Главная » Файлы » Ашық cабақ |
[ Скачать с сервера (84.0 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті] |
11.01.2013, 22:41 |
Жамбыл дүниеге екі рет келді: тоғыз ай, тоғыз күнде ана құрсағынан, тоқсан жасқа келгенде заман құрсағынан туылды. Ғ.Мүсірепов Білімділік мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтарда жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын тексеру. Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру. Дамытушылық мақсаты: Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға Ж.Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру. Сабақтың түрі: білімді қорытындылау Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта: а) Ж.Жабаевтың портреті ә) Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты кезеңдерге арналған көркем суреттер б) «Жамбыл» тірек – сызбасы Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Жамбыл... Түстіктегі Жамбыл тауының бөктерінде, боранды ақпан айында осыдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеге ақын келіп, кейін әлгі тауды да, бүкіл қазақ халқын да жалпақ жаһан, айдай әлемге жария етті. Жамбыл - өмірімен де, шығармышылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. 13-14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең-жырлары мен айтыстары да өте мол болған. Олардан дәуір шындығы, Жамбылдың ақындық мұраты мен зор таланты айқын танылады. Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады. Олай болса келесі кезекте үй тапсырмасы бойынша оқушылар әзірлеген жауаптар мен көрініске кезек берелік. Интерактивті тақтада Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты кезеңдер берілген. Балалар өздерің көріп отырғандай мына кесте бойынша сөз кезегін сендерге беремін. Осы кезеңдер бойынша тапсырмалар орындату. I кезең 1846-1916 жылдарға көз жіберсек. II кезең 1917-1940 жылдарды қамтитын ақын өмірі қандай із қалдырды. III кезең 1941-1945 жылдары төбемізге қара бұлт болып төнген ауыр да азапты кезеңде Жамбыл өміріне бір сәт тоқталсақ. Мұғалімнің сөзі. Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл - жүз жасаған ақын. Балалар тақта да берілген кезеңдер бойынша өз ойларыңды ортаға салыңдар, бірінші кезең бойынша кім бастайды? * 1846 жылы ақпанның 28-де Жамбыл дүниеге келді.Туған жері- Жамбыл тауы. * Қақаған қар аралас соғып боран, Ел үрей-көк найзалы жау торыған. Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын Жамбыл деп қойылыпты атым содан. * Жамбыл алғашқы өлеңдерін шығарып, атақты Сүйінбай ақыннан бата алған. КӨРІНІС * Шағым. Оқымаймын молдадан, Не оқытпақшы ол маған. Бала келсе сабаққа Жем дәметкен дорбадан. Ақ сәлдесін төңкеріп Көзін жұмып теңселіп, Күн ұзығынға боздаған. Оқығанша мен одан Домбыраны қолға алам... * Бұл жылдары Жамбыл айтыста да, жыраулық өнерде де биік дәрежеге көтеріледі. Ақынның оннан астам айтыстары сақталған. Әсіресе оның Құлманбетпен, Досмагамбетпен, Шашубаймен айтысы жақсы мәлім. * Жамбыл айтыс ақыны Шөжемен дидарласады * Атақты әнші-ақын Әсет сияқты серілермен, шешендермен кездеседі. Қырғыз еліне ақындығымен танылады. * 1912 ж. Жамбыл Сарыарқадан Жетісуға келген Балуан Шолақпен кездеседі. * Романовтар әулетінің патшалық құруының 300 жылдығын тойлау құрметіне көрме өткізіліп, оған үш жүздің игі жақсылары жиылды. Жамбыл өз жырында бастықтарына жаныға жағымпазданған болыстардың, билердің озбырлық іс-әрекеттерін әшкере етеді. * Патшаға қарсы ұлт-азаттық қозғалысы кезінде Жамбыл елді азаттық күреске шақырған «Патша әмірі тарылды» және «Зілді бұйрық» деген өлеңдерін шығарады * Патша әмірі тарылды Оған қылап бар ма лаж ?! Ішке толған зарымды, Кімге айтармын қылып наз?! Ал, балалар ақын өмірінің бірінші кезеңіне байланысты осындай тарихи оқиғалар болған екен. Ал екінші кезеңі қандай оқиғалармен сипатталған екен. * Мамыр айында Верный қаласында Жетісу ақындарының тұңғыш слеті өтеді. Слетке Жамбыл қатынасып, ақындар айтысында бағалы сыйлық алады. * 17-23-мамыр аралығында Мәскеу қаласында қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің бірінші онкүндігі өтті. Бұл онкүндікке қатысушы Жамбыл Жабаевты Мәскеу құшақ жая қарсы алды. * Желтоқсан. Жамбыл Қазақстан делегациясын бастап, грузин халқының ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» деген поэмасының 750 жылдық тойына қатынасты. Жыраулық өнерімен, суырып салмалық ақындығымен елді тәнті етіп, қайталанбас тума талантымен тағы да тамсандырды. * Кавказға сәлем Ақсақал Жамбыл келед жанаттанып, Қиялы қиярға өрлеп қанаттанып, Жазылып бүкіш белі қуаттанып, Туған ел сәулетімен санаттанып! Қолға алып домбырасын жаны жайнап, Советтік дәуірінде талаптанып, Ән шырқап шарықтағаған сағатында Жыр арнап, шың Кавказға қанат қағып. 1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін бұл күндер – зұлмат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің "Ленинградтық өренім” атты өлеңін арнады. * Маусым. Фашистік Германия КСРО Мемлекеттік шекарасын бұзып, басқыншылық соғыс бастады деген суық хабарды емханада жатып естіген Жамбыл Отанды қорғап қалуға шақырған патриоттық өлеңдерін шығарады. Қыркүйек. Жамбыл атақты «Ленинградтық өренім» деген өлеңін шығарады. * Ленинградтық өренім. Мақтанышым сен едің. Нева өзенін сүйкімді Бұлағымдай көремін Жабықпағын, Ленинград! Отан әмір берген шақ. Сап-сап болып қол барап, Қорғап сені ол қалар... * Ленинградцы, дети мои! Ленинградцы, гордость моя! Мне в струе степного ручья Виден отблеск невской струи. Если вдоль снеговых хребтов Взором старческим я скользну, Вижу своды вашых мостов Взорь балтийскую голобизну, Фонарей вечерних рой, Золоченных крыш острия... Ленинградцы, дети мои! Ленинградцы, гордость моя! Келесі кезекте суреттер бойынша сөйлесек. 1- сурет : Мына суретте Жамбылдың қай кезі суреттеледі? 2- cурет: Пірім менің Сүйінбай Сөз сөйлемен сыйынбай – деп өлең бастауы нені білдіреді? 3-сурет:Жамбылдың ұлы бабасы Қарасай батыр ескерткіші қайда орналасқан? 4-сурет: Жамбыл өз жырларында байларды даттап, жарлыны жақтады. Мұны мына суретке қарай отырып, қалай дәлелдер едіңдер? 5-сурет: Осы кезде Жамбыл қай жағынан танылды? Мұғалімнің сөзі. Жамбыл атамыз әр түрлі жанрда өлеңдер жазған. Тапсырма: 1. Сатиралық өлеңдері 2. Отан, Туған жер тақырыбындағы өлеңдері. 3. Жамбыл- айтыс ақыны. **** Отан тақырыбында өлеңдер. Мұғалімнің сөзі. Жамбыл шығармашылығында айтыс қомақты орын алады. Айтыс ақыны ретінде қандай мағлұмат айта аласыңдар. тапсырма * Жамбыл- айтыстың асқан шебері. Ол өз кезеңінің көптеген атақты ақындармен айтысып, ешкімнен жеңілмеген. * Жамбыл мен Құлманбет айтысы күрделі, мазмұны кең айтыс. Айтыста Жамбыл жеңеді. * Жамбылдың артықшылығы Құлманбетке:байлығыңмен мақтанба, ерлікті айт, татулықты айт, бірлікті айт-, деген сөздерінен көрінеді. * Жамбыл Құлманбет сияқты бір жақты емес, ойлауы кең жан-жақты. * Жамбыл батырлық, ерлік, адамгершілік сияқты бүкіл халықтық құндылықтарға толық сенеді. Мұғалімнің сөзі. Сұрақ- жауаптар. Викториналық сұрақтар. 1.Ақын қандай болу керек деген сұраққа Жабыл қалай жауап берді? 2. Алғадай майданға аттанған жеті күннен кейін әйелі босанып, дүниеге ұл әкелді. Жамбыл осы немересі туралы қандай өлең шығарды? 3 К.Әзірбаев Жамбылды Алғадайдың өлімінен кейін қалай жұбатты? 4 Жамбыл Н.Тілендиевке өз домбырасын ұсынып тұрып, не айтты? 5 Жамбылдың Бауыржан Момышұлына берген батасы? 6 Жамбыл қырғыз ақыны Тоқтағұлға қандай өлең шығарды? 7 Жамбыл жыр қалай туады деген сұраққа қалай жауап береді? Мұғалімнің сөзі : Соғыс жылдарында Жамбылдың Алғадай деген баласы ерлікпен қаза табады. Ақын өз қайғысы арқылы бүкіл ел қайғысын танытады. Сол жоқтау өлеңін Бекжанның орындауында тыңдайық. Бекжанның өлеңі. Тақтамен жұмыс:” Бесік жыры ” Жамбыл ардақты ұлы Алғадайдан айырылса да, қажымай Алғадайдың баласына бесік жырын арнайды. Ал енді осы өлеңді толықтырайық. 1-оқушы. (бөбегін) 2-оқушы. (бесігің) 3-оқушы. (жұлдыз) 4-оқушы.(лақан ) 5-оқушы.(ботақан ) 6-оқушы.(құлыншақ ) 7-оқушы.(бұзауқан ) 8-оқушы (қошақан) Мұғалімнің сөзі: Сағаттың суреті. Жамбылдың соңғы өмірі. 22-маусым. Жергілікті уақыт бойынша 7 сағат 55 минутта Жамбыл дүниеден өтті. 8-шілдеде Жамбылдың мұражайы мен кесенесі ашылды. Мұғалімнің сөзі: Балалар! Жамбыл атамыз өлсе де аты өлген жоқ, хаты өлген жоқ. Жамбылдың сағаты әр қайсымыздың жүрегімізде соғып тұр. Өз облысымызда Жамбыл есімі берілген 15 мектеп бар. Шымкент қаласында №26 мектеп Жамбыл атымен аталады. Қане сендер не қосасыңдар? Жамбыл атында облыс бар. Жамбыл атында аудан бар. Жамбыл атында көшелер бар ... Мұғалімнің сөзі. Жазба жұмысы.Жамбыл атамыз артына ұмытылмастай қазына қалдырды. Ол Жамбылдың мәдени мұрасы, шығармашылығы. Тапсырма: Тақтада өлең жазылады және оқылады. Өлең "Мәңке туралы” Сөздерін ұзарта келеді, Өңешін қызарта келеді. Өнімі азырақ жерде Үстіне тұз арта келеді. Оқушыларға үлестірме қағазы таратылады. Дұрыс жауап тақтада көрсетіледі. Тірек сызба: ЖАМБЫЛ Сабақты қорытындылау. 1. Не білдік? 2. Не білгіміз келеді? Суреттер көрсетіледі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Жамбыл бабамыздың туып-өскен жері Ұзынағашта өткізілген 150 жылдық мерейтойына арнайы қатысты. Ұлттық мәдени- рухани байлықты дамыту. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында ұлттық мәдени –рухани байлықты дамыту барысына көп көңіл бөлді. Ұлттық мәдени-рухани байлықты дамыту барысында мына біздер мен сіздер жұмыла ат салысайық. | |
Просмотров: 25222 | Загрузок: 1157 | |
Всего комментариев: 0 | |