Сабақтың тақырыбы: «Рахмет саған, Алтын күз!»
Сабақтың мақсаты: балалардың күз туралы түсінігін кеңейту, күз мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік бере отырып әңгімелеу. Суреттер бойынша әңгіме құрастыруға үйрете отырып, балалардың тіл байлығын дамыту. Табиғатқа қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: күз көрінісі бейнеленген суреттер, геометриялық пішіндер, жеміс-көкөністер, слайд
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық ойын, сұрақ- жауап.
Сабақтың барысы: - Балалар, бүгін біздерге қонақтар келіп қалыпты.Олай болса, барлығымыз орнымыздан тұрып амандасайық.
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн туды,
Қайырлы таң, жаңа күн!
Қайырлы таң, достарым!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Иә, дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі. Ал, күзде неше ай бар, қазір қай ай?
- Ендеше балалар, барлығымыз көзімізді жұмып, күз мезгілін көз алдымызға елестетейікші.
Тыныштық сәті ( жәй музыка ойналады)
-Күз мезгілі. Таңертең ата-анаңызбен балабақшаға келе жатырсыз.
Айналаға қарасаңыз , ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған, жерде де қызыл- сары жапырақтар төгіліп жатыр. Бір кезде жаңбыр жауып кетеді.
-Ал, балалар көзімізді ашайық, күз мезгілі көз алдарыңа елестеді ме? Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері, ерекшеліктері болады екен.
Алтын күз туралы, оның ерекшеліктері туралы әңгімелеу.
-Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
-Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Балалардың тақпақтарын тыңдау.
Суреттер бойынша әңгіме құрастыру( сұрақ-жауап арқылы)
Ғажайып сәт: - Балалар, біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі?
Есікті қағып «Алтын күз» кіреді.
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Сәлеметсіз бе, балалар бізге «Алтын күз» келіп қалыпты.
-«Алтын күз»: - Балалар, манадан бері сендердің мен туралы айтып жатқан әңгімелеріңді, тақпақтарыңды анадайдан естіп келе жатырмын. Менің сендерге арнаған бір тапсырмам бар.
-Айтындаршы, балалар, неге осы күз мезгілін, алтын күз, берекелі күз, молшылық мезгілі деп атаймыз.
-күз мезгілінде жемістер мен көкөністер, астық піседі.
-Ой, жарайсыңдар, балалар, ендеше, Менің сендерге арнаған бір тапсырмам бар. Ол дидиктикалық ойын: «Жеміс пен көкөністі ажыратып ата»
(жемістер мен көкөністерді көрсетіп, түрін, түсін атау)
Дидактикалық ойын: «Жеміс пен көкөністі ажыратып ата»
- Балалар, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық!
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
-« Алтын күз» сіздің тағы да тапсырмаңыз бар ма балаларға?
« Алтын күз»:- Ия, балалар, сендер енді көкөніс пен жемісті ажыратып, танысыңдар, сол себепті балалар, сіздерге арнаған бір ойыным бар.
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Дидактикалық ойын: «Көкөністер мен жемістерді жина»
Ойынның шарты: араласып кеткен көкөністер мен жемістерді айырып, екі себетке бөліп салу, аттарын атау.
« Алтын күз»:- Өте жақсы балалар, мен сендерге ризамын. Енді мен кетейін. Сабақтарыңды жақсы оқып, тәртіпті болыңдар. Сау болыңыздар!
- Сау болыңыз!
- Балалар, сендерге « Алтын күздің» ойындары мен тапсырмалары ұнады ма?
-Ендеше, балалар, бүгінгі оқу іс – әрекетінене алған білімімізді тексеру үшін, мен сендерді сурет бойынша әңгіме құрауға шақырамын. Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Сабақты қорытындылау, балаларды мадақтау.
|