Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Салауаттану-болашағыңды сәулелендіру (слайд)
[ Скачать с сервера (339.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Басқа пән сабақтары]
28.04.2014, 21:51

Ашық тәрбие сағаты


Сабақтың мақсаты:

* оқушыларға ЖИТС дегеніміз не? ЖИТС қандай жолдармен жұғады, қандай жағдайда жұқпайды, ауру қалай асқынады, адамның ЖИТС-пен зақымданғанын қалай білуге болады деген тақырыптар арқылы түсініктерін ашып көрсету;
* оқушыларға ЖИТС-тан сақтану әдістерін үйрету, төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттілігін дамытатын қажетті білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
* салауатты өмір салтын қалыптастыруға, ұстануға үгіттеу;
* түрлі зиянды әрекеттерден өздерін аулақ ұстауға шақыру;
* өз денсаулықтарының қадіріне жете білуге, байлықты бағалауға үйрету

Сабақтың барысы:


І. Кіріспе сөз
ІІ. Негізгі бөлім:
ЖИТС туралы мәлімет
“ЖИТС-ғасыр дерті” баяндама
Ситуациялық сұрақтар
ІІІ. Қорытынды бөлім:
Сұрақтар мен жауаптар
Бата

ЖИТС туралы мәлімет

ЖИТС (СПИД) – жүре пайда болатын иммунитет тапшылығын синдромы. ЖИТС – ауру
емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның
қорғаныш қабілетін төмендетеді.
Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары
АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері
адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған.
Олар қан тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневманияның сирек формасымен
ауыратын адамдар.
1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС-ты тіркеді. 1983 жылы
француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы
алғашқы мәлімет айтты.
1981 жылы Америкада (Атланта) ауруды бақылау комитетінің баяндауы бойынша
гомосексуалистер арасында өкпе қабынуынан және сирек болатын жаңа түзінді /денеде/
сияқты бұрын таралмаған түсініксіз аурулардың көбеюі үреймен баяндалған.
Осыдан соң олардың иммунитеттері әлсіреп, әртүрлі қатты аурулардың себебінен
өлім жиіленгені туралы мақалалар жарық көрді. Бұл ЖИТС еді.
Бұл аурудағы иммундық жүйені толық жоятындығынан бұл вирус АИВ (адамның
иммунитет тапшылық вирусы) деп белгіленеді.
ЖИТС – бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге
жеткізетін кесел.
ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа
дейін әлі оны толық жазатын емжоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану, алдын алу.
Есірткі қабылдау да өте қауіпті. Себебі нашақорлар пайдаланылған шаншу инелерін
бөліскенде қауіпті аурулар жұғуы мүмкін. Мысалы СПИД пен гепатит осылай тарайды.

 

Категория: Басқа пән сабақтары
Просмотров: 4571 | Загрузок: 556 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]