Главная » Файлы » Ашық cабақ



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

«Оқушы-ұстаз-ата-ана-үштік одақ ынтымақтастығы» Ата-анамен жұмыс


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Мерекелік іс шаралар]
28.01.2020, 11:33

Қызылорда облысы
Арал ауданы
Шижаға елді мекені
Қожахметова Лиза
№57 Е.Көшербаев атындағы орта
Мектебіндегі бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы «Оқушы-ұстаз-ата-ана-үштік одақ ынтымақтастығы» ата-ана жиналысы
Мақсаты Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудаға ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу,сынып пен мұғалім, мұғалім мен бала, педагог пен ата-ана арасындағы қарым –қатынасты нығайту, жетістікке жету үшін бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау,отбасы ерекшеліктерін ескере отырып қиындықтарды бірлесе шешу
.
Күтілетін нәтиже Ата - ананың өз баласын тәрбиелеудегі қарым - қатынасы туралы түсініктерін біледі. өз отбасындағы тәрбиесі өнегесі, баласының басты ұстазы екенін біледі.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Пікірлесу» , «Сұрақ-жауап», «байланыс» топтық жұмыс.
Қолданылатын ресурстар стикерлер, интербелсенді тақта, микрофон
Ұйымдастыру кезеңі
Шаңырақ көтеріп қазақша кейінген ер бала,қыздар шығады. Қатысушы ата-ана,мұғалім,оқушы шақырылады.Шаңыраққа байланған лентаны ұстап,бір-біріне тілектер айтады.
Жұмыс кезеңдері
Кіріспе Жүргізуші : Сәлеметсіздер ме Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
«Оқушы-ұстаз-ата-ана-үштік одақ ынтымақтастығы» атты бүгінгі ата - ана, оқушы, мұғалім үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту үшін ұйымдастырылып отырған дөңгелек үстелге қош келдіңіздер.
«Мектептегі көріністер» видеоролик көрсетіледі.(Оқушылар өміріндегі естеліктер)
Жүргізуші: Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасындағы құндылықтар туралы бірер сөз.
Отбасындағы құндылықтар тақырыбында ата-аналарға сұрақтар беріледі.
Жүргізуші: Шаңырақ- киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, шаңырақ уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Киіз үйдің үстіндегі дөңгелек шеңбер осылай аталатыны белгілі. Біздегі үлкен шаңырақ бұл білім ордасы мектебіміз,уық шаңырақты берік етіп ұстайтын тірек , ал мектептің тірегі -сіздерсіздер.Біз бірлікте Оқушы – мұғалім, оқушы ата –ана, мұғалім-ата –ана- адамгершілікке бағытталған тұлға аралық қатынасты қалыптастыруға күш салатын үштік одақ. Ата — ана мектеппен байланысын күшейтуі арқылы ғана бала тәрбиесінде жақсы жетістікке қол жеткізе алатыны ақиқат. Ал, ата –ана мен ұстаздар арасындағы қарым –қатынасынан біз тамаша нәтиже күтеміз. Бар әдемілік пен әдептілікті бойына жинаған, халықтық тәрбиемен сусындаған, өз отбасына, өз ұстаздарына, өз мектебіне, сыныптас достарына, еліне құрмет сезімі қалыптасқан жеке тұлға қалыптастыра аламыз.Баланы білім шыңына көтеру үшін ата-ана мен мұғалім бірлесе бірін-бірі қолдау көрсете жұмылғанда ғана еңбектері күткен нәтижеге қол жеткізері анық.
Олай болса сіздерді таңдаған түстеріңіз бойынша төрге жайғасуларыңызды сұраймыз.
Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді
Көгілдір - түсінуге деген құлшыныс
Жасыл– жігерлілік
Қызыл – белсенділік.
Түстерге сәйкес топқа бөлініп отырады.

Негізгі бөлім Жүргізуші: Тақырыпқа байланысты сіздерге қоржынға салынған сұрақтарды ұсынамыз.Осы сұрақ төңірегінде жоба қорғайсыздар.
Сұрақтар :
1топ оқушыларға сұрақ:Ата-аналар сендер үшін кім?
Қазіргі замандағы мұғалім қандай болу керек?
2 топ ата-аналарға сұрақ: Сіздер үшін бала кім?
«Болашақ мектеп» қандай болу керек?
3 топ мұғалімдер тобына : заманауи оқушы моделі?
Ата-аналарға тілек.
Жүргізуші:
Жоба қорғалып болғаннан кейін сергіту ұйымдастырылады.
Сөз кезегі Мектеп директоры : Ләззат Сейітқұлқызы Сатыбалдиеваға беріледі.
Ендігі сөз кезегі мектеп директорының бейіндік орынбасары Құлмырзаева Жанар апайға беріледі.
Қорытынды

Сынып жетекшілер сөз алады. Оқу қорытындысы,ОЖСБ көрсеткіші сәйкес презентация жасалады
Қорытынды сөзі Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және оқушылар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу. Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат. Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр. Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!
Рефлексия Стикерлерді толтыру

Категория: Мерекелік іс шаралар
Просмотров: 4350 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]