ашық сабақ. тақырыбы: жай бөлшектерге амалдар қолдануды қайталау
Сабақтың тақырыбы: ЖАЙ БӨЛШЕКТЕРГЕ АМАЛДАР ҚОЛДАНУ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жай бөлшектерді, аралас сандарды қосу, азайту, бөлу және көбейту,коор
динаталық сәуленің бойынан нүктенің координатасын табу ережелерін қайталап;
тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау, бекіту, бағалау.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық, жан- жақты ойлау, жылдам есептеу қабілетін дамыту; жұппен жұмыс жасау қабілетін; ақпаратты көзбен және түйсінуарқылы қабылдау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие, жауапкершілік, топпен және өздігінен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: жеке, топпен, фронтальді
Көрнектілігі: Интерактивті тақта, түрлі түсті қарындаш, таратпа материал
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
III. Қайталау. (Ауызша)
Тапсырманы орындай отырып оқушылар жай бөлшектердің ережесін, яғни дұрыс, бұрыс бөлшек, аралас сан ережелерін қайталап, еске түсіреді. 1-3 есепте аралас саннан бұрыс бөлшекті, бұрыс бөлшекті аралас санға айналдырады. 4-5 тапсырманы орындай отырып оқушылар ой өрісін дамытуға тарихи мәліметпен танысады.
|