Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

«Алтын балық» (Сахналық қойылым)
[ Скачать с сервера (96.8 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшадағы семинарлар]
24.06.2016, 09:04

«Алтын балық» ертегісі
(Сахналық қойылым)
Балалардың шығармашылығы


1-Тәрбиеші : Өткен күн таң тамаша ертегі ғой,
Айтады ертегі сыр, ертегі ой.
Ертегі айтса еліктіріп балалар,
Қиялға қызықтырып ертеді ғой.
2- Тәрбиеші: Кел онда, ертегіні шертейік біз,
Қауымды мына келген ертейік біз.
"Ертегі еліне" бір саяхаттап,
Келгендерді соңымыздан ертейік біз.
Музыкамен балалар кіреді.

1-бала: Ертегіде халықтың мұң-зары бар,
Орман, тау, өрмелейтін кұздары бар.
Жамандықпен алысып, жауын жеңген
Халқымның ұлдары мен қыздары бар!
2-бала: Театра мир подобен сказке,
Где парики, костюмы, маски...
Столь увлекателен процесс
Попасть из жизни в мир чудес,
3-бала: Жауларымен алысып жекелеген,
Батыр ма ел намысын өтемеген.
Ертегімен халқымыз ертеңіне
Ұрпағын қызықтырып жетелеген.
4-бала: Мир театра – мир идей,
Очарованных людей.
Это мир, в котором люди
Надеждами живут - на чудо.
5-бала: Мыстан: Мен мыстанмын, мыстанмын,
Жақсылыққа дұшпанмын.
Су астынан шыға кеп,
Алақаныннан қысқанмын.
Тісімді жұлып лақтырып,
Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.
Жас емеспін, кәрімін,
Ертегінің сәнімін.
Көркейтуге келгенмін
Ертегілер ауылын.
6-бала: Толағай: Аптап ыстық кең даланы қуартқан,
Егін күйіп, бұлақтарды суалтқан,
Мен Толағай тау көтеріп ел үшін,
Жаңбыр әкеп,Отанымды қуантқам.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге келген қонақтар сендердің әртістік қабілеттеріңді көргілері келеді. Олай болса қонақтарға «Алтын балық» ертегісін сахналап берейк.
Ерте,ерте,ертеде шал мен кемпір болыпты. Бір күні екеуі әнгімелесіп отырғанда, кемпір былай дейді:
Кемпір:Әй шал бүгін менің тәбетім болмай тұр.
Шал: (қалтасынан алып шығып) Кәмпит жейсің бе?
К: Жоқ.
Ш: Мә, онда сағыз шайна.
К: Жоқ, жоқ. Менің балық жегім келіп тұр.
Ш: Оны қайдан аламын?
К: Қайдан, қайдан! Теңіз жағасына бар да аулап ал.
Ш: Жарайды. Болмадың ғой, барып балық аулап әкелейін. (қолына қармақты алып, теңіз қарай, әндетіп, жақсы көңіл-күймен жол алады)
ӘН
«Еду, еду қашықтан...
мен балықшы асыққан,
мөлдір теңіз, достар-ей
Кому балық поскорей
Шал теңіз жағасына келіп, қармағын тастап, жайлана отырады.
Қармаққа балық түседі. Жай балық емес-алтын балық. Ол адам дауысымен шалға жалынады:
-Жіберші мені, ата, мен сенің қалаған тілегіңді орындаймын.
Шал балықты аяп кетеді, де:
Ш: Маған сенен ештеңе керек жоқ, бара ғой –жолын болсын, алтын балық-деп балықты жібере салады.
Би. «Алтын балық»
Шал үйіне келеді.
К: Әй, шал, балық қайда?
Ш: Білесің бе, кемпір, мен бүгін алтын балық ұстап алдым. Ол маған адам дауысымен жалынып, жіберуімді сұрады. Менің қалағанымды орындаймын деді. Бірақ мен оны аяп жібере салдым.
К: Сен миыңнан ауысқансың ба? Үйде жейтін нан қоқымы да жоқ, кір жуатын ләген де тесік. Сен оны білесің бе? Сен бар да балықтан кір жуатын машина сұра.
Шал кетіп алып жөнеледі, ал кемпір соңынан: Автомат-машина, тігін машинка, шансорғыш, тоңазытқыш, компьютер, т.б.)
Шал теңіз жағасына келіп: Алтын балық, алтын балық! Қайдасың?
Алтын балық: Мен мындамын. Не қалайсың, ата?
Ш: Алтын балық, сен мені кешір, үйдегі кемпір болмай мені саған жіберді. Ол, автомат-машина, тігін машинка, шансорғыш, тоңазытқыш, компьютер сұрайды.
А.б: Уайымдама, бәрі де болады. (алтын балық автомат-машина, тігін машинка, шансорғыш, тоңазытқыш, компьютер береді)
Шал қуанып үйіне балық берген заттарды арқалап келеді.
Кемпір кір жуып, тігін машинаны, шансорғышты қолданып, компьютерде ойнап, жалыққан соң, тағы шалына дамыл бермейді:
К: Ә, шал, мында кел. Мен компьютерде әдемі Түрік елін көрдім. Туркияда түрік ханшайымы болғым келеді.
Ш:Енді маған не қыл дейсің?
К: Бар, алтын балықтан мені түрік ханшайымы қылсын деп сұра.
Ш: Ұят емес пе, қайта-қайта мазалауға.
К: Бар дегенде бар.
Шал басын салбыратып, тағы теңіз жағасына барады.
Ш: Алтын балық, алтын балық!
А.Б: Не болды? Мен тыңдап тұрмын.
Ш:Менің кемпірім түрік ханшайымы болғысы келеді.
А.Б: Бара бер, тілегің орындалады
Шал қуанып үйіне барады.
Би. «Түрік биі»
Күндер өткен соң, көңілсіз, ашуланған, шаршаған кемпір үйіне оралады.
Ш: Тағы не ұнамады?
К: Мүлік бар, машина бар. Бірақ мен қартайып, бір аяғыммен ол дүниеде тұрғандаймын. Сондықтан сен қазір барасың да, алтын балықтан жасартатын крем сұрайсың.
Ш: Жоқ, бармаймын. Алтын балық алдында әбден ұятқа батырдың мені.
К: Сен не? Түсінбейсің бе? Жасарғым келеді.
Шал амалсыз алтын балыққа барады.
Ш: Алтын балық, алтын балық!
А.Б: Не керек? Айта бер.
Ш:Әлгі кемпір мені тіпті үйден қуып шықты. Ол енді жасартатын крем сұрап жатыр.
А.Б: Жақсы. Тілегенің орындалады. (крем ұстатады)
Шал рақметін айтып, үйіне қарай жөнеледі.
Кемпір кремді қуана алып, айнаға қарап бетіне жаға бастайды. Үстіндегі киімді шешкенде, жап-жас болып шығады. Шал оған қарап, ол да жағып жасарады. Екеуі бірге қосылып би билейді.
Флешмоб.

Тәрбиеші: Осымен балалардың шығармашылығымен ұйымдастырылған «Алтын балық» ертегісін қорытындылаймыз.

Категория: Балабақшадағы семинарлар
Просмотров: 12565 | Загрузок: 177 | Рейтинг: 2.8/12
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]