Главная » Файлы » Ашық cабақ |
Математикалық сайыс ашық сабақ
[
· Скачать удаленно ()
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Математика] |
21.02.2012, 19:00 |
Семей қаласы «№ 19 жалпы орта білім беретін мектеп» Математика пән мұғалімі Жунусова Кунзила Карповна Математикалық сайыс Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. 2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту. 3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру. 1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек». С.М.Ломоносов 2. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула» С.В.Ковалевская 3. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы» К.Гаусс 4. «Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер және еңбек». М.Искаков 1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Нақты ғылымдарға қызығушылар. Естігенін есте тұтып, Оқығанын миға тоқушылар. 2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар! Айтар ойын тұспалдар. Сіз оқытқан окушылардың, Сәті келді сыналар. 1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз, Арасында ойын ойнап жарысамыз. Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар. Әзіл есепті де жүзеге асырамыз. 2- жүргізуші: Олай болса, тұрмайық, Кешімізді біз бастайық, Әділ бағаға қалтасы толы, Әділқазыларды шақырайық. 1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімын дұрыс бағалау Үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған. 2- жүргізуші: Шын жүйрік шабасынан табылады. Нақты білім, терең ой сыналады. Баға берер әділқазы ортамызда Сіздерге құрметпенен қол соғылады. Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық. 1. Сәлемдесу. Әр топ өздерін таныстырады (аты, ұраны). 2. Викториналық сұрақтар. (Жауап нақты, тез болу керек) 1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 ) 2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет) 3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? ( 5 бала ) 4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат) 5. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? ( үтір ) 6. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам) 7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең) 8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық) 9. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен) 10. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 ) 3. «Білім арқаны» 1. Түзудің бойынан 4 нүкте ал. Сонда қанша кесінді пайда болады, егер ұштары осы нүктелер болса? (6 кесінді) 2. Алты 7-ден 100 санын жаз. (777-77):7=100 3. Биіктігі 6 метр бағанмен ұлу өрмелеп шығып келеді. Күндіз ол 4 метр биіктікке көтеріледі, ал түнде ол 3 метр төмен түседі. Ол қанша күнде басына шығады? 1 күн және түн 4-3=1 (м) 2 күн 1*2=2 3 күн 2+4=6 (м) ( 3 күнде) 4. «Ой сергіту сайысы» Жұмбақ шешу. 1-жүргізуші: Математикалық атаулар мен ұғымдар, Есте болар, құрбылар, бәріңнің де. Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек Артық болмас, бастайық, кезек бізде. 2- жүргізуші: Жақсылап шешіп, табайық жауабын Сыйлық бар сқздерге, қадырлі ағайын. Нәрселерді санағанда, Керек ол бізге ауадай, Айтыңдаршы, бұл қандай сан, Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан) Өмірің сенің қызық, Жолында жоқ түзу сызық, Басы да жоқ аяғы. Бір айналым баяғы. (дөңгелек) Дүкеннен мен сабын алдым, Оның және қабын алдым, Екі дәптер, бір қарындаш, Тіс ысқышты тағы да алдым. Есептеші сонда бәрі Қанша болды, қолда бары? ( 6 ) Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш ) 5. Үй жұмысы. Әр топ бір-біріне кезек сұрақтар қояды. 1-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар, Есептану пәні бар. Сабағынды егер оқысаң, Өмірде саған жол болар. 2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды. Ал, қазыр әділқазылар сөз алады. Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап, Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады. Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау. | |
Просмотров: 18752 | Загрузок: 1338 | |
Всего комментариев: 0 | |