Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

«Менің Отаным- Қазақстан». Сынып (тәрбие) сағаты
[ Скачать с сервера (36.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Бастауыш сынып]
10.01.2016, 19:48

Сабақтың тақырыбы:«Менің Отаным- Қазақстан».

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.

 

  1. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.

 

  1. Тәрбиелік: Оқушылардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру. Еліміздің болашағы жас өспірімдердің Отан алдыендағы борышын өтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Елбасымыздың,  рәміздердің суреті,  Қазакстан картасы, Астана қаласына байланысты суреттер.

Әдісі: сүрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіріу, көрнекілік.

 

Сабақтың барысы:

Сәлеметсіздер ме балалар?

  • Балалар көңіл – күйлерің қалай?
  • Бүгін қандай мереке?
  • Бүгінгі мерекеде гүл жинағыларың келеме? Онда менің сұрақтарыма кім дұрыс жауап берсе гүлге ие болады.
  • Балалар, біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?
  • Қазақстан туралы не білесіңдер?
  • Қазақстанның жері қандай?

(Қазақстанның  картасын көрсету)

  • Иә, балалар,  Қазақстанның жері үлкен, әдемі, әрі бай. Қазақстанның жер көлемі жағынанан дүние жүзінде 9-орында .
  • Ал, балалар, Қазақстанның президенті кім?

(президенттін суретін көрсету)

  • Балалар, бүгінгі мерекеге орай Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев сендерге арнап «Менің отаным-Қазақстан» деген кітапты сыйға берді. Бұл кітапта сендерге өте пайдалы көптеген білімдер бар. Біздің отанымыз Қазақстан туралы білмегенімізді осы кітаптан білетін боламыз. (кітапты таратып беру және қысқаша шолып шығыу, таныстыру)
  • Біз қай ұлтпыз?
  • Тіліміз қандай тіл? Мемлекеттік тіл қай тіл?
  • Қазақстанда бізден басқа тағы қандай ұлттар бар?
  • Балалар, Қазақстанда  негізгі ұлт – қазақтардан басқа 120 ұлт өкілдері тату-тәтті, береке-бірлікпен тұрып жатыр,
  • Балалар, елордамыз қай қала?
  • Астана туралы не білеміз?

(Астана туралы айту,  суреттерді ілу)

  • Балалар, рәміздер деген не? Қалай түсінесіңдер?
  • Рәміздер – мемлекетіміздің тәуелсіздігін білдіретін , белгілі мағынасы бар үйлесімде орналыстырылған жанды-жансыз заттар.
  • Қазақстанның қандай рәміздері бар?
  • 1992 жылы Қазақстан Республикасыны, Туы, Елтаңбасы, Ән ұраны қабылданды. (тақтаға суреттерін  ілу, жеке-жеке түсіндіру)

Тудың жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков

Елтаңбаның авторы – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов.

Әнұраны –  сөзі :Жұмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Назарбаев

 Әні: Шәмші Қалдаяқов

  • Балалар, біз Қазақстанның қай жеріндеміз?
  • Шығысындағы Шығыс қазақстан обылысы Өскемен қаласында. Бұл сендердің өскен жерлерің. Балалар сонда отан дегеніміз не екен?
  • Отан дегеніміз біздің туып оскен жеріміз, мектебіміз, достарымыз, рәміздеріміз, біз осылардың бәрін отан дейміз. Онда отанымыздың атауы калай?
  • (Қазақстан)
  • Балалар, онда отан туралы мақал-мәтел, өлең білесіңдерме?
  • (оқушылар білгендерін айтады)
  • Балалар, біз бүгінгі тәуелсіздікке қалай жеттік?
  • Біздің ата-бабаларымз, батырларымыз  ат үстінде жүріп кең даламызды жауларынан қорғап бүгнгі ұрпақтары бізге каллдырып кетті. Сол үшін біз отанымызды не істеуіміз керек?
  • Қазақтың қандай батырларын білесіңдер?
  •  
  • Балалар, біз қай елде тұрып жатырмыз?
  • Президентіміз кім?
  • Рәмәздерді ата?
  • Мемлекеттік тіл қай тіл?
  • Біз қадай заңға бойсынамыз?
  • Балалар мына сөздерді бәріміз хормен бірге айтайық.

Менің отаным-Қазақстан

Мен отанымды сүйемін.

Мен отарымды қорғаймын.

Мен отанымның болашағымын.

Категория: Бастауыш сынып
Просмотров: 4898 | Загрузок: 109 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]