Главная » Файлы » Балабақша |
Математикадан үйірмен сабақ. Кружковая работа по математике
[
· Скачать удаленно ()
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ашық сабақтар] |
21.05.2012, 19:33 |
Бұл үйірме жұмысында тапсырмалар, ойын жаттығулар және сауалнамалық сұрақтар «Байқампаздар» ав. Г.И. Долженко. «Қызықты математика» Р.Мәженқызы «Балаңыз мектепке дайын ба?» кітаптарынан алынды. Мақсаты: Ойын арқылы балалардың ойын, зейінін, есте сақтауын дамыту.Математикалық ұғымдарды тұжырымдау.Сурет бойынша есеп құрастыруға үйрету.Логикалық ойлауын дамыту. Үйірме арқылы қоршаған әлемді қабылдауға меңгерген білім-білік дағдыларын қолдануға қабілетті, танымдық құзіреттіліктерді меңгерген мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру. Қыркүйек: Геометриялық фигура деген не? 1. «Бауырсақ» қалашығы. 2. «Сыр сандық» 3. Геометриялық фигуралардан әр түрлі бейнелер құра. 4. Есіңе сақта! Мақсаты: Геометриялық фигураларды ажыратып атай білуге үйрету. Қазан: Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар. 1. «Тәуліктің уақытын ата» Кеш. Түн. Күн. 2. « Аптада неше күн бар?» 3. «Бұл қай кезде болады» 4. «Жұмыс күндері қандай?» Мақсаты: Уақытты бағдарлай білуін дамыту.Уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру. Қараша: 1. д-ойын « Не қайда орналасқан» «Дұрыс жалға» 2. д-ойын жаттығу. «Үшбұрышпен танысамыз» Мақсаты: Тәулік бөлігін ажырату. Үшбұрышты нүктелер бойынша салу. Күз айларын атау. Желтоқсан: Зейінді тұрақтандыруға арналған ойын жаттығулар. 1. «Өз үйіңді тап» 2. «Сандық қатар» 3. « Қанша дыбыс естідіңдер» 4. Ойын « Дұрыс ата» Мақсаты: Реттік санды атап « Қайсы?», « Нешінші?» деген сұрақтарға жауап беру дағдысын дамыту. Қаңтар: Көп аз ұғымдары. Геометриялық фигура. Сопақ. 1. Ойын « Сопақша саламыз» 2. Салыстыру «Көп», « Аз» белгілері. 3. д-ойын « Аюларға бал жетеме?» 4. Логикалық тапсырмалар. Мақсаты: Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарын санау негізінде қалыптастыра отырып, екі топтың заттарын салыстыруға үйрету. Ақпан: Математикалық түсініктер. 1. «Көлем, пішін» 2. « Математикалық ұғымдар» ( оң, сол, жоғары, төмен және т.б) 3. Қыс айларын атау. Мақсаты: Заттарды көлеміміен салыстыруды үйрету. Кеңістікті бағдарлауын одан әрі дамыту. Наурыз: Ойлауды дамытуға арналған ойындар. 1. «Таяқшалардан геометриялық фигуралар құрастыр» 2. « Сан және санау» 3. « Уақытты бағдарлау». Көктем. 4. « Ұлттық киімдерді пішіненіне сәйкес топта» Мақсаты: Қоршаған ортадағы заттарды геометриялық пішіндерге сәйкестіндіре білуге үйрету. Сәуір: Математикалық қарапайым түсініктерді қалыптастыру. 1. « Жетпей тұрған фигураны сал» 2. « Математикалық жұмбақтарды шешу» 3. Ойын « Есеп құрастыр» 4. «Логикалық есептер» Мақсаты: Геометриялық пішіндерді ажырата білуін жетілдіру. Логикалық ойлауын дамыту. Мамыр: « Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар» 1. «Сандардың құрамы». Санау. 2. « Cиқырлы қапшық» 3. « Көңілді есептерді шеш» 4. « Сыр сандық». Санамақтар. Мақсаты: Балаларды бірден онға дейін, ауызша санап есептеуге, сандар қатарын, сандарды тура және кері санауға үйрету. Өз бетінше ойлауын жетілдіру. Скачать полную версию бесплатно! | |
Просмотров: 19121 | Загрузок: 1413 | |
Всего комментариев: 0 | |