Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

"Ғажайып физика" интеллектуалдық сайысы
[ Скачать с сервера (844.9 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Физика]
31.01.2015, 10:22

"Ғажайып физика" интеллектуалдық сайысы


«Ғажайып физика» интеллектуалды конкурсын өткізу ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережесі.
Негізгі ереже 7-8 сыныптарға арналған «Ғажайып физика» интеллектуалды сайысының мақсатын, міндетін және өткізу ережесін анықтайды. Өту тілі – қазақша.
2. Сайыстың өту мақсаты:
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін танымдық, зияткерлік, шығармашылық, тәжірибелік қабылеттерін арттыру.
3. Сайыстың міндеттері:
- Жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіншіліктерін дамыту, оқушылардың интеллектісін байыту, ой-өрісін кеңейту;
- Дарынды және қабілетті балаларды көбірек анықтап, ары қарай қолдап, олардың мүмкіндіктерінің толық ашылуына көмек көрсету;
- Әр түрлі мәселелер бойынша ақпарат алмасу және ғылыми-ізденіс жұмыстарының тәжірибелерімен алмасу;
- Оқуға, физикалық тәжірибе жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттыру.
4. Сайыстың жұмысшы органы
Сайысты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- сайыстың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;
- тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- ғылыми-әдістемелік кеңесті қалыптастырады;
- сайыстың қорытындысына талдау жүргізіп, қорытады;
- тапсырмалардың мазмұнын анықтайды;
- жұмыстарды бағалайтын критерийлерді анықтайды, сайыс өткізілгенге дейін тапсырмалардың құпиялылығына жауап береді;
- жұмыстарды тексеруге қатысады;
- жеңімпаздарды анықтап, ұйымдастыру комитетіне жүлделі орындарды беру үшін ұсыныстар жасайды;
5. Қатысушылардың құрамы
Сайысқа қаладағы жалпы білім беретін мектептердің және мектеп-гимназияның 7-8 сынып оқушылары қатысады.Команда құрамы 5 оқушыдан және 1 жетекшіден тұрады.
6. Сайыстың өткізілу тәртібі мен орыны
Сайыс 2 кезеңде өткізіледі:
• бірінші кезең –– 30 мин;
І тур. «Сәлем – сөздің анасы». (топтарды таныстыру, аты, ұраны, эмблемасы, сәлемдесуі)
ІІ тур. «Физика біздің айналамызда». ( жауабы бірінші сөйлемнен кейін-3 ұпай, екінші сөйлемнен кейін-2 ұпай, үшіншіден кейін-1 ұпай)
ІІІ тур. «Бұл не?» (физикалық құралдарды таныстыру 5-тік жүйе)
ІV тур. «Бәрін білгім келеді!» (сиқырлы текшелердегі сұрақтарға жауап, 10-40 ұпай)
• екінші кезең – тәжірибелік (үй тапсырмасын көрсету) – 45 мин.
І тур. «Ойлан тап». (үй тапсырмасы, физикалық тәжірибелер көрсету, 10-дық жүйе) Топтық кезеңде әр топ 3 физикалық құбылысты көрсетеді, оны қарсыластары түсіндіру қажет. Құралды оқушылар өздерімен бірге құрап әкелу керек.
- құбылысты көрсету – 5 минут;
- қарсыластардың құбылысты түсіндіруі – 3 минут;
- өз жауаптары – 2 минут;
IІ тур. «Әділқазылар сұрақтары». (әділқазы сұрақтарына жауап беру – 3 минут).

7. Қорытындыларды бағалау, марапаттау тәртібі
Сайыстың қорытындысы бойынша әр қатысушының жинаған ұпайына сәйкес орындар анықталады, команда – жалпы есепте. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады.

Сайыстың өткізілу тәртібі:
Сайыс 2 кезеңде өткізіледі:
• бірінші кезең –– 30 мин;
І тур.«Сәлем – сөздің анасы». (топтарды таныстыру, аты, ұраны, эмблемасы, сәлемдесуі)
ІІ тур. «Физика біздің айналамызда». ( жауабы бірінші сөйлемнен кейін-3 ұпай, екінші сөйлемнен кейін-2 ұпай, үшіншіден кейін-1 ұпай)
1. Ол кез-келген адамда болады, біреуде аз, біреуде көп;
Ол шама векторлық емес, скаляр шама;
Ол кімде үлкен болса, сол адам диетаға отырады;
(жауабы: масса)
2. Ол өзен секілді ағады, тек бір бағытта;
Оны кері бұруға болады, тек ертегіде ғана;
Оны сағатпен өлшейді;
(жауабы: уақыт)
3. Ол барлық дені сау адамда бар, балалар мен әйел адамдарға қарағанда, ер адамдарда көп;
Ол ауру адамдарда әлсіз болады, ол зат емес және сақталмайды;
Ол векторлық шама, ол бізге шкафты жылжыту үшін керек;
(жауабы: күш)
4. Ол үшін энергияның сақталу заңы бұзылады;
Онсыз біз аяқпен жүре де, қасықты қолымызға ұстай да алмаймыз;
Ол аз болғандықтан, тірі балықты қолымызға ұстай алмаймыз;
(жауабы: үйкеліс)
5. Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді:
Жүрегінің қуаты 2,2 Ватт, ғұмырында 40 тонна тамақ жейді;
Жердегі ең ақылды кім?
( жауабы: адам)
6. Адам организмінде бар зат;
Заттың үш күйінің біреуі;
Жерде онсыз өмір жоқ.
(жауабы: су)
ІІІ тур. «Бұл не?» (физикалық құралдарды таныстыру 5-тік жүйе)
Метр, рулетка, транспортир, сағат, секундомер, термометр, динамометр, компас, таразы, микроскоп, фотоаппарат, мензурка, тонометр, воронка
ІV тур. «Бәрін білгім келеді!» (сиқырлы текшелердегі сұрақтарға жауап, 10-40 ұпай)
ТАБИҒАТ
10 – «Айналадағы жайқалған гүлдер, гүлден гүлге қонған көбелек. Гүлдердің иісі аңқып тұр». Бұл қандай құбылыс? (Диффузия)
20–Қайсысы ауыр: ыстық нан немесе салқын нан? (суыған нан, тығыздығы көп)
30–Температура төмендегеп ауадағы су тамшылары конденсацияланғанда пайда болатын құбылыс (шық)
40 - Үйкеліс кезіндегі механикалық жұмыстың жылуға айналу процесі қайтымды ма, әлде қайтымсыз ба? (Табиғаттағы барлық процестер жылу алмасумен, үйкеліспен, диффузиямен қатар жүреді, сондықтан олар – қайтымсыз)

ТЕХНИКА
10 –Кірпіштің салмағы 2 кг және тағы жарты кірпіш. Кірпіш салмағы қанша? (3 кг)
20–Ең алғаш рет қыздыру шамын 1872 ж. Санкт-Петербургте кім ойлап тапты. (А.Лодыгин)
30 –Оқушы рюкзагының белбеуі неге жалпақ? (Жалпақ белбеу денеге қысымды аз түсіреді)
40 –Оттағы шәйнек неге ызылдап әндетеді? (ауа көпіршіктерінің су жылығанда ұлғайып, түбінен қопарылып жоғары көтеріле бастаған қозғалысынан ызыл туады)

ҚҰБЫЛЫС
10 –Балықтың қолда жылпылдап тұрмайтын себебін түсіндіріңдер (сыртқы шырыш қабығы үйкелісті азайтады, сондықтан ұстап тұру қиын)
20 –Бейнероликте қандай физикалық құбылыс көрсетілген? (конвекция)
30 – Судың терең жерінде табанға тас қатты бата ма, әлде таязда ма? (таяз жерінде ауырдады, терең суда тас ауыртпайды себебі суда адамды көтеру оңай. Архимед күші әсер етеді)
40 – Бейнероликтегі тәжірибе қандай физикалық заңға негізделген? (Паскаль заңы)

• екінші кезең– тәжірибелік (үй тапсырмасын көрсету) – 45 мин.
І тур. «Ойлан тап». (үй тапсырмасы, физикалық тәжірибелер көрсету, 10-дық жүйе)Топтық кезеңде әр топ 3 физикалық құбылысты көрсетеді, оны қарсыластары түсіндіру қажет. Құралды оқушылар өздерімен бірге құрап әкелу керек.
- құбылысты көрсету – 5 минут;
- қарсыластардың құбылысты түсіндіруі – 3 минут;
- өз жауаптары – 2 минут;
IІ тур. «Әділқазылар сұрақтары». (әділқазы сұрақтарына жауап беру – 3 минут).

Қорытынды. Марапаттау.

 

Категория: Физика
Просмотров: 5371 | Загрузок: 266 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]