Главная » Файлы » Ашық cабақ |
Тотығу.Оксидтер және олардың аталуы
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Химия] |
30.04.2012, 20:38 |
8-сынып Химия Сабақтың тақырыбы:Тотығу.Оксидтер,олардың аталуы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға оксидтер ұғымы туралы мағлұмат беріп, оларды атауларымен ажырата білуге,реакция теңдеулерін теңестіре білуге баулу. Тәрбиелік: Өз бетімен, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйрету.Өздігінен талпынып, жауапкершілікпен сезінетін саналы, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушылардың ықыласы мен белсенділігін, іскерлігін арттыру. Тәжірибе жасау икемділіктерін, танымдық қабілеттерін, пәнге қызығушылықтарын дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ (жаңа сабақ) Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жеке,топтық жұмыстар, демонстрация, тест тапсырмалары, тірек- Сызба Сабақтың көрнекілігі: оксидтердің үлгілері,электронды оқулық, интерактивті тақта, слайдтар, құрал-жабдықтар Сабақта күтілетін нәтиже:- оксидтерді ажырата алады - оксидтердің формуласын құра біледі - есептер мен жаттығуларды өзбетімен орындай алады - танымдық қабілеттері артады Сабақтың жоспары: 1-кезең Ұйымдастыру 2- кезең «Қызығушылықты ояту» (өтілген тақырып бойынша танымдық қызығушылығын ояту) - графикалық диктант - сергіту сәті 3- кезең «Мағынаны ашу» (жаңа ақпаратпен таныстыру) 4- кезең «Ой толғау» (сабақты бекіту, қорытындылау,ойларын толықтыру) Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру - Сәлемдесу - Оқушылардың сабаққа қатысын тексеу - Өлең жолдары ІІ –кезең «Қызығушылықты ояту» Графикалық диктант ( иә немесе жоқ) - Оттек элементі 8-ші орында тұр - Ауа құрамында 65% оттек бар - Оттек суда жақсы ериді - Оттек түссіз газ - Оттекті лабораторияда 4 әдіспен алады - Оттек жеңіл газ - Оттек ІІ валентті - Оттек жануды қолдайды - Р2О5 қосылысында фосфор 5 валентті - Оттек күрделі заттармен әрекеттеспейді Сергіту сәті Берілген сұрақтарға жауап беріп торкөздерді шешейік. 1.периодтық жүйеде 8-ші орында тұрған элемент 2.атомдардан не құралады 3.құрамында 89% оттек болатын қосылыс 4.оттектің лабораторияда алыну әдісінде қолданылатын қосылыс 5.атомдық массасы 127-ге тең элемент ІІІ – кезең «Мағынаны ашу» (жаңа сабақ түсіндіру) Демек, бүгінгі сабағымызда оксидтер ұғымымен танысамыз.Ендеше дәптерлеріңізге бүгінгі күн мен жаңа тақырыпты жазып қойыңыздар. Оксид деген ұғыммен алдыңғы сабақтарымызда оттектің қасиеттерінде заттармен әрекеттесуінде кездестірдік. Жай заттар + Оттек → Тотығады. Cu + O2 → CuО S+O2 → SО2 Оттек 2 Элемент Оттек Биэлементті қосылыс CuО - мыс оксиді, мыс моно оксиді SО2 - күкірт (ІV) оксиді, күкірт диоксиді 1-моно, 2- ди, 3-три, 4-тетра, 5-пента, 6- гекса, 7-гепта ІV – кезең «Ой толғау» ( толықтыру, сабақты бекіту, қорытындылау) 1.Мына қосылыстардың ішінен оксидтерді теріп жазыңыз: NaOH K2O SO2 CI2O7 H2SO4 SO3 FeSO4 Mn2O7 KI NaCI AI2O3 2. Оқулықпен жұмыс №2 66-бет Н, Na, Mg, АІ, Са оксидтерінің формуласын құрыңыз. Н2О Na2O MgO АІ2О3 СаО (карточкамен жұмыс 2 оқушы) 3. Сәйкестендіру тесті 1. СuО а) күкірт(ІV) оксиді 2. SO2 ә) күміс оксиді 3. SO3 б) мыс (ІІ) оксиді 4. Аg2О в) күкірт (VІ) оксиді 5. ZnО г) мырыш оксиді 4. Тәжірибе жасау ( реакция теңдеуін аяқтау) №1 тәжірибе CаО + ...... → Са(ОН)2 әк суы, ақ тұнба №2 тәжірибе ........ + НСІ → ZnСІ2 + Н2О ериді №3 тәжірибе (экраннан) ..... + О2 → SO2 №4 тәжірибе (экраннан) Mg + O2 → ....... 5. Семантикалық карта Оксидтің атауы формуласы Элем. вал. Оттек вал Мr -? W(Э)-? W (О)-? Мыс оксиді Темір (ІІІ) оксиді Алюминий оксиді 6. Тест тапсырмалары 1. Біреуі оттек болып келетін күрделі қосылыс А) қышқыл Б) оксид В) тұз 2. ҒеО қосылысында темір неше валентті А) І Б) ІІ В) ІV 3. Оттегінің салыстырмалы атомдық массасын белгіле: А) 32; Б) 1; В) 16. 4. Алюминий оксидінің формуласында алюминийдің индексі: А) 3-ке; Б) 1-ге; В) 3-ке. 5. Төмендегі қосылыстардан оксидтерді анықтаңыз: А) KMnO4; Б) CO2; В) KOH. 6. Ванадий (V) оксидінің формуласы А) V2О3 Б) V2О5 В) VО2 7 … Ba + O2 = … BaO теңдеуінде қалдырылып кеткен коэффициенттердің мәнін көрсетіндер: А) 4, 4; Б) 2, 2; В) 1,1. 8. Сr2О3 оксидінің аталуы: А) хром триоксиді Б) трихром диоксиді В) дихром триоксиді Үйге тапсырма § 23 Тотығу.Оксидтер,аталуы. 66-бет №1,3,5 жаттығулар Бағалау | |
Просмотров: 8922 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |