Главная » Файлы » Балабақша |
[ Скачать с сервера (64.8 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ашық сабақтар] |
30.11.2015, 22:01 |
Түрі: ашық сабақ
Тақырыбы: «Менің Президентім» Мақсаты:Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Көрнектіліктер:Елбасы суреті, слайд,кітап көрмесі,көрнекіліктер. Тәрбиеші: Балалар, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Кәне балалар, қонақтармен амандасайық. Балалар:Сәлеметсіздер ме! Тәрбиеші: Барлығымыз тұрып әнұранды орындайық. Әнұран. Тәрбиеші: Балалар бүгін біз сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген? Тәрбиеші:Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Тәрбиеші:Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.Балалар, сендердің аналарың, әкелерің жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі? Тәрбиеші:Өте дұрыс. Астанада Ақордада. Балалар Астанада тағы да не бар? Тәрбиеші:Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы. Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме? Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар! Балалар, біздің туымызға қараңдаршы, нелер бейнеленген? Тәрбиеші:Дұрыс! Ал бұл суреттер не білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай? Тәрбиеші:Дұрыс! Ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін деген. Ою-тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді. Енді балалар, Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаның ортасында не тұр? Тәрбиеші:Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үлкен ортақ үй деген мағынаны білдіреді. Тағы да не бар? Тәрбиеші:Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесіндегі жұлдыз – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін білдіреді. Шаршадыңдар ма балалар? Тәрбиеші:Кәне келіңдер сергіту сәтіне. Сергіту сәті. Біз бақытты баламыз, Шырқап әнге саламыз. Туыспыз біз бәріміз, Бір Отанды сүйеміз. Тәрбиеші: Балалар тақтадағы суретке назар аударыңдаршы. Суретке қарап әңгіме құрайық. Бұл суретте нені көріп тұрсыңдар?. (зәулім үйлер мен ғимараттар,бәйтерек,әсем, көркем қала Астана) Сөздік жұмыс: «Елбасы», «рәміздер» , «бәйтерек» барлығы қайталайды. Қорытынды:Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық? Тәрбиеші:Ол кім? Тәрбиеші:Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады? Тәрбиеші:Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші. Жарайсыңдар, балалар! Сендерге сабақ ұнады ма? Егер ұнаса күннің көзінің суретін , ұнамаса бұлттың суретін тақтадағы қалташаға салыңдар. Осымен сабағымыз аяқталды. Рахмет балалар. Күтілетін нәтиже: Білуі керек: ҚР рәміздерін, оларға сипаттама беруді, аңық сөйлеуді. Істей білуі керек: Негізгі сұрақтарға жауап беруді, ойларын толық жеткізе білуді. Болуы керек: патриоттық сезім.
| |
Просмотров: 6882 | Загрузок: 162 | |
Всего комментариев: 0 | |