Главная » Файлы » Ашық cабақ |
Сәкен Сейфуллин
[ Скачать с сервера (76.5 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті] |
26.03.2013, 21:42 |
Қазақ әдебиеті 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Өткен тақырыбы бойынша оқушылардың білім, сөз қорларын пысықтау.Шәкіртерге Сәкен Сейфуллин туралы түсінік бере отырып, ақын өлеңінің тақырыбын, мазмұнын, көркемдігін, құрылысын меңгерту. «Ананың хаты» өлеңі жан-жақты талдау,оқу, оқушылардың пікірін, көзқарасын қалыптастыру. 2.Дамытушылық: Шәкірттердің ой-өрісін, тіл байлығын дамыту және сөйлеу,жазу шеберліктерін арттыру.Сыни тұрғысынан ойлауға, өзінше ой түюге баулу, танымдық түсініктерін дамыту. 3.Тәрбиелік: Өлеңді сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.Оқушыларды «Ананың хаты» өлеңі мазмұны арқылы ананы сүюге, ардақтауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Сыни тұрғыдан ойлау, аралас, жаңа сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, оқыту,мәнерлеп оқу,сын тұрғысынан ойлау стратегиясы,әңгімелеу,баяндау, Сабақтың құралдары: Қазақ әдебиеті оқулығы,ана бейнелейтін сурет,ақынның портреті,акро өлеңі, өлеңдер,тірек сызба,текшелер,презинтация,техникалық құрал,компьютер, электрондық тақта,Венн диаграмма. Пәнаралық байланыс: география, тарих, қазақ тілі Қосымша материалдар: Сәкен Сейфуллиннің өлеңдері,деректі мәліметтер, қазақ репресиясының құрбандары туралы мәліметтері. Технологиялар: педагогика, сын тұрғысынан, компьютерлік, дамыта оқыту Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Амандасу: -Сәлеметсіңдер ме, балалар?! 2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындау. 3. Сабақтың мақсаттарын айту. ІІ. Ой қозғау. -Балалар, бүгінгі сабақты «Кім тапқыр?» деген ойынмен бастаймыз. Ойынның шартты мынандай.Мен сендердің назарларыңа сұрақтарды қоямын, ал сендердің міндеті үш тілде тиіс сөзді табу.(қазақ, орыс. ағылшын) Сұрақтар: 1. Сөздің көркі не? (мақал, пословица,рrove) 2. Ақ тілеудің белгісі не? (бата, благословение, wishes) 3. Сөз өнері дегеніміз не?(Асыл сөз дегеніміз не?) (әдебиет, литература, literature) 4. Қазақ жазба әдебиетінің негізгі салушысы Абай Құнанбаев. Абай кім? (ақын,поэт,роеt) ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру,пысықтау. Өткен сабақпен байланыс: (2 слайд) 1. -Балалар, біз өткен сабақта қандай ақынның өмірі мен шығармашылы- ғымен таныстық? 2. - Бейімбет Майлин кім? 3. - Бейімбет Майлин кімнің тәрбиесінде өседі? 4. - Бейімбет Майлин туралы не білесіңдер? 5. - Айт күндері деген әңгімесінде не суреттеледі? 6. – Айтқа қандай дәстүрлер тән? Үй тапсырмасын бекіту. Айт күндеріне,мерекелерге арналған мақал-мәтелдерді тыңдап тексеру. • Көппен көрген –ұлы той. • Халықты қадірлеу-салтты қадірлеу • Жаңбырмен жер көгерер,Батамен ер көгерер • Байлық –байлық емес,бірлік –байлық • Құтты қонаққа қой егіз табады. IV. Жаңа сабақ: | |
Просмотров: 10471 | Загрузок: 1234 | |
Всего комментариев: 0 | |