Главная » Файлы » Ашық cабақ |
[ Скачать с сервера (4.57 Mb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Мерекелік іс шаралар] |
16.03.2015, 11:06 |
Тақырыбы: «Наурыз – жаңа күн » Мақсаты: балаларға ұлттық мерекеміз - Наурыз туралы кең мағлұмат беру;халықтық салт – дәстүрді тану;ақ тілек, бата , наурыз көже , құт – береке ұғымдарын ұғындырып, шешендікпен, орынды сөйлеуге баулу; инабаттылыққа , адамгершілікке тәрбиелеу Көрнекілігі: мерекенің ұлттық символы , қазақы дастархан, киіз үй ішінің құрал – жабдықтары Әдісі : сұрақ – жауап, әңгімелеу, жарыс Барысы: 1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар мен оқушылар! Мереке кешін басталық!Қош келіпсіз бәріңіз! 2-жүргізуші: Ау аман ба , Жарандар! Алтын таңға қараңдар! Келе жатыр жылымыз, Қарсы алайық, тұрыңдар! Қошеметпен келе жатқан Жаңа күн – Наурызды қарсы алады.Ұлттық киім киген жеңгелер кіріп, «Шашу!», «Шашу! » деп , шашу шаша бастайды. Мерекелік жай әуен ойналады.
1- жеңгей: Қашанда құт – береке орнасын деп, Тойларда шашу шашу – салты елімнің. Уа , халайық, теріп ал мәмпәсиді, Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін. 2- жеңгей:Шашу ! Шашу! Көп шашайық шашуды, Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр. Уа, жамағат, жинап ал, несібеңді, Ризалығың болсын көл- көсір! 1- жүргізуші: О, халайық, мерекеміз құтты болсын! 2- жүргізуші:Мыржақып Дулатов ағамыз жазғандай «Орыста мейрам көп, қазақта айран көп » деген. Бізде жалғыз мейрам бар , ол Наурыз.Қазір жұрт Наурыз мейрам басталғалы бері Наурыз парсы тілінде « жаңа күн » деген ұғымды білдірсе , «бұл өзі бізге парсыдан, шығыстан келген мейрам екен ғой» дейді. Шын мәнінде солай ма? 1- жүргізуші:Шәкәрім атамыз түсіндіріп кеткен. «Наурыз – парсы тілінде «жаңа күн» деген сөз. Мұны қазақтар Бұқар, Тәшкендік қожалардан үйренген. Ескі қазақта (ескі түрікте) Жаңа жыл күннің аты - Ұлыс ». 2-жүргізуші: Ендеше Жаңа жыл қайырлы болсын! Ортаға әсем халық әндерімен әжелерімізді шақырайық. Алдар көсе:Тазша , Қожанасыр, манадан бері бір хош иістің мұрнымды жарып бара жатқаны ... 1-жүргізуші: Бұл біздің әжелеріміздің Наурыз көжесі ғой . Алдар көсе:Көжелеріңіз қандай тағам түрлерінен дайындалған екен? 2- жүргізуші: Оны көжешіден сұралық.Көжеші, мына Алдекең сіздің тай қазанға қанша дәм – тағам салғаныңызды білгіс келеді. Көжеші: «Ұлыс күні қазан толса , бұл жылы ырыс мол болар » дегендей, Наурыз көжеге жеті түрлі тағам қостым. Олар: соғымнан қалған сүр ет, сүзілген құрт, ақ тары, сәбіз, уызды сүт, пияз және қойдың басы. Алдар көсе: Өткен күн өзімен кетіп, Келген күн жарылқасын!
1- жүргізуші: Құрметті қонақтар, « жыл бойы тоқшылық болсын, қазанымыз оттан түспесін, дастарханымыз кең жайылсын » деген ақ тілекпен Наурыз көжеден дәм татайық. (ағаш ыдыс – аяқтарға құйылған көжелер мен ұлттық тағамдар жиналғандарға ұсынылады.) Осы сәтте Тазша әрқайсысынан бір алып, қомағайлана жей бастайды.Мұны Қожанасыр байқап тұрады. Тазша бала: Ата , сіз білмейсіз ғой. Көптен жемеп едім, алмада «А» дәрумені, балда « Б » дәрумені, жүзімде « Ж » дәрумені көп болады. Қожанасыр Тазшаның шекесінен қағып қалады да : Шапалақта « Ш » дәрумені көп болады, балам! Тазша бала кешірім сұрап: Көжеге тойған жайымыз бар!Халайық, мына Тазша шынашақтай шындығы жоқ өтірік өлеңдерін ұмытқан екен деп қалмаңыздар. Өздерің рұқсат етсеңіздер, бір – екі ауыз жырлап берсем қайтеді? (Тазша домбыра алып әндете жөнеледі ) 2- жүргізуші:Рахмет, Тазша бала , өнерің үстем болсын! 1- жүргізуші: Білесің бе,ертеректе Наурызда өгізді құрбандыққа шалатын болған, ал жас балалардың маңдайына қанмен дөңгелек салу дәстүрі де болған. Бұл – Күнді құрметтеуден туған көне ырым. Оны бүгінгі Жаңа жылдың символын белгілеген мына суреттен көруге болады.Мұнда мүйізімен Күн көтеріп тұрған алып Көк өгіздердің суреті, яғни ежелгі түркілерден аспан белдеуіндегі Күннің жолы мен Жерге келген Жаңа жыл белгісі. 2- жүргізуші:Тамаша! Бұл ырым – дәстүрді енді біліп, есте сақтаймыз. Мерекеміздің келесі бөлі мін Тазша, Алдар көсе және Қожанасырдың сіздерге дайындаған мерекелік ойынынан сыйы бар. Осыларға кезек берелік. Тазша бала:Баршаңыз да «Сөз мерген » танымдық саысымызға қош келдіңіздер! Ойынымыздың мақсаты – тіліміз бен ойымыздың ұщқырлығын, өткірлігі мен өзге шешендігімізді байқату. Ортаға қатысушыларды шақырып, сарапшыларымызды сайлап алайық. Сайысымыз үш белестен тұрады: 1 – белес . «Мықты болсаң , тауып көр ». (Тұрақты тіркестердің мағынасын табу). 2 – белес. «Жүйрік болсаң, озып көр » . (Мақал – мәтелдер құрастыру ) 3 – белес. «Ойлы болсаң , озып көр » . (Сөздердің мағынасын ашу) -Құрметті қонақтар, оқушылар! Тіл – халықтың тарихы , тіл – ұлттық қазынамыз. І белес. « Мықты болсаң , тауып көр! » Шарты: берілген сөздерден тұрақты сөз тіркестерін құрастырып мағынасын ашып беру. Ендеше іске сәт!Басталық. 1 – тапсырма. Сиыр Қой } Шөп (Қой аузынан шөп алмас - жуас) Лақ Түйе 2- тапсырма. Бас Көз } Кір (Тырнақ астынан кір іздеу - бәле іздеу ) Тырнақ Аяқ 3- тапсырма . Сақал Шаш } Сипау (Сақал сипап қалу - алдану ) Бет Құлақ 4- тапсырма. Қойшы Бәкі } Жүзі (Ұстараның жүзіндей – орнықсыз ) Ұстара Пышақ 5- тапсырма . Өкпе Реніш } Қазан (Өкпесі қара қазандай – ренішті ) Қуаныш Шаттық « Сөзмерген » қоржынына қосар сөзіңіз бар ма ?(Ұпай саны төмен ойыншыға ) Алдар көсе: ІІ белес «Жүйрік болсаң , озып көр » Шарты: Берілген сөздерден мақал не мәтел құрастыру. «Сөздің көркі - мақал » деген. Кәне, сөздік қорымызды білейік. 1- тапсырма Ауыз Көз } Қол (Көз қорқақ , қол батыр) Мұрын Ерін 2 –тапсырма. Адам Тағам } Жеті (Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл ) Жұрт Өнер 3 – тапсырма. Қас Дос } Дау (Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды ) Аға Іні 4 – тапсырма . Жігіт Батыр } Өнер (Жігітке жеті өнер де аз ) Отан Киім 5 –тапсырма . Қой Сиыр }Қуырдақ (Қуырдақтың көкесін – түйе сойғанда көресің ) Түйе Жылқы Қожанасыр: ІІІ белесіміз «Ойлы болсаң , озып көр » Шарты: Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп беру. Наурызға байланысты әдет - ғұрыптар. 1. Наурызнама деген не? Шат – шадыманды ойын – сауық, той. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тиым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес , т.б. спорт бәсекесі, айтыс, жұмбақтар, ән өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнама бұрын үш – тоғыз күнге созылатын үлкен той. 2. Ұйқыашар деген не? Қыз – жігіттер наурызнамада жиналып бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет , уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. 3. Наурызкөк деген не? Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе? » деп шақырып, жем шашады. Оны ешкім қумайды, үркітпейді. 4. Наурызшешек деген не? Наурыз айында өсетін жапырақты , түрлі – түрлі гүлді, қауашақты әсем өсімдік (шөп) . Оны үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар. Ол «Қызыл кітапқа » енген сирек кездесетін бағалы өсімдік. 5. Наурызша деген не? Наурыз айында жұп – жұқа , қиықша қырбық қар түседі. Оны халық наурызша деп атайды. Тазша бала : Ойынымыз өз мәресіне жетті. Ойында тапқырлығын , шешендігін сынға салып, өз өнерін танытқан ойыншыларға үлкен алғыс айта отырып, жеңімпазға «Сөзмергені » деген атақты беру үшін ортаға сарапшыларды шақырамыз.(Сарапшылар сөзі. Марапаттау ). 1- жүргізуші: Сен білесің бе? 21 – наурыз түні қалай аталады? 2 – жүргізуші: Халқымыз айтқандай , үй , даланы аралайтын «Қызыр түні » . Ол үй іші, қорасы, ауласы мен киген киімі , ішкен тамағы таза адамдарға қонады. Қызы ата бас бармағы былқылдап тұратын , ақ сақалды қария екен, амандасқанда бармағынан білуге болады деседі. 1 – жүргізуші: Сонымен бірге жұлдызшылар тәжірибесіне сүйенсек, күн бұл таңда төрт түрлі боп атуы мүмкін екен. Оны біздің балалар жақсы біледі. 1- оқушы: Күн егер жанған оттай қызарып, қан қызыл боп шықса, ол жылы өлім – жетім , өрт көп болады, қантөгістер де блуы мүмкін. 2 –оқушы: Егер күн түсі сары қызыл тартып , ыстық леп бірден бетке ұрып, шақырайып шықса, ол жылы құрғақшылық болады. Таулы аймақтарда жиі – жиі тасқын боп, шалғынды далада жиі өрт шығады. 3- оқушы: Күннің түсі күңгірт тартып, қораланып, солғын көрінсе, ол жылы жауын – шашын ерекше көп болады. 4- оқушы: Күн сәулесі жан – жаққа шашырап, шапағын төге рауандап атса, ол жылы жанға жайлы молшылық болады. 2- жүргізуші: Ал,Ұлыс күні жігіттер мен бозбалалар қыздарға арнап «селт еткізер», «дір еткізер» деген сыйлықтарын ұсынады. Ендеше біздің де бір – бірімізге дайындаған сыйлықтырымызды табысталық. (сыйлықтар беріледі)
Бұл сыйлыққа айна , тарақ, иіс май, күміс жүзік жатады. Айна – пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың , иісмай – жауқазындай құлпырудың, күміс –тазалықтың белгісі. 1- жүргізуші:Ертедегі Шығыс жұлдызнамашылары Наурыздың қай күні кіретініне қарай бүкіл жылды сипаттаған екен.Оны Қожа Әли Термизидің «Наурызнамасынан» көруге болады. 1-оқушы: Наурыз сәрсенбі күні кірсе өте қиын жыл(қымбатшылық, опат,ашаршылық,т.б). 2-оқушы׃Жұма,сенбі күндері кірген жылдар жақсы болмайтынын көрсетсе,ол аптаның басқа күндері жақсылық жылдары деп есептеген. 2-жүргізуші Ендеше биылғы жыл сәтті болмақ қой.Себебі сейсенбіде келмек.Ұлыс бақты болсын! 1-жүргізуші׃Төрт түлік ақты болсын! 2-жүргізуші׃Ұлт береке берсін! 1-жүргізуші׃Бәле-жала жерге енсін! 2-жүргізуші׃Ұлыс күні қазан толса, Ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алсаң Содан олжалы жол болар,- дегендей, мерекелік кешіміздің құрметті қонағымыз Ғилаш атамыздың бата-тілегін алғымыз келеді.(Бата беріледі). 1-жүргізуші׃ Құрметті қонақтар, ата-аналар, ата-әжелер мен жеңгейлер, ұстаздар.Баршамызға Жаңа жыл құтты болсын!(бірге) Наурыз-жақсылық, ырыс,отбасымызға бақыт, құт-береке әкелсін! | |
Просмотров: 2566 | Загрузок: 78 | |
Всего комментариев: 0 | |