Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін саусақ жаттығулары арқылы дамыту"
[ Скачать с сервера (19.3 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақша ойындары]
18.02.2016, 12:32

Мектеп жасына дейінгі Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін саусақ жаттығулары арқылы дамыту" 

 

«Балалардың ойын әрекеті арқылы  импровизациясын және шығармашылық белсенділігін тәрбиелеу»

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып оның шығармашылық қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл ойдың қалыптасуы мүмкін емес».
(В. А. Сухомлинский).

Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын түрінде қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс - әрекетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай - ақ заман ағымына да белсене қатысады.

Балабақшаларда оқыту – тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс - әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге жаттықтыру.
Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеті. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Адамды өжеттілікке, шапшаңдыққа, ептілікке, батылдыққа, байсалдыққа, тапқырлыққа үйрететін де ойын. Бала үшін ойын өзін - өзі жетілдіру мен өзін - өзі көрсетудің құралы. Баланы ойынға қызықтыра отырып оқу іс - әрекетін ойын түрінде күрделендіре түсу керек.
Ойын баланың ойлау қабілетін жетілдіре отырып, оның қиялын дамытады. Бала жалғыз ойнағанды ұнатпайды, ол қатар құрбыларымен бірлесіп ойнай отырып бір - бірімен қарым қатынас жасайды.
Оқу ісі - әрекетінде қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға бөлінеді.

Ойынның түрлері:
• Ұлттық ойындар
• Сюжетті рольді ойындар
• Педагогикалық ойындар
• Дидактикалық ойын
• Шығармашылық ойын
• Қимылды ойындар

Ойын түрлерінің тәрбиелік мәні зор, ол әрбір адам денесінің дамып жетілуіне пайдасы мол. Ойын үстінде балалардың бойындағы барлық дерлік психологиялық процестері, сезімдері мен эмоциялары, ерік - жігер қасиеттері шыңдалады, мінез - құлық айқындала түседі.

Бала өзіне жаңалық болып сезілген әрқилы нәрселерге еліктегіш келеді. Бала осы қасиетімен өз қабілетімен ерекшеліктерін аңғартады. Баланың жағымсыз мінезінің байқалатыны да осы тұста. Тәрбиеші ойын барысында тілдің дыбыстық мәдениетінің барлық жақтарын жетілдіруге, сұраққа толық жауап беруге, баланы үйретіп отыруы керек.

Үлкендер өзіне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, мектеп жасындағы балалар сабақ үстінде, ал мектеп жасына дейінгі балалар өз психологиясын ойын үстінде байқатады. Балалар ойын арқылы күрделі әрекеттерді, білімді үйренеді және үлкендер де үйретуге тиісті. Ойынның өз мақсаты, жоспары болады. Ойын мен еңбектің бір - біріне ұқсас сипаттары көп, кейбір педагогтар, ғалымдар «Жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, ал жаман ойын - жаман жұмыс сияқты» деген. Баланың қуанышы мен реніші ойын арқылы байқалады.

Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшеліктері: бала ойланады, эмоциялық әрекетке ұшырайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды. Мұның бәрі баланың шығармашылық белсенділігі, қабілеті,импровизациясын мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өздігіндей қуаныш, реніш сезімге бөленеді. Ойын арқылы балалардың сөйлемдерді айту, сөйлем құрай білу, сурет бойынша әңгіме құрап айта білу, сондай - ақ әр баланы сөйлете отырып өз ортамен қарым - қатынасқа түсіп ашылуына себеп болады.
Ойындарда күтілетін нәтижелер:

Ойын - тәрбие құралы, ақыл - ойды, тілді ұштастырады, сөздік қорды молайтады, өзін қоршаған ортаны танып, мейрімділік сезімге тәрбиелейді.
 Еркін мінез – қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.
Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.

Демек, ойын баланы жан - жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы танып түсінуге де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып бір – бірімен жақсы қатынаста болады. Ойын үстінде де бала өз денсаулығын қимыл арқылы нығайтады. Ойынның қандай түрі болмасын атадан балаға яғни ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмір қажеттіліктерінен туады. Психологиялық жақтан денсаулықты нығайтуға негізделген.

Ойын- мектеп жасына дейінгі балалар үшін айналаны танып білу тәсілі Ойын мен ойын әрекеті мазмұнының әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап – ақ маңайындағылармен қарым – қатынас жасауға ұмтылады, қарым – қатынас жасаумен қоғамдық тәжірибені игерудің қуатты құралы – тілді бірте – бірте меңгереді. Бала ересектер өміріне белсене қатысқысы келеді,бірақ бұл ықылас әлі оның мүмкіндіктеріне сәйкес келмейді. Ойында үлкендердің қызметіне еліктеп, өзінің шамасы келмесе де олардың қуанышы мен ренішін түсіне отырып,осындай өзіндік жолмен қоршаған өмірге етене араласады. 

Шығармашыл бала тұлғасын қалыптастыруда ертегіні жандандыру үлкен рол атқарады. Белгілі бір шығарманы оқып, талдағаннан кейін оның мазмұнын ойын, жобалау, эксперименттеу, театрландыру, драмалау арқылы жандандырады. Ертегіні жандандырудың негізгі мақсаты ертегі желісі бойынша кейіпкерлердің өмір сүретін әлеміне ену. Шығарманы кейіптендіру балалардың әдебиетке құмарлығын, артистік шеберлігін, шығармашылық қаблеттерін дамытуға ықпал етеді.  Бала қашанда өзінің ойлағанын, қоршаған ортадан алған әсерлерін тірі бейнеге немесе әрекетке енгізуге тырысады. Бейнеге енуде, бала кез-келген ролде ойнап, көргеніне, қызыққанына еліктеп, содан  эмоционалды рахатқа бөленеді. Тәрбиеші мәтіннің мазмұнын жаттанды айтқызудан сақ болуы керек. Мәтін мазмұнын жатқа айту бір сарындылыққа ұласып, бала қызығушылығын төмендетеді. Сондықтан драмалау әрекетінде импровизация(жанынан шығару) принцпін ұстанған дұрыс. Сонымен драмалау әрекетінде ең маңыздысы- кейіптендіру, образды шығармашылықпен енгізу және іске асыру.

Шығарманы  жандандыру үрдісінде педагог мынадай міндеттерді шешеді:
Балалардың ортақ іске жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
Баланың жаңа ақпаратты пен әрект тәсілдерді меңгеру тәсілдерін жетілдіру;
Баланың ойлауын, мақсатқа жетудегі табандылығын, еңбек сүйгіштігін  қалыптастыру;
Балалардың шығармашылық ізденісін, қызығушылығын, өз идеясын іске асыруға ынталандыру,

Импровизация (лат. improvisus — кенеттен, тұтқиылдан), суырып салмалық – көркем туындыны орындау кезінде өнерпаздың аяқ астынан туындыға өз жанынан жаңалық қосып, оны орындауды жалғастырып әкетуі.

Қорыта келе айтқанда:

Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі іс - әрекеті. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.

Еліміз жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда Үкіметіміз білім беру мекемелеріне Тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына жеткізетін ұл-қыздар тәрбиелеуді талап етуде.

Қоғамда,айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар,қажетті жағдайда соны әрі айырықша шешім қабылдайтын жеке тұлғаның алдында үлкен талаптар қояды.Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу-бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі.

Баланың шығармашылық белсенділігін  дамытатын тәрбиеші өзі шығармашылықпен жұмыс жасауы керек.Ертегілерді сәби жастан бастап айта отыру,халық ауыз әдебиетімен сусындату келешек ұрпақтың ой ұшқырлығына тілінің байлығына сана сезімініңөсіп дамуына көп әсерін тигізеді.

Бір сөзбен айтқанда, ойын баланың жан - жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл - қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым - қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады. Ойын - бала үшін біліктіліктің қайнар көзі. Сондықтан жас өрендер ойнай отырып ойлай білсін.

Категория: Балабақша ойындары
Просмотров: 4301 | Загрузок: 89 | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]