалау: ассоциативті топ құрау, мәнерлеп оқу, ЕЖТК, 5 жол өлең, 3-5 минуттық эссе арқылы.
Сабақтың барысы.
Мұғалімнің ісі
І. – Сәлеметсіңдер ме, балалар. Бүгін нешесі? Аптаның қай күні? Сыныпта кім кезекші? Кім жоқ?
ІІ- Үйге қандай тапсырма берілді?
Сабағымызды бастамас бұрын мынадай бағалау парағымен таныстырып кетейін.
аты-жөні Үй тапсырмасы Ассоциативті кластер оқу Кестені толтыру Эссе 5 жол өлең Баға
Оқушылардың іс-әректі. Мәтінді оқу, «Темір» сөзіне 5 жол өлең жазу. Әр топтан 2-3 оқушы жауап береді. 5 жол өлеңдерін тақтаға шығып қорғайды.
ІІІ. Ой қозғау . Жақсы, балалар үйде оқыған мәтінде Темірден басқа кім туралы айтылады. Ана – сөзіне ассоциативті құраңдар.
Әр топ өз жұмыстарыңды тақтаға келіп қорғаңдар. Егер де келесі топта қайталанатын сөз немесе сөз тіркестері болса, қызыл түсті маркермен қоршап қойыңдар.
Оқушылардың іс-әректі. Ана .
Оқушылар жеке-жұп-топ-топ аралық жұмыс істейді. Топтық жұмыстарын А3 ақ парағына жазады.Тақтаға шығып қорғайды.
IV. Мағынаны ажырату – Енді ана туралы әңгімемен танысайық. Ол үшін мен сендерге мынадай шағын мәтіндер таратып беремін. Ал, сендердің жұмыстарың осы мәтінмен танысу, үзіндіні атау және ЕЖТК толтыру. Әр топтан бір-бір оқушыдан жауап беру керек.
(Үзінді)
Оқушылардың іс-әректі.Оқушылар мәтінмен танысады, кезектесіп дауыстап оқиды. Үзіндіні атайды. ЕЖТК кестесін толтырады: Алдымен әркім өз дәптерлеріне жеке жұмыс істейді, артынан бірігіп кестені толтырады.
кесте
Мені қызықтырған ой... Неге?
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
- Балалар, осы оқиға әрі қарай қалай жалғасады екен, сендер қалай ойлайсыңдар?
- Енді үзіндінің екінші жартысымен танысайық... Ол үшін мен сендерге мынандай шағын мәтіндер таратып беремін. Ал сендердің жұмыстарың осы мәтінмен танысу, үзіндіні атау және ЕЖТК толтыру. Әр топтан топтан бір –бір оқушы жауап беру керек.
(Үзінді)
Оқушылардың іс-әректі. Оқушылар мәтінмен танысады, кезектесіп дауыстап оқиды. Үзіндіні атайды. ЕЖТК кестесін толтырады: Алдымен әркім өз дәптерлеріне жеке жұмыс істейді, артынан бірігіп кестені толтырады.
Мені қызықтырған ой... Неге?
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
-Ал ары қарай не болады, кім қалай ойлайды?
-Осы әңгіменің жалғасы мынандай екен. Оқушыларға үзіндіні таратып беремін. Оқушылар үзіндіні оқып, оны атайды және кестені толтырады. Кестені толтырып болғаннан кейін болжау сұрағы қойылады.
Оқушылардың іс-әректі. Оқушылар мәтінмен танысады, кезектесіп дауыстап оқиды. Үзіндіні атайды. ЕЖТК кестесін толтырады: Алдымен әркім өз дәптерлеріне жеке жұмыс істейді, артынан бірігіп кестені толтырады.
Мені қызықтырған ой... Неге?
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
-Енді қалай ойлайсыңдар, оқиға немен жалғасады?
-Балалар осы әңгіменің соңы қалай аяқталады екен? Өздеріңді автор орнына қойып, әңгімені аяқтап көріңдерші.
-Егер барлықтарың жазып болсаңдар, өз шығармасын оқимын деген оқушы бар ма?
Оқушылардың іс-әрекеті. Оқушылар өз дәптерлеріне әңгіменің аяқталуын ойлап жазады.
Қалауынша оқушылар өз шығармаларын оқиды.
-Әңгіме немен аяқталғанын білгілерің келе ме? Онда осы әңгіменің соңғы бөлімімен танысайық.
Оқушылардың іс-әрекеті. Оқушылар әңгәменің соңғы бөлімімен танысады
V. Рефлексия. 1,2 топты құрап отырған оқушылар 3 минуттық эссе жазады. Ал 3 топтың оқушылары 5 жол өлең құрастырады.
Оқушылардың іс-әрекеті. Оқушылар жұмыстарын әркім өз дәптерінде орындайды. Қалауынша өз эсслерін, 5 жол өлеңдерін оқуларына болады
VI.Үй тапсырмасын беру. «Өлімді жеңген ана» әңгімесін оқу. 89-91 бет.
VII. Бағалау. Оқушылардың баға қоятын парақтарын жинап аламын.
Оқушылардың іс-әрекеті. Әп топтың спикері оқушыларға қойылған бағалармен таныстырып өтеді
- Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар.
|