Главная » Файлы » Ашық cабақ |
Жаңылтпаштар,жұмбақтар, Мақал-мәтелдер.
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ тілі] |
19.02.2013, 23:00 |
Шымкент-2012 Сабақтың тақырыбы: Жаңылтпаштар,жұмбақтар, Мақал-мәтелдер. Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің түрлері: жаңылтпаш,жұмбақ,мақал-мәтелдермен таныстыру. Ә) Дамытушылық: Халық ауыз әдебиетінің бұл түрлерін бір-бірінен ажырата білуін,мәнін терең түсініп,мағынасын аша білуін және оқушылардың ойлау қабілетін,тілін дамыту.Шығармашылық жұмысқа баулу. Б) Тәрбиелік: Оқушылардың халық ауыз әдебиеті арқылы ұлттық сезімін оятып,кішіпейілділікке,ізеттілікке,адамгершілікке,топпен жұмыс істеуге үйрету. Сабақтың әдісі: Партисипаторлық әдіс. Сабақтың түрі: Тренинг сабақ. Пән аралық байланыс: ағылшын тілі,орыс тілі,дүниетану. Көрнекі құралдар:үлестірмелі қима қағаздар,тренинг ережелері жазылған,сабақтың тақырыбы жазылған плакат,топ ұпайларының көрсеткіштері,телевизор макеті,тест жұмыстары жазылған плакат,магнитофон. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. А) сәлемдесу Ә) топтарға бөлу 2.Жаңа сабақ. Бүгінгі сабағымыз тренинг- сабақ түрінде өтеді.Тренинг сабақтың негізгі мақсаты оқушыларды ұйымшылдыққа,топтасып жұмыс жасауға баулу,ойларын бөлісіп,ашық айтуға дағдыландыру,бірлесіп,үндестікпен жұмыс жасауға үйрету. Сыныпты үш топқа бөлеміз: Тұлпарлар. Достар. Батырлар. Әр топ жанына топ аттары жазылған табличкалар қойылады. Сабақ ережесімен таныстыру. 1.Тыныштық сақтау 2.Ұжыммен жұмыс 3.Қол соғу 4.Ойын ашық айт 5.Ережені бұзбау. Әрбәр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. Әр топ өздері арасынан: 1.Топ басшысын 2.бақылаушысын дайындайды. Топ басшылары топ мүшелерімен таныстырып отырады,ал бақылаушылар топ мүшелерінің алған бағаларын жазып отырады. 1-бөлім. «Білгенге маржан,білмегенге арзан». Әр топқа тапсырма беріледі.Ойлануға 2 мин. Тапсырмалар: №1.мақал-мәтел дегеніміз не? №2.жұмбақ деген не? №3.жаңылтпашты қалай түсінесің? Талданып болған соң ойын: «түсін мені». Шарты:1-топтан 1-оқушы шығып,қима қағаз алады да ондағы жазу бойынша ерекшеліктерді бейнелеу. Қалған екі топ қимылына қарап анықтайды. Бағалау. 2-бөлім. «Халық айтса,қалт айтпайды». Топ басшылары шығып,тапсырмалар алады.Ойлануға 1мин,түсіндіруге 2мин. А) мақал-мәтелдерді мағынасына қарай ашып,түсіндіру. №1. «Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ,аяғы қимылдаған адамға алыстық жоқ». №2. «Жаман аттан аяғым артық,жаман жолдастан таяғым артық». №3. «Екпей егін шықпас,үйренбей білім ұқпас». Ә) әр топқа қима қағаз арқылы тапсырма беріледі,олар сол тақырып бойынша 5мақал айтулары керек. 1.Отан 2.Достық 3.Туған жер,ел. Ойын «Түсін мені» (жалғасы). 3-бөлім «Ойлан, тап» деп аталады. А) Тапсырма магнитофоннан тыңдалады. Әр топ айтылған жұмбақ жауабын үш тілде берулері керек. №1. Өзі сондай қу,жүрген жері айқай шу. №2. Маң-маң басқан маң басқан,шудаларын шаң басқан. №3. Қыста ақ тон киемін,сәбізді сондай сүйемін. Ә) Шығармашылық жұмыс. Жаңа жұмбақ шештік,енді берілген тапсырмаларды алып,ойдан жұмбақ құраймыз. Қалған екі топ жауабын табады. 4-бөлім. «Кім жаңылыспайды» ? Магнитофоннан жаңылтпаш тыңдалып,жаңылыспай айтылуы керек. №1. Дәу тау болады,тау дәу болады. №2. Шүрегей сүңгігіш пе,сүңгуір сүңгігіш пе? №3. Аңқау жалқауды жалқаусын дейді,жалқау аңқауды аңқаусын дейді. Тесттік жұмыс. Сабақ мақсатына жетті ме? Сендер айыра аласыңдар ма? Тексеріп көреміз. №1. Ақ тайлақ ақ па,қара тайлақ ақ па? А) Жұмбақ Ә) Мақал Б) Жаңылтпаш №2.Тура мағынада айтылған ақыл сөз А) Мақал Ә) Мәтел -Сабақ ұнады ма? -Несімен ұнады? -Мақсатқа жеттік пе? Бағалау. Үйге: ел аузындағы сирек кездесетін мақал-мәтел,жаңылтпаш,жұмбақтарды жинақтау. | |
Просмотров: 28075 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 1 | |
| |