Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ тілі]
31.03.2012, 21:27
Сағаттың тақырыбы: Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра.

Сағаттың мақсаты: Оқушыларды тіл құдіретін сезіне білуге,
дұрыс сөйлеп, сөз мағынасын түсіне
білуге қалыптастыру.

Дамыту мақсаты: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін
дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге,
пікір таластыра білуге дағдыландыру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ.

Сабақ жоспары.
1. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңы».
2. «Туған тілім тірлігімнің айғағы …» мәнерлеп жатқа өлең оқу
3. Тілге байланысты мақал – мәтел айту
4. «Ана тілің арың бұл …» тақырыбында мәтін құрастыру

Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз.
«Тіл ақылдың өлшемі» деп халқымыз бекер айтпаған. Олай болса, тіл мәдениетіне жастарды тәрбиелеу көркем - әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты. Себебі көркем - әдеби туындыларды аз оқитын оқушылардың сөздік қоры аз, осыған орай, олардың дүние танымы да, сөйлеу мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі байқалады. Өйткені ақылдың көзі ойда. Логикалық жүйемен дұрыс ойлай білу тіл мәдениетін қалыптастырады. Дұрыс ойланып сөйлеген адамдар өз ойын толық жеткізе алады және өзін басқаларға тыңдатады да, өзі басқаның ойын тыңдай біледі.
Елбасымыз Н. Ә Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген сөзі түсінген адамға көп мағына жатыр. Тілдің көмегімен өнер – білімді, ғылымды игереміз, өткен – кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Біз өз тілімізді құрметтей отырып, дініміз бен салт дәстүрімізге, тарихымызға көптеп үңілетін болсақ және оны өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазынамызды әлемге танытсақ келешек ұрпақ үшін көп жұмыс атқарған болып саналамыз. Өйткені өз тілін, дінін, тарихын жақсы білмеген адам басқа тілдің қадірін білу мүмкін емес.
Қазақ халқы өзінің шешендігімен шеберлік және даналығымен ерекшеленеді. өйткені мақал – мәтелдердің мағынасына зер салып көрсек, бір шындықтың нышаны білінеді.
Ертеде билер мен шешендер ел – елдің дауын майда тілмен шеше білген. Оның айғағы «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді» деген мақалдың астарын бақылайықшы. Яғни, баланы ұрып, ұрсып айтпай –ақ, ойланып, дұрыс сөйлеп оның зердесіне жетуге болады. Жақсы сөзбен оның көкірегі мен көзін ашуға болады.

«Өнер алды қызыл тіл»

- Кел, жас дос, әдемі де әдепті, сұлу да ойлы сөйлеуге үйренейік.
- Әдемі, әдеби сөйлеудің көзді бұлағы - кітап. олай болсакітапты жай оқып қоймай, ондағы сөздер, сөйлемдерге назар аудар, есіңде ұста, сөзіңде пайдалан. Әдемі сөйлеудің көзді бұлағы халық тілінде.
а) Шешендік ақыл – нақылға негізделген даналық сөздерге назар
аудар. ол үшін жыраулар толғаулары, терме жырлар, ауыз әдебиеті
ү.лгілерін көп оқы.
ә) Мақал – мәтелдерді сөздік қорыңа қосып, оларды ұтымды
пайдалануға тырыс. «Ең әдемі сөз – аз сөз» дейді халық. «Көп сөз
– көмір, аз сөз алтын» дегені тағы бар. Мәдениетті, әдемі сөйлеу
үшін көп сөйлеу міндетті емес. Қай жерде болсын айтарыңды қысқа, әрі нақты, нық айтуға тырыс. Сөйлемдерің шұбалаңқы, шашыраңқы болмасын. Әуелі өз ойыңды айту үшін ішіңнен не айтатыныңды жинақтап ал. Сонда ғана сен әдемі де әдеби сөйлейсің.
б) « Шешендік қоржынын » жаса. Бұл қоржыныңа осындай сөздерді жинап, оны жазба жұмыстарында пайдалануға тырыс.

Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
1. елбасымыз Н. Назарбаев дүниежүзі қазақтардың құрылтайында не деген екен ?
2. Енді қазақ тілі жайында кім айтар екен ?
3. Қай жылы «Тілдер заңы» қабылданды ?
4. тіл білімінің атасы кім ?
5. Халық тілін ана тілі деп атаудың мәнін түсіндіріңіз.
6. «тілден қымбат қазына жоқ » дейміз осыған байланысты қандай мысал келтірер едіңіздер ?
7. Тілге байланысты қандай өлеңдерді жатқа айта аласыңдар ?
8. Тілге байланысты көрініс көрсетіңіздер.
9. Ата Заңымыз жайлы кім айтады ?
10. Қазақ елінің бас қалалары жайлы кім не айтады ?
11. Тілге байланысты қандай мақал – мәтелдер білеміз ?

Сабақты қорытындылау: Мұғалімнің сөзі
Үйге тапсырма: «Тіл - ұлттық белгі, халықтық мұра, дүние
таным құралы» деген тақырыпта ой толғау жазу

Сағаттың тақырыбы: Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

Сағаттың мақсаты: Оқушыларды өз тілін құрметтей білуге
және оны басқа елдерге биік дәрежеде
көрсете білуге дағдыландыру.
Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу
Дамыту мақсаты: Оқушыларды ұлтжандылыққа, көпшілік
ортада өзін еркін сезінуге және өз
ойларын еркін жеткізе білуге
дағдыландыру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ.

Жоспар:
• Ой сергіту. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
• Жаңа сабақты түсіндіру (лекция).
• «Домино» ойыны
• Мақал – мәтел жарысы.
Ой сергіту. Оқушыларға «Кәне кім жылдам» ойынын ойнату. Ол үшін оқушыларды екі топқа бөліп, қиылып алған қағаздарға 5 сөзден жазып мәтін құрастыру керектігі айтылады. Қай топтың мәтіні мағыналы әрі маңызды болса, сол топ жеңімпаз болады. ХХ ғасырда адамзаттың мәдениеті мен әдебиетінің дамуына аса үлес қосқан Шығыс ғалымдарының алып тұлғаларының бірі Қайқабус (Қайқаус) «Қабуснама» атты ғылыми - әдеби шығармасында «Өнердің абзалдығы , қадір – құрметі және өнегелі болуы туралы бөліміндегі «Барлық қасиеттің бірі – сөз сөйлей білу. Бұл жағдайды жете түсіне де жақсы сөйлей білуге үйрен, сыпайы , анық сөйлеуді әдет қылғайсың. Өйткені қандай сөзді айтуды әдеттенсең, тіл соны айтады» делінген.
Сөзді өз орнымен сөйле. Орынсыз айтылған сөз жақсы болса да жаман көрінеді. Орынсыз айтылған артық сөз опық жегізеді. егер сөйлеген сөзіңнен бір нәрсенің пайдалы иісі сезініп тұрмаса, ондай сөздің айтылмағаны жақсы.
«Сөз бір шарап сияқты, одан бастың ауруы да ауырмауы да мүмкін» депті білімдарлар. Біреу сенен бір нәрсені сұрамаса, жауап бермегейсің, ал сұрап қалса турасын айтқын. Босқа кететін жел сөзден сақтан.
... Жақсы сөз жан азығы, жақсы сөзге сараң болма. Жақсы сөз тыңдауға ынталы болмаған кісінің бар ынтасы, есіл – дерті мал, дүниеге ауып кетеді. Дөрекі сөйлемей, сыпайы, жақсы сөз айтсаң, сен де жақсы сөз естисің деген даналық сөзі бізге өнеге ретінде сөздің адам өміріндегі құдіретін паш еткізгендей.
Бұқар жырау сөз өнерінің қиындығына маңыз беріп:
Ел бастау қиын емес ...
Қонатын жерден қол табылады.
Қол бастау қиын емес –
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан
Қиынды көргенім жоқ десе, атақты француз жазушысы Онере де Бальзак «Сөз - өнер атаулының ең қиыны мен күрделісі» деген екен.
«Жастарымыздың үлкен бір кемшілігі бар, - дейді
Серке Қожамқұлов. Ол мынау: сөйлесе кетсең, көпшілігі – ақ мүдіріп, аузына сөз түспей, білген сөзінің өзін қиналады да қалады. Ана тілінде таза сөйлей алмайтыны, сөйлемдерінің басы мен аяғы араласып, сөздері шұбар – ала келетіні бірден байқалады . Бұның өзі, әрине тілін ұстартуға зер салмағандықтың салдары»
«Тіл тазалығы үшін, мағына дәлдігі үшін, тіл өткірлігі үшін күрес мәдениет құралы үшін күрес Бұл құрал неғұрлым өткір болса, ол соғұрлым нысанаға дәл тиіп, ол соғұрлым жеңімпаз болмақ» деген . Мысалы Горький діни ұшқыр ой сөз құдіретін бағалау, сөзден мағына іздеу, адам баласын мәдениеттендіре түсетіндігін айқындайды. Сонымен бірге «Қабуснаманың» - Ақындық өнер туралы бөлімінде «Ей, перзентім, егер ақын болғың келсе, ақылды бол. Сөзің тілге жеңіл, көңілге қонымды болсын . Түсінуге қиын, қисынсыз сөздерді қолданудан сақтан, өзіңе түсінікті болғанмен, өзгелерге түсініксіз ауыр сөздерді пайдаланба» деген өсиетінде де сөз қадірін, сөз құрметін айқындаумен қатар, оны қолданудың маңызына айырықша ммән бергендігін байқаймыз.
«Ақылдың көзі – аталы сөз » деп ұққан халқымыз сөйлей білуді үлкен өнер деп санаған. Оның айғағын «Жақсы сөз - жарым ырыс», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді», «Шешенннің сөзі мерген, шебердің ісі мерген» т.с.с көптеген мақал – мәтелдерден байқауға болады.
... Сөз төрт топқа бөлінеді. Біріншісі - білуге де , айтуға да қажеті жоқ сөздер. екіншісі - білуге де, айтуға да қажетті сөздер. Үшіншісі – білуге қажеті жоқ, бірақ айтуға болатын сөздер. Төртіншісі – білуге керек, бірақ айтуға қажетсіз сөздер. Негізінде, дүниенің бар жақсылығы - айту және білу үшін қажетті сөздерге тән қасиет. Бұл сөздер дүние үшін пайдалы болып, айтушыға да, тыңдаушыға да мән – мағынасымен әсерлі болуы тиіс.
... Сөйлеген сөздің мағынасына мән бермесең, мысалы, сен де бір құс сияқтысың. Мұндай құстың атын тоты дейді. Тоты құс та сөйлейді, бірақ ол сөздің мағынасын білмейді. Шешен кісінің сөйлеген сөзі халыққа түсінікті және оның өзі халықтың әрбір сөзін жете түсініп, жоғары дәрежеде меңгерген жағдайда ғана айтуға болады. Мұндай жандар ақылдылар тобына жатады. Ал ондай қасиеттен құр алақан қалған жандар - олар бір адам кейіпіндегі жануарлар. Сөздің құнын дұрыс бағалай біл. Өйткені сөз жай нәрсе емес. Білген сөзіңді өз орнына қойып, уақытыңды босқа өткізбеуге тырыс.
Сабақты қорытындылау. Мақал – мәтелдер жарысы. Екі топ жарысады. Алға шыққан топ мүшелері асыл сөзбен марапатталады.
Категория: Қазақ тілі | Добавил: silent
Просмотров: 24172 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.0/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]