Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Еуразия жер бедері мен пайдалы қазбалары.
[ Скачать с сервера (72.9 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [География]
10.10.2013, 20:48
География пәнінен видео - сабақ жоспары
Сынып: 7

Сабақ тақырыбы: §16-17. Еуразия жер бедері мен пайдалы қазбалары.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға Еуразия жер бедері – жазықтары мен ойпаттары, аласа таулары мен биік таулары және пайдалы қазбалары туралы мағлұмат беру
Сабақ міндеті:
1.Білімдік: Оқушыларға Еуразия жер бедері – жазықтары мен ойпаттары, аласа таулары мен биік таулары және пайдалы қазбалары туралы мағлұмат беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету. Өзендердің суын қорғауға, сақтауға өз үлестерін қосуға дағдылау, бағыттау.
3.Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс, топпен жұмыс, карточкамен жұмыс;
Құрал-жабдықтар: ҚР физ картасы, ҚР әкімшілік картасы, дүние жүзі физикалық картасы, мектеп атласы, кескін карта, карточкалар;
Кездесетін терминдер:
Барысы: : І. Ұйымдастырушылық кезең
1.Сәлемдесу
2.Балаларды түгендеу.
3.Балалардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жаңа сабақ түсіндірілместен бұрын мынадай сұрақтар қойылады, балалар сұрақтарға жауап береді.
1. Жер қыртысы деген не?
2. Платформа дегеніміз не, олардың бірнеше ірілерін атаңдар.
3. Геосинклиналь дегеніміз не, оларға қандай жер бедері сәйкес келеді?


- Материктің жер бедері алуан түрлі. Оны біздер қайдан білеміз?
- Бір оқушы жауап береді.

Еуразияның физикалық картасынан түстер шкаласы арқылы білеміз, картада жасыл түс, сары түс, қоңырқай түс, қою қоңыр түстер көрсетілген. Ол Еуразия материгінің жер бедерінің алуан түрлі екенін, яғни жазықтар, үстірттер мен қыраттар және аласа – биік таулардың кездесетінін көреміз.
- 2-
- Өте жақсы.
Материктің орташа биіктігі- 840 м. Ауданының жартысынан астамын таулар алып жатыр.
- Ең биік нүктесі қандай?
- Ең биік нүктесі Джомолунгма шыңы, 8848 м. (Балалар картадан көрсетеді)
- Ең төмен жатқан нүктесі қандай?
- Ең төмен жатқан нүктесі- Өлі теңіз маңы, -403 м. (Балалар картадан көрсетеді)
- Ежелгі плиталары қандай?
- Материктегі ең ежелгі плиталар - Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай-Корей, және Оңтүстік Қытай платформалары. (Балалар картадан көрсетеді)

- Видео-фильм көрсетіледі.

- Еуразия материгі арқылы Дүние жүзіндегі аса ірі екі сейсмикалық белдеу өтеді.
1. Альпі - Гималай белдеуі
2. Тынық мұхиттық геосинклинальдық белдеуі
Осы белдеулерді кім көрсете алады?

- Балалардың бірі Альпі - Гималай геосинклинальдық белдеуін көрсетеді, екіншісі Тынық мұхиттық геосинклинальдық белдеуін картадан көрсетеді.

Жалғасын көру үшін жүктеп алыныз!
Категория: География
Просмотров: 7392 | Загрузок: 878 | Рейтинг: 2.7/23
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]