Главная » Файлы » Ашық cабақ |
[ Скачать с сервера (19.4 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті] |
19.10.2015, 18:43 |
Сабақтың тақырыбы:«Бақытсыз Жамал» романы, көркемдік ерекшелігі Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақ барысы
1.Табысқа жетуге жағдай туғызу: Мұғалім әрекеті ХХ ғасырдың басында болған қазан төңкерісіне дейін қазақ қыздарының тағдыры қандай болды? Қалың мал деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?
Шығар нәтиже → ХХ ғасырдың басында болған қазан төңкерісіне дейін қазақ қыздарының тағдыры, қалың малға сатылып, сүймеген адамына ұзатылуы, қазақ қыздарының теңсіздігі – ХХ ғасыр қазақ әдебиетінің басты тақырыбы болды. 2.Проблемалық сұрақ: М.Дулатов неліктен 1930 жылдары халық жауы болып жазықсыздан жазықсыз айыпталып, ату жазасына кесілді? 3.Тақырыпқа шығу: - Ендеше, бүгінгі сабақта қандай тақырыпты өтеміз?
Оқушылар сабақ тақырыбын шығарады. Мақсатын анықтайды.
ІҮ Жаңа тақырыпты ашу және меңгерту: 1. Мәтінмен жұмыс. Көркем шығармаға қисынды талдау.
«Бақытсыз Жамал» романы Тегі: Эпос 1.Жанры: роман - үлкен көлемдегі және прозалық үлгіде жазылған эпикалық туынды. Өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, ұзақ мерзімді оқиғаларды арқау етіп, адам өмірін ағымдағы сан алуан құбылыстармен тұтастыққа, мейлінше жан-жақты көрсетеді.
2.Түрі: Трагедиялық шығарма
3.Тақырыбы: Әйел теңсіздігі
4.Идеясы: Романның өлеңмен жазылған сөз басында: 5. Сюжет желісін жоспарға түсір: әдеби мазмұнын мазмұнда. Роман екі сюжетте көрініс табады. Бірінші – Жамал мен Ғалидың кездескен сәттерін, сырласып, бір-біріне берік сенісіп, бір-бірін тең тұтып, бағалап, сүйіп қосылмақ болған жандар екенін, өздерінің бақыты үшін күреске бел байлап жолға шыққан тұстарын М.Дулатұлы жылы сезіммен тебірене жазғандығы. Екіншісі – Ғалидың кенеттен ауруынан бастап, ғашығынан айрырыларын сезінген Жамалдың көзінен қанды жастар төгіліп, ас ішпей, кірпік қақпай зор қасіретке кірісуі суреттелген.
6. Кейіпкерлер: Романның бас кейіпкері – Жамал, оның айналасын қоршаған қосалқы кейіпкерлер яғни әкесі – Сәрсенбай, шешесі – Шолпан, айттырған күйеуі – «Жұман таз», дала шонжары – Байжан және сүйген жігіті – Ғали. Міржақып шығармашылығын зерттеуші ғалым М. Әбсеметовтың деректері бойынша романға негізінен Көкшетау даласында болған оқиға өзек болған. «1908 жылы Міржақып ізіне түскен патша тыңшыларынан бой тасалау үшін, Торғайды тастап, Көкшетауға келеді. Көкшетауда Саумалкөл деген жерде ауыл мектебінде мұғалім болып істеп жүргенінде, ол Жамал атты қазақ қызының тауқыметті тағдырына куә болады. «Бақытсыз Жамал» романындағы сол аяулы бейне осылайша шындық өмірден алынған еді. Роман оқиғасы қазіргі Көкшетау облысындағы Айыртау ауданында орналасқан Саумалкөл – Сұлу көл төңірегінде өтеді. Бұл табиғаты тамылжыған, алабын ақ қайың көмкерген, айнадай жарқыраған көлдері көз тұндырған қазақ даласының бір құйқалы да көрікті жері. Романның бас кейіпкері дәл осы маңайда дүниеге келген. Жамалдың руы – Атығай, Ғалидың руы – Керей. Ақмола уезі, Ақкөл болысында туып өскен, Жұманның руы – Қаруыл, қазіргі Көкшетау облысы, Арықбұлақ ауданы, Ақанборлық деген жерден». 1909 жылы М.Дулатов Қызылжарға келіп, Жұмағали Тілеулиннің үйін паналайды. Кейіннен Сасықкөлде Мағжан Жұмабаевқа орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Жазып жүрген «Бақытсыз Жамал» романының нүктесін сол жерде қояды. 1910 жылы Қазанда басылған роман шығысымен-ақ елге тез таралып кетеді. Жамал бейнесін талдау: (Мәтіннен үзінді – қорытынды) бағанға салу
Рефлексия
Образдар жүйесі Трагедиялық образ( Ғали, Жамал) Сатиралық образ(Жұман), Реалистік образ(Байжан, Сәрсенбай) Рефлексия
Негізгі тартыс Жауыздық пен адалдық, соқыр сенім мен өміртаным тартысы Көркемдік ерекшелігі: Романнан табиғат суреттемесін таба отырып, негігзі оқиғаға қатысын сипаттау(табиғат – психологизм- трагедия)
Рефлексия
Салыстыру арқылы романның ерекшелігін анықтау:
М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» С.Көбеев «Қалың мал» С.Торайғыров «Қамар сұлу»
Рефлексия
4. Шығармашылық жұмыс: «...әйел басындағы сасық тұман айықпай, халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал қазақ мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзейін десең, әйелдің халін түзе». М.Әуезовтің сөзін оқып, осы ойды орайластырып, шағын ой толға.
Қорытынды: М.Дулатовты қай қырынан таныдыңдар? Оқушы қортындысы Сабақты бекіту: Бүгін сабақта не білдім? Не түсіндім?
Үй тапсырмасы: «Бақытсыз Жамал» романы. Көркемдік ерекшелігіне талда. Бағалау: 11-сыныпқа арналған қазақ әдебиетінен сабақ үлгісі. Жас мамандарға көмек болады деп ойлаймын. | |
Просмотров: 21967 | Загрузок: 368 | |
Всего комментариев: 0 | |