Главная » Файлы » Ашық cабақ |
Қамқорлық
[ Скачать с сервера (60.3 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Бастауыш сынып] |
23.07.2015, 09:47 |
3-сынып Пәні: Ана тілі Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев Қамқорлық Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Б.Соқпақбаевтың « Қамқорлық» мәтінін оқып,мағынасын түсіндіру. 2.Оқушылардың білім,білік дағдыларын . қалыптастыру.Сөздік қорларын молайту. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3.Оқушылардың сезімдерін оятып, адамгершілікке, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, өзіндік, сұрақ-жауап Сабақтың көрнекілігі: Б. Соқпақбаевтың және Ж. Аймауытовтың суреттері, суреттер, мақал-мәтелдер Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың технологиясы: дамыта оқыту технологиясының элементтері Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ әдебиеті Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі А) Оқушылардың назарын сабаққа аудару Б) Психологиялық тренинг 2. Үй тапсырмасын сұрау -Балалар үйге қандай тапсырма берілді? «Көжек» ертегісін оқып келуге берілді. «Көжек» ертегісінің мазмұнын айтқызу Ертегі соңындағы сұрақтарға жауап алу 3.Үй тапсырмасын қорыту(тірек сызба арқылы) КӨЖЕК -Балалар, біз алыста болсақ,туған жерімізді сағынамыз ба? -Сағынамыз Дұрыс айтасыңдар . Балалар ,әркімнің туған жері өзіне ыстық. Мына көжекті алып қарайық- шы, мұз болса да анамның тапқан жеріне барып өлейін деп қашып кетті. 2.Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау 3.Жаңа сабақ а) Оқулықпен жұмыс а) Мәтінді оқып,мазмұнын түсіндіру ә) Суретпен жұмыс в) Оқушыларға тізбектей оқыту б) Ж.Аймауытовтың «Торғай» мәтіні мен Б.Соқпақбаевтың «Қамқорлық» мәтінін салыстыру г) Сергіту сәті ( Ұзын құлақ сұр коян) 5) Өзіндік жұмыс А) Оқушыларға мақал-мәтел айтқызу. 1-оқушы «Сіз» деген-әдеп, «Біз» деген –көмек. 2-оқушы Әдепті бала Ата-анасын мақтатар. Әдепсіз бала Ата-анасын қақсатар. 3-оқушы «Сіз» деген-сыпайылық, «Сен» деген-анайылық. 4-оқушы Әдепті бала-арлы бала, Әдепсіз бала-сорлы бала. 5-оқушы Жақсыдан үйрен Жаманнан жирен. Б) Суретпен жұмыс В) Әңгіме жазу (оқыту) Қорытынды: Балалардың аты Бойындағы қасиеттер Жантас Қожа Үйге тапсырма беру: Мәтінді оқып мазмұнын айту Бағалау: Сабаққа толық қатысқан оқушыларды мадақтап,білімдерін бағалау | |
Просмотров: 2257 | Загрузок: 49 | |
Всего комментариев: 0 | |