Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Тілдік қарым-қатынас –мәдениеттілік айнасы


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ тілі]
31.03.2012, 21:39
Топ сағатының тақырыбы: Тілдік қарым-қатынас –мәдениеттілік айнасы.

Мақсаты: Сөз өнерін, тіл мәдениетін меңгерту, мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру, шешендікке шыңдау.
Кіріспе сөз. Топ жетекшісі:
- Адамның қоғамда өз орнын табуында, көпшілік құрметі мен сеніміне ие болуында, кемел ғұмыр кешуінде орнымен, дәмді, дәйекті сөйлей білуі, тауып айтатын тапқырлығы үлкен рөл атқарады. өйткені ақылы кемел, кісілігі зор, білімі мол адам ғана солай сөйлей алады. Ондай дәмді, қисынды, қысқа қайыратын қызықты, айшықты да әділ сөзді халық ұйып тыңдап, “тура сөз” , “құдайы сөз” деп уәжіне тоқтаған.
Орынды сөйлеу, қисынды сөйлеу – ол да бір дара бақыт. Сондықтан әр елден шыққан арғы-бергі заман даналарының, ақылгөйлерінің сөздің, сөйлеудің маңызын аса жоғары бағалап, ой толғамағаны жоқ десе де болады. Ұлы ақын Абай тіл құдіретін
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас, -
Деп тамсана бағаласа, түрікменнің ұлы ақыны Мақтұмұлы тауып сөйлеген сөзді “тілден шұғыла шашқанға” балайды. Сөз құдіретін түрік туыстар “Он сөз өзен тоқтатар” деген мақалмен түйіндеген. Дегенмен, адамның мейірін қандырып, мерейін өсіретін – құр жағын жанып, тілін безеп сөйлей беру емес. ХІ ғасырда өмір сүрген тәжік шайыры Кайкавус “Ұқыптылық атаулының ішіндегі ең жақсысы – ұқыпты сөйлеу”, - дейді. Бұл жерде әңгіме сөздің тұжырымды, айқын, бейнелі болуы жайында екені түсінікті. Сөйлеудің тағы бір аса маңызды қасиетін аша отырып, өзбектің ұлы ойшыл ақыны Ә. Науаи : “Ас тұзбен дәмді, су мұзбен дәмді. Ал адам салиқалы, сапалы сөзімен мәнді” ,- деп көрсетеді.
Сыпайы, келісті сөз сөйлеушінің абыройын арттырады, жақтастарын көбейтеді, көптің ықылысына бөлейді. Сондықтан тіл қуатына барлық ғұлама тәлімгер, ұстаздар үлкен мән берген. Бұл жөнінде Құранда да айтылған: “Менің пенделеріме айт: жақсы сөздер сөйлейтін болсын”, - деп.
Әрине, сөйлей білу – үлкен өнер. Ол арымай –талмай, шешендік сырын зерттеуді, жаттығуды, мол білімді, ой өрісі мен қиял кеңістігін қажет етеді. Абай: “Тіл өнері –дертпен тең ” , -деп, өткеннің сабағы, өз басынан кешкеннен шығарып айтып отыр. әсем сөйлеуге көп тығдап, көп оқып, қалықтың ауыз әдебиетін, әсіресе, айтқыштық пен терең ойдың інжу-маржандары – мақал, мәтелдерді жетік біліп, сырына үңілу, кітапты көп оқу арқылы жалығып, төселеді. Халықтың “Ақылды адам сөзді нақылсыз айтпайды, бір айтпаса нақылды – ақылсыз айтпайды” деген тұжырымы содан шыққан. “Жұздің көркі – сақал, сөздің көркі –мақал” деген де соған мегзейді.
Сондықтан, балалардың жас кездерінен бастап өлең – жырлар жаттап, шешендің үлгілілерді, неше түрлі тәмсіл сөздерді жаттап өсуі, өзінің де тақпақ, өлең жазуға талпынып, үй ішінде, сынып, мектеп жиындарында тартынбай сөйлеп, ойын түсінікті, бейнелі етіп айтып жеткізуге машықтанулары, ата-ана, тәрбиеші –ұстаздар оларды соған тәрбиелеуі қажет. Бұл ретте бүлдіршіндерге ертегі айтып беру, өздеріне айтқызу, жұмбақтар шешкізу, сөз ойындарын ойнату аса пайдалы болмақ. Сөйлеудегі ең жақсы қасиет –ой-пікірін қысқа әрі дәл айтып жеткізушілік. Алтын, күміс, гауһардың қымбат санаулы –олардың аздығы, тазалығы десек, қысқа, қоспассыз, ұғымды сөз де қадірлі. Орыстың аса шебер жазушысы А.П. Чеховтың “Қысқалық – таланттың сыңары” деуі де сондықтан. Ғұламалар “Көп нәрсенің қадірі болмайды” дегенді айтады. Мұның сөйлеуге де тікелей қатысы бар. Бұрынғының даналарынан “Қанша көп сөйлесең, сонша аз айтасың” деген нақыл қалған. “Жақсы байқап сөйлейді, жаман шайқап сөйлейді” деген нақылдардың да маңызы зор.
ІІ бөлім. Топ оқушыларының пікірі тыңдалды.

ІІІ. Қорытынды.
Тақырыбы: Қалдырған ізің мәңгілік.
Мақсаты: оқушыларға ұлағатты ой иелері, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектерді, парасатты қоғам қайраткерлері де бәрі де ұстаздарға қарыздар екенін ұғындыру, ұстаздар қауымын құрметтеп қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: “Ұстаздан кім бар ардақты ”, қабырға газеттері, гүл, плакаттар.
Жоспары:
І жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін бізде үлкен мерекелі күн. Осы қазан айы ұлы мерекелерге толы. Қазанның алғашқы кұні – ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз – ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттердің өзінен де озғанын қалаған ұстаздар қауымы мерекелеріңіз құтты болсын.!
ІІ –жүргізуші: Бүгін ұстаздар мейрамы. Жер бетінде білімнің нәрін сепкен, кеуделерінде сан түрлі арман маңыздаған бүлдіршіндерді өмір жолына талпындырған құдіретті қуат иелері ұстаздар мейрамы!
Құрметті ұстаздар мерекелеріңіз құтты болсын! Саулықтарыңыз мықты, шаңырақтарыңыз толы шаттық болсын!
Ән: Ұстаздарыма.
1-оқушы:
Ұстаз, ұстаз!
Ардақты да құдіретті бұл есім
Үнемі сен жүрегімнің түкпірінде жүресің
Тұлғаң сенің тұрады менің көз алдымда әрқашан,
Қасиетті әр сөзіңнен нәр қосам.
Ұстаз, ұстаз!
Сен көрсеттің білім жолын іздеген
Жүріп кеттім мен де алға
Сен көрсеткен ізбенен
Талай ғалым, талай ақын
Қанаттанды өзіңмен,
Дүние сырын таныды олар
Сенің айтқан сөзіңнен.
2- оқушы:
Ұстаз!
Осы сөзде қаншама ұлылық бар?
Жүрегінде маздаған жылылық бар
Ол сен үшін тер төккен бекзат қауым
Ұстаздығы сан сырды ұғынып қал.
Мен мәңгі қарыздармын ұстаз саған.
Құдіретіне бас имей қалған ба адам.
Мінезіңе байсалды ғашық болып,
Мен де өзіңдей болуды армандағам.
3-оқушы:
Күллі өмірін жеткіншікке арнаған
Мұғалімді ардақтамас барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Көрсем дейді күнге де қол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.

Би.
І – жүргізуші:
Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан.
ІІ – жүргізуші:
Мұғалім- бұл адамның ардақты аты,
Білімділік бар биікке шығар саты
Ең алғаш басталады осы адамнан
Сүйеді, сондықтан да жақын жаты.
Ән : “Ұстазға тілек”
І- жүргізуші:
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ұстаздарға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
ІІ- жүргізуші:
Ұстаз болу- жүректің батырлығы,
Ұстаз болу –сезімнің ақындығы
Ұстаз болу –мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Күй: “Көңіл ашар”
І –жүргізуші:
Ұстаздардың ұлағатты сөзінен
Өмір бойы таусылмас нәр аламыз
Ұстаздардың мейірімді көзінен
Бізге деген жылылықты табамыз.
ІІ- жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз, мұғалім
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланның бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.
І-жүргізуші:
Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе
Өнеге мол өзіңде
Өсиеті көп сөзінде
Көңілімнің қамын- ай
Көп шәкірттердің досындай,
Ақ ниетті, кең пейіл
Ұстаздарым осындай.
ІІ- жүргізуші:
Ендігі кезекті тобымыздың жетекшісі, Фариза Омарғалиқызына сөз кезегін береміз.
Хор.
І- жүргізуші:
Колледжіміздің білгірі
Өздерің ғой ұстаздар
Талай жанға үлгілі
Парасатты ұстаздар,
Ұрысып ап артынан
Еркелеткен ұстаздар,
Айныма осы қалпыңнан
Жібек, мінез ұстаздар!
ІІ- жүргізуші:
Мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін?- деп алғыс білдіреміз.
Қош, сау болыңыздар! Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын ұстаздар.

Мерекелік шараның тақырыбы: Қазақстан –ұлан байтақ мекенім

Мақсаты: Оқушыларға, Тәуелсіз Қазақстан Республикасы туралы түсінік беру. Қазақстан мемлекетінің ерекшелігін, бүгінгі таңдағы дамуын және Республика күні туралы түсінік беру. Оқушыларды отынды сүюге, туған жерді қрғауға жетелеу.

Жүрісі: Жоспары:
1) Тәуелсіз Қазақстан Республикасы (баяндама)
2) Оқушылардың ойлары
3) Ән шашу
4) Мақалдар сайысы

Қазақстан Республикасы – ұлан байтақ, қуатты ел. Жерінің ауданы жағынан д.ж. ең ірі мемлекеттер қатарында. 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР-і жоғарғы кеңесі мемлекеттік егемендік туралы Декларациясын қабылдады. Содан бері 25 қазан Республика күні болып жарияланды. Ал, 16- желтоқсан- Тәуелсіз күні. Осындай атаулы төл мерекелріміз бар. Күні бүгінгі таңда Қазақстан бейбітшілігі жарасқан, халықтар достығы жарасқан, ел экономикасы тұрақты ел болып табылады. Олай болса, осындай бақытты елдің азаматы өз елін, жерін мақтанышпен қорғауға парыз елін, жерін мақтанышпен қорғауға парыз.
Кульчикова Г. – біз тәуелсіз Қазақстан мемелекетте тұрамыз. Еліміз тыныш. Қазақ халқы қонақжай халық. Сондықтан біз барлық көршілес мемлекеттермен доспыз. Еліміз әрқашан көркейе берсін.!
Бүркітов А. – Тая күндерде Қазақстанның Республикасы күні аталып өтеді. Бұл үлкен мейрам. Қазақстан мемелдекетінің тәуелсіз республика екенін аңғартады. Қашанда еліміз тыныш, жарқын болашаққа бірге барайық.
ІІІ. Патриоттық ән шырқалады.
ІV. Отан туралы мақалдар айтылады.
1) Отан –оттан да ыстық.
2) Отан үшін отқа түссең- күймесең.
3) Өзге елде ұлтан болғанша, өз еліңде сұлтан бол.
4) Отанын қорғау, әр адамның парызы.

Қорытындылау. Сонымен оқушылар, біз өз елімізді шексіз сүйіп, онық байлығын игеріп, салт –дәстүрді кейінгі ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз. 25- қазан Республика күні баршаға құтты болсын. Еліміздің көк байрақ туы, көк аспанда мәңгілік желбірей берсін. Еліміздің экономикасы қарқынды дамып, болашаққа жарқын жол дегендей, әрбір азамат бейбіт елде бақытты өмір сүруіне тілектеспіз. Сендер қашанда өз елдеріңді мақтан тұтыңдар.
Қазақстан ұлан байтақ мекенім
Әрқашан да аялаумен өтермін,
Желбіреген көк туымның астында,
Шаттанып-ақ мәз- мәйрам боп жүремін, - дей келе осы мерекелік шарамызды тәмамдаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Категория: Қазақ тілі | Добавил: silent
Просмотров: 12317 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]