Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Менің ұстаздарым
[ · Скачать удаленно () ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ тілі]
16.11.2012, 22:02

Тақырыбы: Менің ұстаздарым

Мақсаты:Оқушылардың бойында мектеп мұғаліміне деген сүйіспеншілікті ояту,        олардың мұғалімге деген ризашылықтарын жария етуіне мүмкіндік жасау.

Міндеттері:

1.Оқушылардың  ұстаз еңбегін бағалау мен жанашырлық сезімін қалыптастыру.

2. Әрбір оқушыны ұстаз қауымын құрметтеуге,

3. Оларға сыйластықпен қарауға тәрбиелеу

.І. Сәлемдесу

ІІ.Шаттық шеңбері

Жарқын  жүзді ұстазым

       Сөзін жазған:Ш.Смаханұлы

       Әнін жазған:И.Нүсіпбаев

 Келгенімде алдыңа,

Қызыл арай гүл алып,

Жақын  тарттың жаныңа,

Шәкіртім  деп қуанып.

Сипадың да басымнан,

«Әліппені» ұсындың.

Бақытымның  осыдан

Басталғанын  түсіндім.

 Мейір  толы көзіңде,

Кім бар сенен шыдамды.

Шалыс басқан кезімде,

Кешірерсің кінамды.

ІІІ.Мәтінмен жұмыс

Өнерлі жігіт (аңыз)

Әл-фараби бір күні базарға  барса,бір  жас жігіт тісімен шеге  суырып,әр түрлі өнер  көрсетіп  тұр  екен.оны көрушілер риза болып,тиын-тебен тастап кетіп жатады.Әбунасыр одан:

-Күніне қанша табасың?-деп сұрайды.

-Екі дирхемге  жетер-жетпес қана.

-Онда сен бұл  өнеріңді таста.Маған ер,мен саған оқу үйретемін,күніне төрт дирхем беремін,-деп оны  ертіп алады.Мұны естіген саудагерлер:

-Мына диуана,дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып,әрі оған төрт дирхе төлегені  енесі?-деп күліпті.

Кейін сол  бала ғалым  болыпты  деген сөз бар.

*Әл-Фараби жігітке нені үйреткісі  келді?

*Шәкіртінің болашақта  жақсы адам болып шығуына ұстазы қандай  еңбек сіңірді  деп ойлайсыңдар?

*Білім адамға не үшін қажет?

ІV.Шығармашылық  жұмыс

 

1.Суретке  қарап ұстаздық  еңбек  туралы айтып беріңдер.

2. «Менің  ұстазым»  тақырыбына әңгіме  құрастыр.

V.Жаңа ақпарат

Ұстаз  мектепте  білім-тәрбие  беріп,адамгершілік нұрын  төгеді.Мұғалім жас ұрпаққа өз өнерін,тәжірибесін,білімін  үйретеді.адамдардың  айналаға,достарына,табиғатқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады.Ол адамның  өмірге  деген сенімін арттырады,өмірден өз  жолын дұрыс  таба  білуге көмектеседі.

Тапсырма ( төменде  айтылған ойларды түсіндіріңдер)

*Мұғалім- білім беруші.

*Мұғалім-көмекші.

*Мұғалім –қамқоршы.

*Мұғалім-ақылшы.

*Мұғалім-сенімді  дос.

VІ. Бақша  ағаштары   Ы.Алтынсарин (үнтаспадан  тыңдату)

*Бақша  ағаштарының тік немесе қисық өсулерінің  себебі  неде?

   * Әкесі  баласына қандай  ақыл айтты?

   *Осы әңгімеден  қандай қорытынды  жасауға болады?

VІІ. Дәйексөз

Бүгінгі сабағымыздың  дәйексөзі« Ұстазы  жақсының,ұстамы жақсы»

 Мақал

 

 

Назар  аударайық!

Ұстаз:

1.біліммен  сусындатады;

2.тәлім-тәрбие береді;

3.өмір қиындықтарын жеңуге баулиды;

4.табиғатты танып білуді  меңгертеді;

5.адамдарды түсінуге үйретеді;

VІІІ. Жүректен   жүрекке

n  Білім бергеніңіз үшін рақмет!

n  Оқуға үйреткеніңіз үшін  рақмет!

n  Ақыл-кеңесіңіз үшінрақмет!

n  Жылы жүрегіңіз үшінрақмет!

n  Жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшінрақмет!

Қорытындылау

Ризашылық әні.

(сөзі мен әнін жазған Луиза Хей)

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз қазірге!

Ризамын3, бүгінге!

Ризамын3, қазірге.

Үйге тапсырма.

Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin | Теги: Менің ұстаздарым
Просмотров: 7583 | Загрузок: 906 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]