Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Тіл - ұлт тірегі
[ Скачать с сервера (62.3 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ертеңгіліктер]
22.11.2015, 21:05

Тақырыбы: Тіл – ұлт тірегі.
Тәрбиеші: Құрметті балалар, қонақтар бүгін сіздер тіл апталығына
арналған ертеңгілікке қош келіпсіздер!
Ертеңгілігіміздің мақсаты балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға, туған тілінің құдіретін сезінуге, ана тілін, ұлтын қастерлеуге тәрбиелеу.
Тіл қай ұлтта да, қай елде де қастерлі ұғым, ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Ертеңгілігімізді ән ұраннан бастайық.
Ән ұран: барлық балалардың орындауында.
Тәрбиеші: Балалар,бізге қонақ келіпті.
Қонақ (Германиядан келген):
Гутэн таг! Мен Германиядан келдім! Кешіріңіз мен қазақша
сөйлей алмаймын. Қазақша үйренуге келдім.
Тәрбиеші:Балалар, қонақпен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіз бе?
Тәрбиеші: Сіз бізге өзіңіздің туған жеріңіз туралы айтып беріңізші?
Қонақ: Германия өте әдемі, шағын мемлекет. Бас қала-Берлин
деп аталады.Табиғаты өте әдемі. Мен өзімнің туған жерімді сүйемін.
Тәрбиеші: Рахмет. Сіз қазақ тілін үйреніп жүрсеңіз бізде тіл
апталығына арналған ертеңгілік өтіп жатыр.Қонақ болыңыз!
Біздің балалар Қазақстан туралы сізге айтып береді.
Тәрбиеші: Балалар, біздің отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Тәрбиеші:Біздің елордамыз қалай аталады?
Балалар: Астана.
Тәрбиеші: Балалар, адамға тіл не үшін керек?
(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші:Дұрыс, тіл адамдарға бір-бірімен тілдесуге, сөйлеу
үшін керек. Тіл арқылы адамдар бір- бірімен қарым-қатынаста
болады. Біздің Республикамыз Қазақстанда көп ұлттар турады,
олардың барлығы тату-тәтті өмір сүреді.
Жүргізуші: Балалар қандай ұлттарды білесіңдер?
(Балалардың жауабы.)
Тәрбиеші: Дұрыс, айтасыңдар,балалар. Осы халықтар Қазақстанда
тұрса да өз тілдерінде еркін сөйлесе алады. Бірақ Қазақстан Республикасында тұрғаннан кейін, біздің мемлекеттік тіліміз- қазақ тілі болып есептеледі. Осы тілді біз білуіміз керек, құрметтеуіміз керек.
Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Ал,қазір,балалардың тіл туралы, біздің Отанымыз туралы тақпақтарын тыңдайық.

Қарақат.
Тіліңді үйрен күнде сен,
Ол іс емес жай ғана.
Өз тіліңді білмесең,
Білгішпін деп ойлама.
Зере:
Ана тілің, арың бұл.
Ұяттың боп тұр бетте.
Өзге тілдің, бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте.
Мұса:
Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың бауырың.
Отан - өлкең астанаң
Отан – аудан, ауылың.
Махаббат.
Жанымнан да қымбат,
Ана тілім маған.
Ана сөзін тыңдап,
Үлгі, өнеге алам.
Еркежан:
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
Жаннұр:
Ана тілім-ардағым,
Білмегенің арға мін.
Құстардағы салады,
Өз тілінде таңғы әнін.
Дәуіт:
Өсірген ой – білімді
Сүйем туған тілімді.
Елжас:
Тілің-қымбат қайда да,
Сүйсін тілін әр бала.
Ана тілі жеткізер,
Көк аспанға,ойға да.
Еркежан:
Отан – жерім,
Отан – суым.
Отан қуат, нәр береді
Диярбек:
Ана тілді құрметте,
Жұртын сүйген ұланым.
Асанәлі:
Тілім-бойда тұмарым,
Жарық берер шырағым.
Отан – мәңгі гүлденеді.
Ортаңғы топтың балаларының орындауында.
Ән: «Атамекен »
Қонақ: Маған өте ұнады. Жарайсыңдар балалар! Сендердің өнерлеріңді көрдім, рахмет сендерге.Сау болыңдар,балалар.
(Балалар қонақпен қоштасады)
Тәрбиеші: Балалар, тақтадағы суретке назар аударайықшы.
Бұл күліп тұрған күннің көзі.
-Не жетіспейді?
Балалар: Күннің шуағы жетіспейді.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Олай болса, сұрақтарға жауап беріп,
күннің шуағын толықтырып жапсырайық.
Балалардың жауабы:
1.Тіл не үшін керек?
2. Біздің отанымыз?
3. Елордамыз қалай аталады?
4. Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
5. Біздің ұлтымыз қандай?
6. Біз қай тілде сөйлесеміз?
7. Біз әртүрлі ұлттармен қалай тұрамыз?
Балалар күннің шуағын толықтырады.
Тәрбиеші: Балалар,қараңдаршы, күннің көзі күлімдеп шуағын шашып, нұрланып шыға келді.
Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,
Қасиетті тіліміздің бәрін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар,
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.
«Тіл-ұлт тірегі» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды.

Категория: Балабақшадағы ертеңгіліктер
Просмотров: 20736 | Загрузок: 503 | Рейтинг: 3.2/12
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]