Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Түйе-төрт түліктің төресі


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Биология]
08.01.2013, 16:41
Пәні Биология Сынып 7 «а»
Тақырыбы: Түйе –төрт түліктің төресі 

Мақсаты Оқушыларға түйенің арғы тегі, адам үшін маңызы, Қазақстанда кең таралған қолтұқымдары, жергілікті жердегі қолтұқымдары туралы білімдерін тереңдетуге , сын тұрғыдан ойлау білуге, өзіндік ой-пікір жинақтауға, топ алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға ,тақырып төңірегінде қорытынды жасай алуға бағыттау. 

Міндеті - Топтық жұмыстарда оқушылардың «Түйе шаруашылығы» туралы өз ойларын білдіруіне мүмкіндік жасау; - Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөз қорларын кеңейту, өздігінен білім алуға жағдай жасау; - Мәселені шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс-тәсілдерді тиімді таңдау; - Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал ету. 

Күтілетін нәтиже - Түйе туралы түсінік алады;
- Оқушылардың «Түйе шаруашылығы» туралы өз ойларын білдіріп, ойлау қабілеттері қалыптасады;
- Мәселені шешуде әркімнің пікірі есепке алынатындығына көздерін жеткізеді;
- Оқушылардың өзін-өзі бағалауы оқуға деген қызығушылықты арттырады.
Пәнаралық байланыс География, тарих, әдебиет
САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің әрекеті (жұмыс түрлері, орындалуы, уақыты) Тапсырма мазмұны Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
І кезең. Қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру
-Амандасу
-Оқушыларды түгелдеу
-Назарларын сабаққа аудару
Топқа бөлу


Әрбір оқушыға 3 дана жануардың суреті ұсынылады, ұнағанын таңдап алады. Бірдей жануарды таңдаған оқушылар бір топқа бірігеді.
- Сәлемдеседі
- Кезекші жауап береді

Бірдей жануарды таңдаған оқушылар бір топқа топтасады, оқушылардың қозғалысы
Топқа бөлінуге арналған жануарлар
суреттері
ІІ. Өткен сабақты пысықтау:
Өткен сабақтарда біз сендермен жылқы шаруашылығы және оның негізгі салаларын қарастырдық. Он алты сұрақтан тұратын тест тапсырмасы беріледі. Орындау барысымен түсіндіріп, бүгінгі сабақтың бағалау жүйесін айтамын. Бағалау парағы таратамын. (Тест тапсырмасы оқушылардың үстіленің үстінде жатады). Тест Ұсынылған тұжырымдардың ішінен, тек дұрысын таңдаңыз: 1. Жылқы сүтінен жасалатын сусын қымыз. 2. Жылқы сүйеді баласын «торпағым» деп 3. Жылқы боздайды 4. 19 ғасыр тарпан жойылған 5. Жылқының иесі қалай аталады? «Қамбар ата» 6. 5-6 мың жыл жылқы қолға үйретілген 7. Жылқыда өт бар 8. Көлік орнына пайдаланылатын үй жануарлары ат 9. Жылқы төлі-қошақан 10. Жылқы сүйеді баласын «торпағым « деп, 11. 250 жылқының қолтұқымы бар 12. Жылқыны көс-қөс деп шақырады. 13. 20 Қазақстанда жылқының қолтұқымы бар 14. 3000 литр мұғалжаржылқысы сүт береді. 15. 40 қымыздың түрі бар 16. Жылқының қылынан текемет жасайды
Әр оқушы тест сұрақтарына жауап береді
Үй жұмысын бағалау критерий арқылы жүзеге асады. Критерийлер тақтада көрініп тұрады.
Өзара бағалау түрі.
Интерактив -тік тақта
Слайд1
бағалау парағы

ІІІ. Негізгі сабақ:
«Түйе шаруашылығы» туралы интербелсенді тақтадан бейнефильм көрсету.
Оқушының түсіну деңгейлеріне тексеру мақсатында сұрақтар қоямын
Бұл бейнефильмнен нені түсіндіңдер?
-Түйе қандай жануар?
-Үй жануарларына не жатады?
-Не себептен тек қана түйені көрсеттім деп ойлайсыңдар?
-Ал, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай ?
-Бүгін нені білгілерін келеді?
Топпен бірлесе қарау, ойларын қорыту, ортаға салу
Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Бейнефильм Интерактив-тік тақта
ІІ-кезең. Мағынаны тану
Бүгінгі сабақта біз белсенді орталықтарда топпен жұмыс жасаймыз
-Алдымен орталықтарда жұмыстың тәртібін есімізге түсірейік
І. «Әдебиет» орталығы
ІІ. «Ғылыми-ізденіс» орталығы
ІІІ. «Ақпараттық» орталығы
Әр орталықтан кейін өз көңіл-күйін белгілеу
Спикерлерге маршруттық парақтарды беру.
Әр орталыққа 7 мин
І. «Әдебиет» орталығы
Уақыттың ішінде Қ. Қайым, р. Сәтімбеков, Ә Әметов, Ж. Қожантаева «Биология»
7 сынып оқулығы бойынша § 61 302–304 б. арнайы, INSERT. Түртіп алу жүйесі. карандашпен белгі қоя отырып,толтыру. «V» – мен мұны білемін; «+» – жаңалық;
«–» –менің біліміме қарсы жаңалық;
«?» – мен үшін жаңалық;
«!» – бұл өте қызық.
Өз көңіл-күйін көрсет:
-түсінікті, қызықты

- қиналдым

-түсініксіз

Жеке, жұппен, топпен жұмыс
ІІ.«Ғылыми-ізденіс» орталығы
Оқушылар деңгейіне қарай деңгейлік тапсырма.
А. Түйе туралы мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ырымдар.
Б. Түйенің адам өміріндегі маңызы.
С. Түйе атына қатысты өсімдіктер атауы. Түйенің жасына түріне қарай атауы
Өз көңіл-күйін көрсет:
-түсінікті, қызықты

- қиналдым

-түсініксіз
Жеке жұмыс
«АҚПАРАТТЫҚ» орталығы
Топпен ақылдасып түйе туралы білген әңгімелеп, флипчартқа түсіру.
Өз көңіл-күйін көрсет:
-түсінікті, қызықты

- қиналдым

-түсініксіз
Сыныпты 3 топқа бөліп, тапсырма беріледі. Әр топтың ішінен өздеріне жетекшісін сайлап алады. Топтың әр мүшесі оқулықтағы тапсырмалар қарап шығып, белгілеп, ортаға салып талқылайды да, кестені толтырады.Белгіленген уақытта әрбір топ, кесте толтыру кезінде жаңалықтарды, сәйкес келмейтін оқиғаларды, түсінбегендерін талқылап, тұжырымдайды.

Әр топ өзіне берілген тақырыпты ашып, флипчарт құрады, қорғайды.


Әр оқушы өзінің бағалау парағына
Үш деңгей толық- «5»
Екі деңгей - «4»
Бірінші деңгей - «3»
Қате жауап - «2»
Балл қояды.

Оқулық
үлестірме парақтар,

Деңгейлік тапсырма
жазылған таратпа материал

Флипчарт, маркерлер, түрлі түсті қағаздар, желім, оқулық

ІІІ-кезең. Ой толғаныс

Бағалау

Оқушыларға тапсырма беру.
«Венн диаграммасы» әр топқа Оқушыларға тапсырма беру.
Синквейн Бес жолды тұжырым. «Венн диаграммасы»
Жылқы Түйе


Синквейн Бес жолды тұжырым

1. Атауы. Тақырыбы. (зат есім) 1 сөз
2. Сипаттама. (сын есім) 2 сөз
3. Әрекет немесе құрамы. 3 – 4 сөз
4. Тақырыпқа байланысы. 2 – 3 сөз
5. Тақырыпқа синоним. 1 – 2 сөз

Топ мүшелері бірлесіп,толтырады.Әр топ өз жазғандарын қорғайды.
Тапсырмалар бойынша орта балл шығаруын сұраймын.
Спикерлер бағалау парағы бойынша бағалар талқыланады Қорытынды
баға қойылып, бағаланады.

Үйге тапсырма
Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, түйе түлігі туралы хабарлама жазыңдар.Халық арасынан түйеге қатысы бар аңыздар жинап, талдаңдар.

ІҮ. Сабақты қорытындылау
Ал, балалар бүгін нені білдік?
Бүгінгі сабақта қандай жаңалық алдыңдар?
Әр топтан жасаған жоба –сызбасын қорғау сендерге қай орталық ұнады? Неліктен?
Спикерлер топтағы балаларды бағалау.
Балалар, бүгін соңғы сабақ болғандықтан өз ойымызды сабақ бойынша ашық, ортаға салып айтайық Рефлексия жасау: «Бүгінгі сабақтан не алдым, алда не білгімкеледі?» Сабақ бойынша ұнаған, ұнамағанын, ұсыныстарын ортаға салады.
Категория: Биология | Добавил: Bisenasel
Просмотров: 10184 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]