Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Геометриялық пішіндер
[ Скачать с сервера (50.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Бастауыш сынып]
13.12.2013, 17:43
ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру салалары: «Таным»
Бөлімдері : Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту. Ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды ізеттілікке, ұжымдыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдығы: флишбурт, теледидар, үнтаспа, геометриялық пішіндер.
Әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалардың көңілдерін өзіне аударады.
-Балалар, барлығымыз ән салайықшы.
Біз көңілді қуыршақпыз, алақай, алақай,
Өлең айтып, би билейміз, балақай,балақай.
Тартып алып орамалды алақай, алақай,
Дөңгелене би билейміз балақай, балақай.
-Бәріміз бері қарайықшы. Бүгін бізге сиқырлы хат келіпті. Сиқырлы хатты ашсақ ішінен не шығар екен?
-Сиқырлы хаттың ішінде неше түрлі пішіндер бар екен. Қане, кім маған пішіндерді атап береді?
- Дұрыс айтасыңдар, үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек екен.
-Балалар, барлығымыз ауада осы пішіндерді ауада жасап көрейікші.
- Үшбұрыш, ал мынау – төртбұрыш, ал мынау –дөңгелек.

-Ал, енді теледидарға қарайық. Теледидардан біз қандай пішіндерді көріп тұрмыз? Түстері қандай? Пішіндері қандай?

Тәрбиешіге қарап, айтқандарын қайталайды.

Сиқырлы хатты тамашалайды.
Пішіндерді атайды.

Көңілді әуеннің ойнауы арқылы ауада пішіндерді жасайды.

Теледидардан пішіндерді көреді, түстерін атайды. Салыстырады.

Іздену -ұйымдастырушылық
-Ал, балалар, енді барлығымыз орнымыздан тұрайық, сәл демалып алайық.
- Бойыңды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да,
Сол қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қол да бос тұрмасын,
Шеңбер сызып зырласын.
-Балалар, енді осы геометриялық пішіндерден суреттер құрастырайық.

Дидактикалық ойын «Көңілді пішіндер». Балалар геометриялық пішіндерден әр түрлі пішіндер құрастырады.
Мысалы: «Гүлдер», «Ою-өрнек»
-балалар, ендеше флишбрутқа қарайықшы. Бүгін біз танысқан геометриялық пішіндерді бейнелеп көрейік.

Орындарынан тұрып жаттығуды жасайды.

Геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, суреттер құрастырады.

Көңілді пішіндерден гүл, ою-өрнек құрастыру.

Флишбрутта геометриялық пішіндерді бейнелеу.
Рефлексивті -түзетуші -Балалар, бүгін біз немен таныстық?
-Дұрыс айтасыңдар, пішіндер туралы білгендерімізді кеңейте түстік.
-Пішіндер неше түрлі болады?
- Геометриялық пішіндердің қандай пайдасы бар?
- Ең әдемі, ең көңілді пішіндерді кім жасады?

Тәрбиешінің қойған сұрақтарына толық жауап бере отырып, ұйымдасқан оқу-іс әрекетті қорытындылайды.

Күтілетін нәтиже:
Білуі немесе хабардар болуы: Пішіндер туралы жалпы түсінік
Қалыптасқан әдет: Пішіндердің түсін, көлемін ажырату.
Істей білуі: Геометриялық пішіндерді біледі, әр түрлі пішіндер құрай алады.

Тақырыбы: Геометриялық пішіндерді таныстыру

Мақсаты: Балалардын ой-өрісін кеңейту,геометриялык пішіндерді бір-бірінен ажыратып атай білуге үйрету.Киял болжамдарын дамытып,кабілеттерін шыңдау,таным өнерін сөздік қарым-қатынастарын байыту.Білімдерін жүйелі түрде көрсете алуға баулу,дидактикалық шебеберлігінің артуына ықпал жасау.Теориялық білімін тәжірибеде қолдана білу құзіреттілігін қалыптастыру.Балалардың ойлау,көріп тану,зейінін,есте сақтау қабілеттерінойын арқылы дамыту,дербес іс-әрекетке тәрбиелеу.Бір-бірінедеген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.Өзін жеке тұлға ретінде сезініп,берілген тапсырманы орындап,өз ойын еркін айтуға жетелеу.

Әдісі: жылулық шеңбері, түсіндіру, таныстыру , сұрақ-жауап, ойын, сергіту сәті, қорыту.

Пән аралық байланыс ; айналамен таныстыру,құрастыру,тіл дамыту.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу –ояту
Шаттық шеңбер.

Балалар бір біріне жақсы тілектерін айтады.

Бәрі бір бірімен дос болады.

-Жарайсыңдар балалар, отырайық.

Бүгін біз ҚМТҚ пішіндер әлеміне саяхат жасаймыз.Пішіндермен танысқыларың келеме?

Дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш

Біз пішіндер әлеміне келдік?Дөңгелектің түсі қандай?

Тобымыздан дөңгелекке ұқсас заттарды

табайықшы.

Үшбұрыштың түсі қандай ? Үшбұрышқа ұқсас заттарды табайықшы.

Балалар енді барлығымыз күн құрастырайық. Күн неше дөңгелектен, неше үшбұрыштан құрастырдық? Бірге «Күн» өлеңін айтайық.

Көгімізде алтын күн,

Себілгендей жерге гүл

Балабақша бағында

Жарқырасын жарық күн!

Жарайсыңдар балалар, сендер өте әдемі күн құрастырдыңдар

Орнымызға жайғасайық, енді тағы бір пішін төртбұрыш. Бұл пішіннің бұрышы көп болғандықтан төртбұрыш деп аталады. Төрт бұрыштың түсі қандай? Ұқсас заттарды табайықшы.

Мен сендерге қызық өлең айтып берейін сендер мұқият тыңдаңдар.

Қызыл, сары,жасыл,көк

Алуан-алуан пішіндер.

Үшбұрыш төбесі,

Төртбұрыш денесі

Ұшыншақ денесі, мынау міне терезе.

Балалар, қараңдаршы мен не құрастырдым? Мен үйді қандай пішіндерден құрастырдым?

Жарайсыңдар балалар.

Алдарыңдағы үлестірмелі материалдардан менің қолымдағы пішіндерді тауып беріңдерші.

Енді таратылған таяқшалардан сендердің қандай пішіндерді немесе пішінге ұқсас заттарды құрастыра алатындарыңды байқайық.
-Иә, танысқымыз келеді.

Дөңгелектің түсін айтады.

Ұқсас заттарды айтады.

Үшбұрыштың түсін айтып, ұқсас заттарды табады.

1 дөңгелектен, 6 үшбұрыштан.

Күн құрастырып, өлеңді бірге айтады.

Түсін ажыратып, ұқсас заттарды табады.

Үй құрастырылды. Үшбұрыш, төртбұрыш.

Балалар жұмысы. Топтық жұмыс.

(Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек)

Жеке баламен жұмыс.

Рефлекістік түзету
Сергіту сәті

Төртбұрышты қолданып,

Үшбұрышты қолданып,

Көрпешені жасаймыз

Әдемісін ішінен

Досымызға сыйлаймыз.

Енді біз қызықты «Жасырылған пішінді тап» деген ойынды ойнайық.

Жарайсыңдар балалар, бүгін барлықтарың да оқу іс-әрекетіне жақсы қатыса білдіңдер. Пішіндер әлеміне саяхатымыз ұнадыма
Категория: Бастауыш сынып
Просмотров: 9087 | Загрузок: 416 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]