«Математика патшалығында» жас математиктер сайысы 2-4 сынып оқушылары аралығында.
Мақсаты:1)2-4 сынып оқушыларының математика пәні бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету; 2)Логикалық ойлау қабілетерін дамыту; 3)Жан-жақты білімділікке баулу.
Барысы:
Сәлеметсіздер ме, құрметті жиналған қауым! Қош келдіңіздер «Математика патшалығында» атты жас математиктер сайысына.». Мұнда сіздер математикалық жұмбақ есептердің, ребустардың, виктоиналық сұрақтардың куәсі боласыздар. Сіздер тек көруші, тыңдаушы ғана емес, кешке белсене қатысушы боласыздар.
Сайысымызға 2 топ қатысады. 1-топ «Үшбұрыштылар», 2- топ «Төртбұрыштылар . Әр топ өз топ басшысын сайласын. Тапсырмаларды мұқият ойланып, дұрыс орындаңдар.
Енді осы топтардың әділ бағасын беретін «Әділқазылар алқасымен» таныстырып өтейін.
І. Сайысымызды бірінші кезеңі «Таныстырудан» бастайық. (Әр топ өздерін таныстырып өтеді)
ІІ. «Жас логик» кезеңі 2 топқа кезекпен сұрақ қою
Шабыт тасып, шалқысын Көңілді кеш жасайық Мұнда қызық табылар Жұмбақ, есеп бәрі бар Білімдеріңді сынайық
1.Киноға бес бала келе жатты. Жолда олар үш үлкен кісіні кездестіреді. Сонда театрға неше адам келе жатыр? /5/
2.10 үйрек ұшып бара жатты, аңшы 1 үйректі атып алды. Неше үйрек қалды?/1/
3.Отбасында 2 бала бар. Марлен Ардақтың ағасы, ал Ардақ Марленге іні емес. Сонда Ардақ кім? /қарындасы/
4.Жарас Ақылбектің баласы, ал Ақылбек Кәрімнің баласы. Жарас Кәрімге кім болады? /немересі/
5.Бұзау бір аяғымен тұрғанда 50 кг тартады, егер 4 аяғымен тұрса, ол қанша кг тартар еді? /50кг/
6.Жолға екі бала шығып,2 теңге тауып алды. Олардан соң және 4 бала шықты. Олар неше теңге тауып алады? /0/
7. Пойыздың 10 вагрны 15 км жол жүрді. Сонда олардың әрқайсысы неше км жол жүрді? /15 км/
8. 8 картоп 4 минутта піседі. Ал 10 картоп неше минутта піседі? /4 мин./
9. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш болады? /5/
10.Бүгін жұма, бүрсігүні қандай күн? /жексенбі/
11.Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз және 5 апельсин бар. Үстел үстінде барлық көкөніс қанша? /7
12. 31 ақпан күні не болып еді?/ 31 ақпан болмайды/
13. Суға қай , қандай жағдайда кесіп алуға болады? / судың беті қатып қабыршықтанып қалса/
14. Үстелде 4алма жатыр. Бір алманы 2-ге бөлсе, үстелде неше алма бар деп саналады? /4
ІІІ. «Тапқыр болсаң, талас жоқ» кезеңі . Берілген парақ қағазда 4 қатар кез келген әріптер жазылған. Соның ішінен математикаға байланысты 6 сөзді тауып астын сыз.
ІҮ. «Қызықты қоршаулар» кезеңі
37 12
23
60 35
25 36
27
24 35
Ү. «Ойлан, тап!» кезеңі Екі топтың тапсырмасы бір
?32 ? 17 46 ?
+ = 78
- =15
+13=30
ҮІ. «Жұмбақтар шешу» кезеңі 1 топ Сәуле шашып маңайға 2топ Үш бауырдың біреуі Үш шырағы жанып тұр. Үнемі алда жүреді. Кезекпенен жағылып, Соңынан қуған екеуі Бағытқа жол салып тұр. Белгісіз қашан жетері. /бағдаршам/ /3 дөңгелекті велосипед/
Төрт аяғы астауда, Екі қарын, төрт құлақ Бұдан артық нас бар ма? Бұл не? /торай/ /жастық/
ҮІІ. «Шифрды шеш» кезеңі
+ 1 3 5 7 9
20 е п м н т
50 р а к қ о
Мысалы , 29, 59, 57 29-т, 59-о, 57-қ тоқ
55,21,23,29,21,51 (кептер) 25,21,55,29,21,23 (мектеп)
ҮІІІ. «Қосылғыштармен жинақта» кезеңі 2 топқа тапсырма бір Терең ғылым сананың Тегі деп ой саламыз. Маңыз беріп оқимыз Математика сабағын
ІХ. «Белгісіз санды тап!» кезеңі 1топ *7+4*=91 2 топ 6*-*6=15
Х. «Әр түрлі фигуралардан сурет сал» Ой сананы арттыру, Бүгінгі күн талабы. Біле білсең бұл дәуір Математика заманы.
ХІ. «Сиқырлы таяқшалар» кезеңі Шаян жоғары жылжып барады, 3 таяқшаны қозғап, шаянды төмен қарай жылжыт.
ХІІ. «Ерекше эстафета» Көрермен 1 сынып оқушыларына тапсырма Цифрларды өсу ретімен қою керек .
ХІІІ. «Сәттілік кезеңі» топбасшылар сайысы Дүниедегі құбылыстың мәнін Табиғаттың қозғалыстың бәрін де Мүмкін емес есептерсіз түсіну Есебіңіз-дүние кілті әлі де. Топ басшыларының ұтқырлығы, жылдамдығы сынға түседі.
Барлық қабырғасы тең фигура. /шаршы/
5 теңге тұратын 7 өшіргішті алу үшін қанша теңге керек?
Х:4=6 теңдеуінің шешімін тап
Қосу амалының компоненттерін ата
1сағ 35 мин неше минут?
18 алманы 3-3-тен неше балаға бөліп беруге болады?
85,33,91 сандары неше таңбалы сандар?
Үстелде 5 стақан сүт тұрған еді, Әсел 1 стақан сүтті ішті. Үстелдің үстінде неше стақан қалды?
Үш қабырғасы, үш бұрышы бар фигураны ата
3 теңге тұратын 9 сіріңкеге неше теңге төлейміз?
Хх2=18 теңдеуінің шешімін тап
Бөлу амалының компоненттерін ата
1м20см неше см?
Екі шеті тұйықталған түзу сызық не деп аталады?
152,148,100 неше таңбалы сандар?
Үш түйеқұс ұшып келе жатқанда, 1-еуін аңшы атып алды. Неше түйеқұс қалды?
ХІҮ. Қорытынды
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
|