Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қазақ хандығына 550 жыл (Тәрбие сағаты)
[ Скачать с сервера (3.21 Mb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Бастауыш сынып]
03.02.2016, 14:03

«Қазақ еліне 550 жыл»
 

Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру. Отаншылдыққ, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.
Мұғалім тарихи кештің мақсатымен қысқаша таныстырып өтеді.
 

1 - жүргізуші: Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.
/Қ. Р. Гимні орындалады./


2 - жүргізуші: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары - Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.
 

Қайнар оқушы:
Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар.
 

Есбол оқушы:

Біз қазақпыз!
Ежелден - ақ қазақ болып аталған,
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.
Керегімді алу үшін жаһаннан,
Бейімделдім заманыма жаңарған.
Садақ тартып, оқ жонуды үйреніп,
Тәрбие алдым тәлімі мол атамнан.

 

2 - оқушы: С.Дильназ
Шайбани Әбілқайырға сақтама кек, 
Ұлы көшті бастады Керей, Жәнібек 
Болашақты бастаған оны өзгерткен 
Ұрпақтары ұлыларға табына бермек. 
Батыстан шекара Жайықтан қайтты, 
Ұлы Қасым хандықтың жерін ұлғайтты. 
Тәукенің заманында дана халқымыз 
Алтын ғасыр болады деп тауып айтты. 
Мәмілеге көреген хандар тұсында 
Қазақ жері кетпеді жау уысында 
Керісінше, Мәскеумен көрші елдермен 
Қарым-қатынас орнатты Қасым тұсында. 

 

1 - жүргізуші:
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.


Көрініс. «Сұлтандар кеңесі»
/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/
- Ассалаумағалейкум, ағалар.
- Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.

Ақсүйектер басшысы: Қанағат - Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?

Жәнібек хан Абылай:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.

Керей хан Нұрмұхаммед: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.

Жәнібек хан Абылай:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?

Керей хан Абылай: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
 

Сұлтандар барлық оқушылар: - Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.

Жәнібек хан Абылай: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.

Керей Нұрмұхаммед:
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат - көлігің арымай,
Отбасыңмен аман - есен табысқын.
Әумин.

1 - жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.
 

2 жүргізуші:- Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек.
 

Оқушы Ажар: Мұхаммед бен Уәли былай дейді: «Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып, отанынан кетіп қалғанды жөн көрді. Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Моғолстанға апаратын жолды таңдап алды.»
 

Оқушы Ақбота:
М. Х. Дулати: «Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға қашып кетті. Есен Бұға оларды шын ықыласпен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы округін берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді. Онда үлкен шатақтар басталды. Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек - қазақтар деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады. Бәрін де Алла біледі.»
870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465 - 1466 жылдары.

1 - жүргізуші:
1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта - үмітін жүзеге асырды.

2 - жүргізуші:
Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.
 

Оқушы Аяулым:
Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.
 

Оқушы Айгерім:
Ғасырдың құрдасы,
Ақындар жырлаған,
Көненің сырласы
Тарихты тыңдаған.
Шежіре шертеді,
Көшесі, әр тасы,
Ғажайып ертеңі,
Жетісу алқасы.

 

1-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс 
Біздің жаққа келген екен жылы ағыс 
Хандық құрып жеткен екен мұратқа 
О, халайық ,құтты болсын қуаныш! Келесі кезекте би Бүркітбай Аяулымның орындауында

 2-жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына 
Жас өрендер желбіретіп нық ұста 
Ғасырларға жалғастырып елдікті 
Дақ түсірме ата-баба рухына 
Үлгі бізге аталардың ерлігі 
Ұлағаты өнегесі еңбегі 
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары 
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі 
 

1-жүргізуші: Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес.Тәуелсіздік дегенде ұлан-байтақ жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыздың аманаты. Ұшқан құстың қанаты талатын, қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен алған. 
 

Қайнар: Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын, 
Ұранға Алаш деген атты аламын 
Сүйгенім қазақ, өмірі өзім қазақ, 
Мен неге қазақтықтан сақтанамын? 
Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық 
Арасын қоныс қылдым ірге жайып. 
Елім, жерім қорғайтын ерім болып, 
Ер жеттім ен далада лықа тойып. 
 

Асау Арайлым: Бұл жарыққа аяқ басып туған жер 
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер 
Жастық – алтын, қайтып келмес күнімде 
Ойын–ойнап, шыбын–шіркей қуған жер. 

 

А.Аружан: Ең басты маңызды іс әрі мәнді,

Қуанышпен қарсы алу нұрлы таңды.

Сайладық Қазақстан Президенті деп –

Назарбаев Әбішұлы Нұрсұлтанды.

Егемендігіміздің берік негізі,

Мемлекеттік елтаңба, ту мен гимні

Біртұтастығымызды бейнелейтін,

Қазақстан Респуликамыздың рәміздері.

 

Темірлан: Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген 
Намысын қолынан ешкімге бермеген 
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған. 
Төрімде жерімнің байрағым желбіреп, 
Тұп-тұнық тұрады аспаным мөлдіреп 

 

2-жүргізуші:Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, 
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па 
Өз-өзінен жүрегім ән салады. 
 

1-жүргізуші:Азат өлкем күндей күлген шығыстан 
Асыл елім жан жүректі ұғысқан 
Ата-бабам аңсап өткен бақытым 
Айналайын, байтақ елім Қазақстан! 
 

Ән: Алға Қазақстан 
 

2-жүргізуші: Осымен қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл мерекесіне арналған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Алып бәйтеректей тамырын тереңге жайған Қазақ мемлекетінің келешегі кемел, болашағы жарқын болсын.Қош сау болыңыздар.

Категория: Бастауыш сынып
Просмотров: 1916 | Загрузок: 47 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]