Главная » Файлы » Балабақша |
Жыл басы Наурыз!»
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы ертеңгіліктер] |
31.03.2012, 21:35 |
Жыл басы -Наурыз! Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар. Барысы: І Кіріспе Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Ұлағатты сөздер: «Наурыз құтты болсын!» «Жыл басы- наурыз!» «Наурыз құт әкелсін!» «Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!» Залда әсем әуен ойнап тұрады. Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын! Келе жатыр жылымыз, Мейрамдаймыз мұны біз. Халқы сүйген мейрамды Қарсы алайық Наурызды! (Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады) Наурыз қыз: Наурыз тойы-береке, Наурыз тойы-жыр аңыз. Қызып дулы мереке Қызық думан құрамыз. 1 бала: Қош келіпсің Наурыз! Арман тойы халықтың. Қуанышы халықтың, Құтты болсын қадамың! 2 бала: Би биледік бәріміз! Егін өңін толқытқан, Елдің көңілін шалқытқан. Бас иеміз- Наурыз! 3 бала : Сені тойлап қарсы алып, Бар әлемге жар салып, Сәлем бердік, біз сізге! ІІ. Негізгі бөлім: Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Алтын сақа » ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы- Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз. Көрініс. (Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді) Шал: Шек, шеку , ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым » деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды. Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе? Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын. Мыстан: Сен маған не бересің? Шал: Бір отар қой беремін. Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін. Шал: Жәрәйді, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді , соны ал. Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің? Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар , соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал. - Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады. Мыстан алтын сақаның жанында отырады. ( Бала сақасын іздеп шығады) Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші? Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал. Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Кенжебекті іздеп шығады. Қыздар: Кенжебек, Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз. Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады. Мыстан: Сендерге Кенжебек керек болса , менің шартымды орындаңдар. Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз. Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақтақ айтып беріңдер. (Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады) Мыстан: Жарайсыңдар! Қыздар: Апа ,енді Кенжебекті жібересіз бе? Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер ( Балалар Наурызға арналған ән, билерін ортаға салады) Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой. Қыздар: Енді, жібересіз бе? Мыстан: Жоқ, менің енді айтыс тыңдағым келіп отыр. Ақындарың бар ма? ( Айтыс өнерін көрсетеді) Мыстан: Өй, сендерде ақындарда бар екен ғой. Қыздар: Кенжебекті енді жібересіз бе? Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып) қане ұлдарыңның күшін сынып көрейінші( белінен арқан шешіп береді) Ұлттық ойындар ойналады. Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Кенжебекті жібере алмаймын, менің қарным ашты. (Қыздар жиналып ақылдасады) Қыздыр: Апа, мынау ұялы телефон , мұнымен барлық жермен сөйлесе аласың,өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің. Мыстан: Қане, әенл бері көрейін. Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Кенжебекті алып шығып кетеді. Мыстан: Әй,әй тоқтаңдар.. - Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар аналарды! Тәрбиеші: Мына атпен шауып келе жатқан батыр кім болда екен? ( Тақтақтатып Махамбет келеді) Махамбет: Мына халық не үшін жиналған?Ел басына тағы қандай күн туды деп ат басын бұрып едім. Тәрбиеші: Дұрыс жасағансыз батыр. Бізде Наурыз мерекесі өтіп жатыр. Төрге шығып тойымыздың қадірлі қонағы болыңыз. - Балалар Бұл кісі Махамбет батыр , өзі ақын, ел басына небір ауыр күн туғанда ел қорғаған батыр ағамыз осы кісі. ІІІ. Қорытынды: Тәрбиеші: балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз. Қызыр ата батасын береді. Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын! Дендеріміз сау, мықты болсын! Наурыз тойы келе берсін! Барлық халық бақытты болсын, Қош ,сау болыңыздар, халайық! Көріскенші күн жарық болсын! Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар. | |
Просмотров: 41966 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 1 | ||
| ||