Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Әр сабақ – бір әлем (ашық сабақ)
[ Скачать с сервера (765.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті]
05.02.2012, 00:36
Әр сабақ – бір әлем

Қаратөбе мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Гусманова Шара Алтайқызының іс-тәжірибесінен.
Батыс Қазақстан обылыс, Қаратөбе ауданы.


Іс-тәжірибеде мұғалімнің оқытудың озық технологияларының бірі оқу мен
жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасы негізінде өткізген
сабақтар топтамасы жинақталған. Бұл жинақ оқушыларды өз бетімен
жұмыстандыру, ойланту, іздендіру, өз пікірін, көзқарасын қорғауға үйрету
арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған интерактивтік
жұмыстарымен құнды. Өзіндік танымдық жұмыстар интеграциялық білімге
негізделген. Мұғалімнің жеке іс-тәжірибесінен әдістемелік көмекші құрал
ретінде ұсынылады.
МАЗМҰНЫ


  • Алғы сөз
  • Эвфемизм
  • «Қырық өтірік» ертегісі
  • Қасиетті Құран Кәрім туралы «Адам ата» әпсанасы
  • «Ұлы жолдың бастауы» (М.Әуезов «Ақын қонақтар»)
  • «Фантазия» (М.Мақатаев)
  • «Ата үміті» («Дермене» хикаятынан үзінді) Д.Исабеков
  • «Дүние қалай етсең табылады?» (Ы.Алтынсарин)
  • Сырым мен Малайсары
  • «Елі үшін туған ер» («Ер Тарғын» жырындағы Тарғын бейнесі)
  • «Арман» (М.Шаханов)
  • «Туған тілім – тірлігімнің айғағы»
  • «Қаратөбе - өнер ордасы»
  • Сын есім
  • Компьютер жанындағы жанжал


Алғы сөз

Сабақ – оқытудың басты формасы. Сабақ сапасын артыру – барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Бұл ретте білім деңгейінің төмендеу себептерінің бірі – күнделікті сабақ өткізудің стандартты, бір мәнді, шаблонды, көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін түгелдей дерлік жаулап алған дәстүрлі бір сарынды сабақтарда деп айтуға болады. Күн сайын өтетін жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау сияқты жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақ оқушыларды жалықтырары, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан әр мұғалім өз жұмысында сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруі, бұған оқушыларды тарта білуі, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі - міндет. Ұтымды ұйымдастырылған жаңа әдіс-тәсілдер сабақты жандандырады, оқушылардың білімге қызығушылығын арттырады, оқу үрдісін жетілдіре түседі. Білім берудің негізгі мақсаты – білім сапасын көтеру болса, бұл ретте мақсатқа жетудің басты шарты - өзара белсенді ұйымдастырылған сабақ. Жаңа білімді оқушының өз бетімен алуына бағытталған дамытушылық сипаттағы сабақ үлгілері мұғалімнің жеке іс-тәжірибесінен әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin | Теги: сабақ, әлем, Әр, ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ, сабақ), (ашық, бір
Просмотров: 8676 | Загрузок: 10030 | Рейтинг: 4.0/6
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]