Главная » Файлы » Ашық cабақ |
Қазақстанның табиғат кешендері. Ашық сабақ
[
· Скачать удаленно ()
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [География] |
26.04.2012, 08:22 |
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғат кешендері Сабақтың мақсаты: «Қазақстанның табиғат кешендері» тарауын қайталауға арнал-ған кіріктірілген саяхат сабақ. Тарау бойынша қайталау, жүйелеу, жинақтау, еске сақтауға бағыт ала отырып, басты мәселе туған өлкемізді тани беруге үйрету. Сабақ көрнекілігі: Қазақстанның картасы, буклет табиғат кешендерінің, таулар түсірілген видео таспа, сөз жұмбақ, кеспелер, таблица, кескін карта. Сабақ барысы: Сабақ ойын түрінде саяхатқа шығып, Қазақстанның табиғат кешендерін көріп білуге арналады. Сабақ ойын түрінде басталады, оқушыларды бес ауылға бөлеміз. Ол ауылдарға ат қойылады. 1-топ Абай ауылы 2-топ Ыбырай ауылы 3-топ Ахмет ауылы 4-топ Шоқан ауылы 5-топ Қаныш ауылы Саяхат «Шымкент-Алматы» жүрдек поездымен аралаудан басталады. Саяхатқа шығар алдында сапар бағыты, аялдамалар анықталды. 1-аялдама. «Табиғатты тану» ойыны. Оқушылар билет алып сұраққа жауап береді. 2-аялдама. «Табиғат белдемдері», «Ғажайып қоржын» ойыны. 3-аялдама. «Номенклатура» - алма ағашы түбіндегі ойын. 4-аялдама. Таблица: өзен, көл, тауларды, анықтау. 5-аялдама. Полиглот ойыны. Табиғат кешен аттарын орыс және ағылшын тілдерінде айту. 6-аялдама. Шығармашылық. Өлең оқу. 7-аялдама. Бәйге ойыны. Оқушылардың білімін бағалау. Сабақты қорытындылау. Бір оқушы диспетчер болып тағайындалады. Сол оқушы әрбір аялдаманы хабарлап, оқушыларға тапсырма береді. Диспетчер: Құрметті жолаушылар, «Шымкент-Алматы» поезды жүргелі тұр, билет алуға асығыңыздар, - деп ескертіп отырып, оқушыларға тапсырма беріледі. 1-аялдама. «Табиғатты тану ойыны». Оқушылар билет алып сұраққа жауап береді. 1-билет Каледон тау түзілісі қай заманда болды. Осы уақытта Қазақстанның қай аймағында көтеріледі? 2-билет Кайнозон эрасындағы жыныстар қай дәуірлерде көтеріледі. Оған Қазақстан-ның қандай бөліктері жатады? 3-билет Мұғалжар тауы қай эрада көтерілді? 4-билет Орталық Қазақстанда қалыптасқан аласа биіктіктегі тауларды ата. 5-билет Балқаш көлі мен Сарысу өзенінің аралығында орналасқан шөлді, үстіртті атап, сипаттама бер. 6-билет Сауыр-Тарбағатай тау жоталары қандай эрада, қай аймақта бой көтерген. 7-билет Қазақтың ұсақ шоқылы өлкесінің абсолюттік биіктігі қанша метр, сол шоқы-ларды ата. 8-билет Мезазой эрасының дәуірлерін ата, осы уақытта Қазақстанның территориясын-да өзгерістер болды ма? 9-билет Герцин тау түзілісі қай заманда болды, сол кезде Қазақстанның қай таулары көтерілді? 10-билет Ежелгі шығыс платформа қай заманда қалыптасты, қай аймақтар көтерілді? 2-аялдама. «Табиғат белдемдері» ғажайып қоржын ойыны 1-билет Бұл белдем республика аумағының 44 пайызын алады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері – 200 мл. Жазы ыстық, қапырық, қысы суық, аяз 40 градусқа С-қа жетеді. Жүзген, құм қарағайы, теріскен, ақ және қара сексеуіл өседі. Бұл қай белдем? 2-билет Шөл белдем республиканың барлық аумағының 14 пайызын алып жатыр. 3 мыңнан астам көлі бар. Олардың көпшілігінің суы кермек немесе ащы болады. Өсімдіктерден айрауық, ши қоспасы, құрақ, қамыс өседі. Сүтқоректілерден ақ бөкен, дарақұйрық кездеседі. Бұл қай аймақ? 3-билет Бұл табиғат белдемін Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Нұра және бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді. Олардың жылдық ағысының 80 пайызы, көктемгі су тасу кезеңінде ағады. Егін шаруашылығымен өнеркәсібі дамыған аудандарда су жеткіліксіз. Сондықтан, бөгендерде су жинап, оны су құбырлары мен каналдар (Ертіс – Қарағанды) арқылы пайдаланады. Бұл қай белдем? 4-билет Мұнда жалпы сырт қыраты, Орал алды үстірті, Каспий маңы ойпаты орналас-қан. Бұл табиғи кешен қалай аталады? 5-билет Жер бедері біркелкі. Онда төбелер мен қыраттар кездеспейді. Жазық мезозой мен кайназой араларындағы тау бұзылу үрдісінде қалыптасқан. Бұл қай жер? 6-билет Бұл жазық қазба байлыққа өте бай. Онда бор дәуірінің шөгінділерінен мұнай мен газ табылған. Мұнай, газ өндіретін кеніштер Маңғыстау, Қызылорданың солтүстігінде орналасқан. Бұл қай белдем? 7-билет Жойылып кету қаупінде тұрған аң-құстарды атаңыз? 3-аялдама. «Номенклатура» - алма ағашы түбіндегі ойын. №1. Түбектер: Бозашы, Маңғыстау, Құланды. №2. Таулар: Мұғалжар, Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар таулы өлкесі. №3. Шығанақ: Маңғыстау шығанағы, қазақ шығанағы, Чернышев шығанағы, Сарышығанақ, Комсомолец. №4. Аралдары: Каспий теңізінде Тюлень аралы, Дурнеев аралы. №5. Шөлдері: Қызылқұм, үлкен және Кіші борсық құмдары, Арысқұм, Мыңтөбе құмы, Мойынқұм, Сарыесек, Атырау құмдары, Тауқұм. №6. Үстірттері: үстірт, Торғай үстірті, Орал алды үстірті, Бетпақдала үстірті. №7. Қыраттар: Жалпы сырт қыраты, Көкшетау қыраты. №8. Жазықтар мен ойпаттар: Батыс сібір, Тұран жазығы, Каспий маңы ой-паты. №9. Көлдері: Балқаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз, Шұбар теңізі, Сілеті теңізі, Мар-қакөл. №10. Өзендері: Ертіс, Есіл, Тобыл, Бұқтырма, Үлбі, Оба, Шарын, Лепсі, Ая-көз, Сырдария, Талас, Шу. Толық нұсқасын алу үшін жүктеніз/скачайте | |
Просмотров: 11110 | Загрузок: 1155 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 1 | |
| |