Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Бала денсаулығын жаз уақытында сауықтыру шаралары
[ Скачать с сервера (84.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшаға арналған жумыстар]
31.05.2019, 14:05
Кентау қаласы.
«Ер Төстік» балабақшасының әдіскері
Бейсембаева Райхан Кенжебаевна

« Бала денсаулығын жаз уақытында сауықтыру шаралары»
Мектепке дейінгі ұйымның алдында тұрған жауапты міндет- күрделі, өмірден өз орынын таба білетін дені сау, мәдениетті,шығармашылық жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сауықтыру жұмыстарын жүйелі өткізу:
- әрбір бүлдіршіннің қабілетін ашуға қажетті жағдай жасау;
- бала өмірін қызықты және мазмұнды ету;
- құрдастармен және ересектермен қарым –қатынас жұмыс жасауға үйрету;
- дене және психикалық денсаулығығын нығайту;
- қажетті іс - әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;
- валеологиялық білімін іс-тәжірибеде өздігінен іске асыра және спорттың әртүрлі түрлерімен айналыса білуге мүмкіндік береді.
Жаз кезінде балалардың ағзасын сауықтыруға,эмоциалық, жеке тұлғалық, танымдық тұрғыда дамытуға септігін тигізетін жағдай жасау үшін ересектердің (балабақша қызметкерлері мен ата-аналардың) күшін жұмылдыру,біріктіру.
Жазғы кезде балалардың таза ауада болу уақыты ұзарады, оқу сабақтарының саны қысқарады,сабақтар ашық ауда өткізіледі.Сондықтан да балалардың жыл бойғы алған білімін ,біліктілік дағдыларын ,қабілеттерін көрсетуге еркіндік беріледі.
Сауықтыру-шынықтыру уақытында сабақтастық сақталады. Жоспарлы жұмыс құру үлкен жетістікке , нәтижеге ие болады.

Сауықтыру-шынықтыру жұмыстарының мақсаты:
- балалардың денсаулығын сақтау әрі нығайту,гигиеналық және дене шынықтыру мәдениеті негіздерін,денсаулыққа маңызды өмірлік құндылықтарды қалыптастыру.
Міндеттері:
- балалар өмірі мен тұлға қауіпсіздігінің сақталуына жағдай жасау, түрлі аурулардың алдын –алу,жарақаттануды болдырмау;
- сауықтыру,шынықтыру шараларын ұйымдастыруды жүйелі жүзеге асыру;
- әлеуметтік –мәдени сәйкестену мен төзімділігін тәрбиелейтін орта қалыптастыру;
- балалардың қызығушылығын аттыру,балабақшадағы бала өміріне ұмытылмас қуаныш сыйлау.
Күтілетін нәтижелер және оларды бағалау
Медициналық көрсеткіштер өз қызметіне баға беру;
Іс-шаралар саны және әрбір іс-шараның тиімділігі;
Балалардың белсенділігі мен қызығушылығы;
Мамандардың кәсіпқойлығы;
Сауықтыру жағдайлары
Өз денсаулығын сақтау және нығайту құзыреттілігінің болуы;
Массаждар мен жаттығулардың сапасы;
Нәтижелерді бақылау;
-Балалардың денсаулығына медициналық тексеру жүргізу;
- Балалардың психологиялық денсаулығын:белсенділігін,көңіл-күйін бақылау;
- Мамандардың:педагогтердің,медбикенің,әдіскердің өзара пікір алмасу
Категория: Балабақшаға арналған жумыстар | Добавил: bejsembaevarajhan
Просмотров: 877 | Загрузок: 19 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]