Главная » Файлы » Ашық cабақ |
Ата Заңға 14 жыл.
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақстан тарихы] |
31.03.2012, 21:21 |
Сағаттың тақырыбы: Ата Заңға 14 жыл. Сағаттың мақсаты: Ата Заңға 14 жыл толу мерекесіне байланысты оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жайлы түсіндіру. Көп ұлтты Қазақстанның әрбір азаматын біздің ортақ үйіміз Қазақстан- да халықтар арасында достық сенім, келісім және тұрақтылықты сақтауға үлес қосуға тәрбиелеу. Сағаттың тәрбиелік мәні: Баланың рухани өсуіне басшылық жасау. Сағаттың көрнекілігі: Буклеттер, газет - журналдардың кесінділері, рефераттар, Ата Заңның баптары жазылған плакаттар. Сағаттың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Кіріспе бөлім. ІІІ. Негізгі бөлім. 1. Біздің еліміздің негізгі Заңы. 2. Ата Заң туралы өлең шумақтары. 3. Ата Заңның бірнеше бабына тоқталу. 4. 1 қыркүйек - Білім күні 5. Сұрақ – жауап. 6. Қорытындылау. «Конституция » термині латын тілінен шыққан «құрылым» деген мағананы білдіреді. Қазақстан Республикасының Конституциясы - бұл еліміздің басты саяси құқықтық құжаты. Сондықтан, саясат пен құқық бір – біріне қарсы келмей бірлікте болуы қажет. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Тарих толқынында” атты еңбегінде “Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр”, – деген сөзі бар. Республиканың Конституция тарихына үңілгенде тарих тол¬қы¬нындағы айтылған қазақ құқы¬ғының тарихында бізге аңыз бойынша жеткен Қасым мен Есім хандар¬дың есімдеріне байланысты ай¬ты¬латын “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім ханның ескі жолы” және Тәуке ханның “Жеті жар-ғысы”. “Жеті жарғыға” ХVІІ ға¬сыр¬дағы қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік өмір қажеттілі¬гі¬нен туған қаулылар еніп, қазіргі көзқараспен айтқанда дала кон¬с¬ти¬туциясы құқығына ие болған. Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы жартыжылдығында “Алаш” партиясы бағдарламасы¬ның жобасы 1917 жылдың 21 қара¬ша¬сын¬да қабылданған, Қазақтың Советтік Социалистік Респуб¬ли¬ка¬сы¬ның 1937 жылғы, 26 наурыз-дағы және екінші жартыжылдықта қабылданған Қазақ КСР-нің 1978 жылғы 20 сәуірдегі, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 28 қаңтардағы және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда өткізілген Республикалық референдумда қабылданған Конституция тарихтан белгілі. Биыл республика жұртшылығы 2006 жылдың 30 тамызында Қа-зақстан Республикасының Конс¬титуциясының қабылданғанына 12 жыл толу мерекесін тойлап отыр. Бұл әрине көп те, аз да мерзім емес, ал өткен тарихымызға көз жү¬гіртсек, еліміз тәуелсіздік алған¬нан кейінгі кезеңде екінші рет 1995 жылдың 30 тамызында қабыл¬данған заң болатын. Елбасының 2006 жылғы 1 нау¬рыз¬дағы “Қазақстанның әлемдегі бә¬се¬-кеге барынша қабілетті 50 елдің қа¬та¬рына кіру стратегиясы” туралы Жол-дауында “Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрға¬нын, мемлекетіміздің әлемдік рей¬тинг кестесінің жоғарғы бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуына мүмкіндік беретін басты не¬гіз¬дерге тоқталып, біз еркін, ашық әрі де¬мократиялық қоғам орнату¬дың, дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құ¬рып, оны нығайтудың басты мақ¬саттарын айқындап берген болатын”. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құ¬қықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнық¬тырады: оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құ¬қық¬тары мен бостандықтары”, – деп басталады Консти¬ту¬ция¬мыздың алтын арқаулары. Ата Заңымыздағы 98 баптың 30-ы адам мен азамат мәртебесін, олардың құқықтары мен бостандығын құрметтеуге арналғандығы қуанышты сезімдерге бөлейді. 1995 жылғы Конституция тарих кө¬шін¬дегі негізгі заңдарымыздың тағылымын байытып, бұрын бол¬маған қадамдар жасады. Мәселен, Қазақстан Республи¬ка¬сының азаматын қандай жағдайда болмасын азаматтықтан айырып, республика аумағынан шығарып жіберуге тыйым салынған. Осымен бір мезетте, ел азаматы өзге мемлекеттің азаматтығын қабылдай алмайды және ол басқа мемлекеттің қарауына берілмейді. Ата Заңымыздың талаптары адамдарға қатысты кез келген қысымды тоқтатып, еңбекке еріксіз тарту әрекетіне тосқауыл қояды, олардың жеке және ұжымдық еңбек дауларын қолданыстағы заңдар шеңберінде қорғайды. Республика Конституциясының жеке меншік қатынастары мүддесін қорғайтыны, бұл ретте зияткерлік меншікті танудың бұлжымастылығы айтарлықтай жаңалық болды. Конституциямыздың негізінде нарықтық экономика, оның ішінде зейнеткерлік, тұрғын үй-коммуналдық реформалар жасалып, бұл іс білім, денсаулық сақтау, тағы басқа маңызды әлеуметтік салаларда белсенділікпен жүргізілуде. Осының барлығында адамдардың ерік-жігерін ұштауға мүмкіндік беріліп, тиісті экономикалық, құқықтық қамқорлық жасалып келеді. Мұның өзі республика Конституциясы мемлекетіміздегі өкіметтің бірден-бір көзі – халық деп танитындығын көрсетеді. Балалар енді осы Ата Заңды қастерлейтін халқы бар Отан туралы ойланып көрелікші: Біздің Отанымыз - өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы жылдан – жылға алға ұмтылған, ғылымы мен мәдениеті озық ел. Отанымыз жайлы шығарылған ән де көп, күйде мол. Атақты би - шешендер, ақын-жазушылар, ғалымдар өсиет сөздер қалдырған. Мысалы: қаз дауысты Қазыбек би: «Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт – берекең – атаң қымбат, Аймалайтын анаң қымбат» деген екен. Бір оқушы Қымбат Әбілдәқызының «Мемлекетім» өлеңін мәнерлеп оқиды. МЕМЛЕКЕТІМ ! Тірліктегі тірегім – мемлекетім, Лүпілдеген жүрегім – мемлекетім. Тәубәмді айтып, Аллаға жалбарынсам, Сенсің, алғаш тілерім, мемлекетім І Мемлекетім – ұлтыма ұлы құжат, Әлемдік аэропорттар қабылдайтын. Тілім мен дінімді әлі ұққанға, Пейілін танытудан жаңылтпайтын. Мемлекетім тарихын кеш таныған, Ұлдары аз бабалардан сес дарыған. Бодандықтың қамытын тастағанмен, Босбелбеулік қалмаған жастарынан. Мемлекетім самғай бер қыран қанат, Сүйем сені арменен Құрандағы ақ. Көп ұлт басқа, өз иең қазақ болса, Саған қайсы жақын деп тұрам қарап... «Қазақстан жалауы» өлеңін оқу. «Біздің Елтаңба» өлеңін оқу. Енді балалар, Ата Заңның бірнеше бабына тоқтала кетелік: Қазақстан Рес¬публикасында аза¬маттарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдай¬лар жасалады. 25-бап, 2-тармақ. Әркімнің өзінің жеке басының бос¬тандығына құ¬¬қығы бар.16-бап, 1-тармақ. Қазақстан Республикасындағы – мемлекеттік тіл – қазақ тілі. | |
Просмотров: 11889 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 1 | |
| |