Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Жақсы қасиет – бақыт кілті
[ Скачать с сервера (21.1 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Басқа пән сабақтары]
09.04.2016, 14:17

Тәрбие сағатының тақырыбы: Жақсы қасиет – бақыт кілті

Тәрбие сағатының мақсаты:

1)Оқушыларға  адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету;

2)Адамгершілік қасиеттерге  бағыттай отырып, оқушының  рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін,  дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу;

3)Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге

тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу.

Көрнекіліктер:интерактивтіактивті тақта, нақыл сөздер, плакаттар

 

Тәрбие сағатының жүру барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі

1.Кіріспе сөз

Сәлеметсіңдер, балалар! Біз сабағымызды бастамай тұрып, бір ойын ойнап жіберейік.

«Көршіңді таныстыр» ойыны . Балалар шеңберге тұрып оң жақтығы тұрған көршісінің атын айтып, оның жақсы қасиетін айтуы керек.

Ал, балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Жақсы қасиет- бақыт кілті»

  -Жақсы қасиет дегенді қалай түсінесіздер?

   -Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?

   -Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?

   -Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?

   -жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

ІІ.Бақытты болудың 5 қағидасы

Бақытты адамдар ғана жемісті жұмыс істеп, көп нәрсеге қол жеткізеді және беделді болады деп ойласаңыз, өте дұрыс ойлайсыз. Көптеген ғылыми зерттеулер де осыны айғақтап отыр. Ересектер де, балалар да көтеріңкі көңіл күйде биік мақсаттар қойып, тыңғылықты жұмыс істейді. Сонымен қатар, өзін бақытты сезіну құштарлықты арттырады.

Қалай көңіл көтеруге болады? Бақытты болудың кілті қайда? Арнайы кеңестерге қарап көрелік

Ал енді бақытқа жетудің 5 қағидасы.

Бұл өте оңай тәсілдер. Бәрін бірдей қолдану міндетті емес, өзіңізге лайық деп 2 алыңыз, кейін осылар әдетке айналғанкезде қалған 3-еуінде қосып алыңыз.

1. Рақмет айтудан шаршамаңыз. Өзгелерге де, өзіңізге де шынайы рақымшылығыңызды білдіруден жалықпаңыз. Кеш сайын өміріңізді болған бақытты сәттерді еске алып, соған себепкер болған адамдарды, өзіңізді, жалпы өмірге рақмет айтып отырыңыз. Арнайы рақмет айтатындай мүмкіндік болмаса іштей ризашылығыңызды білдіріңіз.

2. Өзгелерден көмегіңізді аямаңыз. Қол ұшын беру адам бойындағы ең бір жақсы қасиеттерінің бірі.

3. Мейірімділік әрекеттеріне машықтаныңыз.

4. Қарым-қатынастарды дамытыңыз. Көпшілікпен жылы қарым-қатынас орнатып, одан ләззат алуға тырысыңыз және ол үшін уақытты да күшіңізді де аямаңыз.

5. Кешірімді болыңыз. Барлық өкпе мен ренішіңізді жазып, хат жазыңыз. Оны жіберу міндетті емес, тек бір оқып алыңыз да осымен бәрі кетсін деп, жағып жіберіңіз.

 

Мұғалім сөзі:

Өзін ғана ойлаған -

Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған –

Адамдықтың белгісі,-

деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады.

Ал, адамгершілік дегеніміз не?  Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек,  асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек.

III. Тренинг. « Жақсы деген немене? Жаман деген немене?»Жаман қасиеттерді бір топқа және жақсы қасиеттер бір топқа бөліп ажырату.

Жақсы

Жаман

еңбек сүйгіштік

рақымсыздық

достық

менмендік

әдептілік

мақтаншақ

көмек беру

еріншек

инабаттылық

мейірімсіз

адамгершілік

сараң

мейірімділік

қайырымсыз

 

 

IV.«Кім жылдам?» – Мақал – мәтел сайысы.

 

Жаман – бұзар, жақсы – түзер.

Адам болатын бала алысқа қарайды.

Сыйласаң, сыйымды боларсың.

Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас.

Әдепсіз өскен адамнан, тәртіпті өскен тал артық.

Су ішкен құдығыңа түкірме.

Тәрбиелі кісі қант қосқан жармадай, тәрбиесіз кісі шаң боратқан арбадай.

Тәрбиесіз наданнан, үйретілген хайуан артық.

Ыстықтан ет күйеді, ұяттан бет күйеді.

Жолдың қамысы болмайды, жаманның намысы болмайды.

 

V.Мақал-мәтел (Кім тапқыр)

 

1. Ашу-дұшпан,ақыл-дос,

Ақылына ақыл қос.

2. Әдепті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала

3. Адалдық жүрген жерде,

Адамдық жүреді

4. Асылдың бірі- Адамгершілік

5. Ала жіпті аттамағанның абыройы биік

6. Адалдық ардың ісі

7. Ақылдың алдыменен жүр

Ақымақтың артыменен жүр

8. Өтірік айтып жағынғанша

Шынынды айтып жалын

9. Ауыз ашса сыр көрінеді

Есік ашса төр көрінеді

10.Ақылы жоқ басқа,адырайған көз бітеді

Дуасы жоқ ауызға,судыраған сөз бітеді.

11 «Сөйлесе сөз әдепті»

12 Жақсы жігіт ақылына жеңдіріп іс қылар, жаман жігіт оңай істі күш қылар.

 

 

VI.Жұмбақтас проблемалық жағдайлар:

1 жағдай: Сен өте асығыссың.Себебі сен сабаққа үлгеруін керек.Көшеде бала жетектеп келе жатқан қарияны қағып кеттің.Ол кісі құлап түсті,немересі қорқанынан жылап жіберді.Сен не істер едің?

2 жағдай: Үйде ешкім жок тек сен ғана есіктің қоңырауы соғылды.Сен барып қарасаң, қаладан келген туыс апайың.Саған анаң ешкімге есік ашпа деген.Сенің әрекетің?

 

VII «Аяқталмаған тезис»         

Жақсы өмір дегеніміз – бұл……………………………………………………………….

Адам болу дегеніміз – бұл………………………………………………..

Өмірдегі ең басты нәрсе — бұл……………………………………………………..

Қазіргі кезде …………………………………………….. өмір сүру мүмкін емес.

Досың көп болу үшін…………………………………………………..

Егер мен сиқыршы болсам, онда мен……………………………………………

Бос уақытым болса, мен………………………………………………………………

Адам бақытты болу үшін…………………………………………………………………..

Егер адамның кемшіліктерін байқасаң, онда……………………………………

Біз барлығымыз да……. ………………………………………………қарыздырмыз.

Мен өзімді …… ………………………………….кезде өте жақсы сезінемін

Мен өзімнің досымның жағымсыз істер жасап жатқанын көрсем….

Меніңше жақсылық пен жамандық……………………………..

Арсыз адамға өмір сүру әрқашан да…………………………………………..

Мен сыпайы адамды кездестірген сайын…… …………….деп ойлаймын.

Мен дөрекілікке жолыққан сайын……….деп ойлаймын.

Мені әрқашан………… ……………………..деген ойлар мазалайды.

Мен …………….. ……………………………………………….сайын қуанамын.

Мен өзімді ………………………кездерде аса бақытты сезінемін.

Мен ………………………………………….кездерде өзімнен- өзім ұяламын.

Неге барлық адамдар ………………………..болмайды екен.

 

 

VIII.Ойын: «Мен қандаймын?»

 

Алмаға жазу. Оқушыларға тапсырма беріп, өздеріне баға беру.

Қорытынды.

 

Қорытынды: Бүгінгі «Жақсы қасиет -  бақыт кілті» тақырыбында өткен тәрбие сағатымызды аяқтай келе барлықтарыңыздың бойында адамгершілік қасиеті болып, әрқашан өмірде сыйластықпен өтуге тілектеспін. Адамгершілік деген сөздің әрбір әрпінде өзіндік мағына бар сияқты Егер оны талдап көрсек адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер күн сәулесіндей шуағын төккелі тұрған сендердің бойларыңада осы қасиеттердің болуын тілер едім! Назарларыңызға рахмет.сау болыңыздар!!

 

 

Категория: Басқа пән сабақтары
Просмотров: 3995 | Загрузок: 101 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]