Главная » Файлы » Ашық cабақ |
[ Скачать с сервера (17.0 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ тілі] |
14.04.2016, 20:14 |
Тақырыбы: «Қазақ тілінің білгірлері» (Зияткерлік сайыс) Мақсаты: :Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.Өз ана тілін біліп,өзге тілдерді құрметтеуге шақыру. Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен бейімдеу. Әдісі: сайыс сабақ Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар. Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, шет тілі, өнер,халық педагогикасы. Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 1) Оқушыларды топқа бөлу. 2) Әділқазылар алқасын сайлау. 3) Сайыстың мақсатымен таныстыру. 4) Топтардың аттарымен таныстыру. І топтың аты - «Тұлпар» ІІ топтың аты - «Сұңқар» І тур «Бәйге» (Оқушылар қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде тез жауап беруі тиіс.) І топ «Тұлпар» тобына сұрақтар: 1 .Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (Түркі) 2.Қазіргі кезде қолданыстан шығып қалған сөздерді қалай атаймыз?(Архаизм) 3. Үндестік заңы нешеу? (2) 4.Қазақ әдеби тілінің негізін салушы. (Абай) 5.Лексикалық мағынасы бойынша қарама-қарсы сөз қалай аталады? (Антоним) 6.Ұлыбританияның мемлекеттік тілі?(Ағылшын ) 7.Қазақ тілінде септіктің неше түрі бар?(Жеті) 8.Бір түбірден өрбіген сөздерді қалай атайды? 9.Бір сызықпен белгіленетін сөйлем мүшесі?(Бастауыш) 10.Қазақ тіл білімінің негізін салушы кім?
ІІ топ «Сұңқар» тобына сұрақтар 1. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын) 2. Орфография нені зерттейді? (дұрыс жазылуын) 3.Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (еріндік, езулік) 4.Дауыстылардың саны қанша? (12) 5.Әліпбидегі 10-шы дыбыс қандай дыбыс? (Ж) 6.Сөз таптары нешеу? (тоғыз) 7.Қосымша нешеу? (екеу) 8.Жұрнақтың түрлерін ата. (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші) 9.Зат есімнің мағыналық түрлерін ата. (деректі, дерексіз, жалпы, жалқы) 10.Сын есімнің шырайларын ата. ( салыстырмалы, асырмалы) І турдың қорытындысын тыңдау. ІІ тур “Бір сөзбен айтқанда” Мен сендерге тұрақты тіркесті оқимын ,соның қандай мағына беретінін бір сөзбен атау керек: І топ «Тұлпар» тобына: 1.)Тайға таңба басқандай(анық) 2)Төбе шашы тік тұрды (шошыды) 3).Ит арқасы қиянда (алыс) 4)Қырық пышақ болу (төбелесу) 5)Жұмған аузын ашпау(үндемеу) 6.)Қой аузынан шөп алмас (момын) 7)Тонның ішкі бауындай (тату). ІІ топ «Сұңқар» тобына: Келесі ойын-«Қалай дер едіңіз?» 1)Тас бауыр (мейірімсіз,сезімі жоқ) 2)Ұйықтамау(түн ұйқысын төрт бөлу) 3)Аз (тауыққа тары шашқандай ) 4.)Ұялу (бетінен оты шықты ) 5)Өкіну (бармағын шайнады) 6)Таңдану (аузының суы құрыды) ІІ турдың қорытындысын тыңдау. ІІІ тур. «Сөздің көркі –мақал» Мұнда алдымен сұрақтың жауабын тауып,сол сөзге байланысты мақал айту керек.Мысал: 1.Төрт аяқты шалғы,орып кетер малды.(Қасқыр) Бөрінің аузы жесе де қан ,жемесе де қан. 2.Бір ғажап бар тілі жоқ , Сөйлеп берсе міні жоқ (Хат) Ғалымның хаты өлмейді , Жақсының аты өлмейді. 3.Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар.(Түйе) Соңғы түйенің жүгі ауыр 4.Кішкентай ғана бойы бар , Айналдырып киген тоны бар.(Қой) Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. 5.Қанатым бар ұшпаймын, Су астында қыстаймын.(Балық) Балық басынан шіриді. 6.Су бетін сызып, Аққұман жүр жүзіп.(Аққу) ІІІ турдың қорытындысын тыңдау. ІҮ тур «Ұйқасын тап» Кіп-кішкентай Жанат Бүгін қандай .... Көбелектей .... Аулада жүр ....
Көктемде бақ ... Құстар онда .... Құстарды біз .... Олар бақты ....
Жүремін бе мен текке? Барам биыл ...... Қолға қалам ..... Суретті де ......... (Топ оқушылары белгілі уақытпен өлең жолдарының ұйқасын тауып толықтыруға тиіс) ІҮ турдың қорытындысын тыңдау. Ү тур «Жылдам жауап» ойыны.Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі.Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал-мәтелдермен дұрыс әрі жылдам-жылдам жауап берулері керек . Әзіл аралас сұрақтар. 1)Қар жана ма? 2) Келіннің сөзі қандай, баланың сөзі қандай? 3)Көрдім деген неше сөз,көрмедім деген неше сөз? 4)Бір қазанға сыймайтын қандай бастар? 5.)Адамның қай жеріне нан піседі? 6) Сиырдың сүті қай жерінде? 7).Қандай бала сүйкімді ? 8).Қандай кілті аспанда болады? 9)Тауық түс көре ме екен?
Ү турдың қорытындысын тыңдау. ҮІ тур “Жекпе- жек” (Әр топтың жетекшілері шығып берілген «Тәуелсіздік» сөзіне бірнеше сөздер құрайды.) (Ел,әу,сіз,ет,кел,із,іс,тек,лек,кіл,әл,әк,ез,ес,іл,уіл,лек,ек,тәулік,кілт,тәуелсіз,,тәуелді,тәуелдік,сәт,тәсіл,тез.) Қорытынды: Оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта білетіндіктері байқалды. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдылысы,тіл мәдениетінде нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін - бірі тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды. Оқушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрін қадір тұтып, адамгершілік қасиеттерге ие болды. Жеңімпаз топ анықталып мақтау қағазы тапсырылды
| |
Просмотров: 3426 | Загрузок: 84 | |
Всего комментариев: 0 | |