Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

АРМЫСЫҢ , АЛТЫН КҮЗ !!!!!
[ Скачать с сервера (337.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ тілі]
14.11.2015, 05:48

АРМЫСЫҢ , АЛТЫН КҮЗ !!!!!
Тақырыбы: Армысың, Алтын күз!
Мақсаты:
1. Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейте түсу; күзді басқа жыл мезгілдерімен салыстыра отырып, айырмашылығын ажырата білу;
2. Оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру; тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ету;
3. «Еңбек түбі - береке» деген халық даналығының дұрыстығын көз жеткізу.

1 - жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
2 - жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!
1 - жүргізуші: Уа, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық..!
2 - жүргізуші: Армысың сары алтындай Алтын күзім»
Күн нұрын төккендей боп жапырағың.
Қарсы алып біз өзіңді тұрмыз міне,
Алтын күз деп өзіңе айдар тағып.

1 жүр: Иә, міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі. «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.
2 жүр: Бұл мереке мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі. Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең.
1 жүр: күз - береке, сән - салтанат мереке айы, жиын - терім аяқталған кезде Еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді.
2 жүр:
Сыр беріп алтын күз де келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп келе бүгінгі Алтын күз мерекесін бастауға рұқсат етіңіз.
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. (музыка әуенімен ортаға шығады)
1 жүр: Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.
Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейік:

Әділ қазы алқаларымызбен танысып өтейік
1. Бастауыш сынып мұғалімі: Жатақбаева Айнур
2. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жұматева Толқын
3. Бастауыш психолігі Самжанова Асем

2 жүр: бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныстырып өтейік:
1. Таныстыру
2. Викториналық сұрақтар
3. Сән үлгісі
4. Күзгі дастархан
5. Өз өнерін көрсету. (вальс, ән орындау дуэтпен)
1 жүр: Ал енді осымен сайысымызды бастаймыз.
2 жүр: Ол үшін әр топтың басшысы шығып қоржыннан алма алуы тиіс. Сол алған алмадағы белгіленген нөмір бойынша сайысқа түседі. Сонымен таныстыру кезеңі
Жарқын дауыспен айқайлап,
Танысып өтсек әр жұппен.
Таныстыру кезеңіне берсек. Әр оқушы өзін таныстырады.
1 жүр: Келесі сайысымыз викториналық сұрақтар. Сайысымыздың шарты бойынша әр топтың басшысы ортаға келіп, үстелдегі конверттерді таңдайды.
Викториналық сұрақтар
1. Күзде қандай меркелер болады?
2. Күздің басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігі неде? Күз айларын атап шығыңдар?
3. Өлеңде күздің қандай белгілері суреттелген?
Сұр бұлыт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?
Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
4. Құстар, шыбын – шіркей қайда кетеді? Күзгі еңбек жайында не айтасың?
5. Күз қандай болады? «Күз» мезгілі ұнай ма? Өз пікірлерін айту?
6. Нан туралы мақал айтыңдар? (3 мақал ) айту. Күзді неліктен «Алтын күз» деп атаймыз?

2 жүр: Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі жапырақ - демекші күз белгісін бейнелеген сәнді сән үлгілерін тамашалайық.
Сайыскерлеріміз дайындалғанша ортаға оқушыларымыздың мәнерлеп оқуына әнімен шақырамыз.
1 жүр: сайыскерлеріміз дайын болса ортаға шақырамыз. (музыка ойнап тұрады сайыскерлеріміз ортаны айналып өтеді
2 жүр:
Ән салса әншілерім таң қаларсың,
Әр сөзін 99 рет қайталарсың.
Сондай ән туғызған қазағымды,
Қалайша тар пейіл деп айта аларсың.
1 жүр:
Шешендік еліміздің данасы,
Ән мен күй қаламыздың ағасы
Би билеп шырқайтұғын қыз бен жігіт,
Өнерін көрсетпейді деп айта алмайсың - дей келе келесі сайысымыз өнер сайысын бастайық.
Ортаға 1 номерлі --------- топты шақырамыз.
1. Жұман Айдана 3 Ғ сынып оқушысы
2. Оқан Айым 4 А сынып оқушысы
3. Акымжанова Жанерке 3 Г сынып оқушысы
4. Оспанова Нұрай 3 А сынып оқушысы
5. Болатбекова Сымбат 3 М сынып оқушысы

2 жүр:
Күзгі дастархан сайысына кезек береміз. Қолынан бал тамған сайыскерлеріміздің өнерін тамашалап, дәмін татайық.
Күзгі жеміс - жидектен
Жасаған тамақ тұр міне
Мұрныңды жара есіктен
Неткен дәмді тағам ең!

2 жүр: міне, біз бүгін көптен бері ізденіп, тынбай дайындалған «Алтын күз» мерекесіне байланысты өтіп жатқан «Алтын күз » мерекесінің жүлдегерін анықтайтын уақыт жетті.
1 жүр:
Әділ қазы алқасы
Берсін әділ бағасын - деп сөзді әділ қазылар алқасына береміз.

Категория: Қазақ тілі
Просмотров: 3557 | Загрузок: 64 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]