Главная » Файлы » Ашық cабақ |
[ Скачать с сервера (23.8 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті] |
16.11.2015, 15:51 |
Ақиық ақын М.Мақатаевтың Фантазия өлеңі. Пән: Қазақ әдебиеті Сынып: 5 «А» Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Фантазия». Мақсаты. Білімділік: Оқушыларды қазақ халқының біртуар тұлғасы – Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы және бай шығармашылық дүниесімен таныстыру. Дамытушылық: 1.Оқушылардың ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өз ойы, пікірі және эстетикалық талғамы бар шәкірт дайындау, ақын шығармашылығын оқытқыза отырып, ойын жазбаша, ауызша әсерлі де көркем әдеби тілмен жеткізе білуге дағды - ландыру. 2. Оқушылардың ізденушілік қабілеттерін дамыту. Шығармашылық жұмыстар жасай білуге дағдыландыру. Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Шығармаларымен таныстыра отырып, поэзияны сүйе білуге, өз халқының әдебиетіндегі бай мұрасын құрметтеуге, қазақ елінің біртуар ақындарының елге жасаған игі істерін қадірлей білуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Оқушылар Мұқағали Мақатаев туралы ақпаратпен таныса отырып, «Фантазия» өлеңінің мазмұнын, мағынасын ашып, өлеңнің құрылысын талдайды. Бір – бірімен пікір алысып, ой бөліседі, осы арада оқушылардың ой өрісі дамиды. Шапшаңдыққа үйренеді, бірін – бірі бағалайды және жұрт алдында өзін еркін ұстай білуге үйренеді. Өз ойларын, көзқарастарын қорғай алады, сонымен қатар айтайын деген ойын еркін жеткізе алады. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Пәнаралық байланыс: музыка, орыс әдебиеті, тарих, қазақ тілі Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, Қар кесегі әдісі, сұрақ – жауап, сипаттама беру, семантикалық картамен жұмыс, өлеңді құрылысына қарай талдау, «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы. Сабақта қолданатын ойын элементтері: «Ыстық орындық» ойыны, сергіту сәті. Сабақтың көрнекілігі: Ақын суреті, тапсырмалар, сөзжұмбақ, ақын – жазушылардың Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына берген пікірлері жазылған плакаттар, бағалау парақтары, сандар жазылған жетондар. | |
Просмотров: 1893 | Загрузок: 50 | |
Всего комментариев: 0 | |